A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі -2014» байқауының қорытындысы туралы

«Жылдың үздік мұғалімі -2014» облыстық байқау білім басқармасы және облыс әкімінің қолдауымен Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектеп базасында 2014 жылғы 25-26 қыркүйек күндері өткізілді. Облыстық кезеңге аудандық кезеңнің жеңімпаздары ішінен 25 мұғалім қатысты. Байқау сынақтарының нәтижесі бойынша қазылар алқасы І, ІІ, ІІІ орындар және 4 номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады. Байқау қорытындысы бойынша: І орын – Қапшағай қаласы орта мектеп гимназиясының химия пәнінің мұғалімі Құлжанова Гүлнар Нусіпбайқызы; ІІ орын - Панфилов ауданы Луначарский атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бердіғұлова Маржан Жұмабайқызы; ІІІ орын – Талдықоған қ.аласы №20 үш тілде оқытатын ДБААЛ физика пәнінің мұғалімі Титова Кристина Владимировна; «Шебер мұғалім» номинациясы бойынша Қарасай ауданы Алтын ауыл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шулбаева Қаламқас Байдуллақызы; «Ізд...
Толығырақ... Оқылды: 1783 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.09.2014

«Жылдың үздік мұғалімі - 2014» байқауы

2014 жылдың 25-26 қыркүйек аралығындаТалдықорған қаласы физика – математикалық бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі базасында «Жылдың үздік мұғалімі - 2014» байқауы өтеді. «Жылдың үздік мұғалімі - 2014» байқауын Алматы облысының білім басқармасы облыс Әкімінің қолдауымен ұйымдастырып, өткізеді. Байқау ІV кезеңнен тұрады, оған облыстың білім беру мекемелерінен 25 мұғалім қатысады. Байқау ережесі
Толығырақ... Оқылды: 1508 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.09.2014

«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында ата-аналар конференциясы

2014 жылдың 14 қыркүйегініндегі Отбасы күніне орай Талдықорған қаласының 9 мектебінде облыстық білім басқармасы, Талдықорған қалалақ білім бөлімі, Отбасылық Тәрбиелеу Институтының бастамасымен «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында ата-аналар конференциясы өткізілді. Конференцияға «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы, Отбасылық Тәрбиелеу Институты, облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі, ата-аналар қауымдастығы, мектеп мұғалімдері, БАҚ өкілдері қатысты. Ата-аналар конференциясының міндеті: отбасы мен мектеп ынтымақтастығының берік іргетасын қалау. Мектепте білім алу кезінде балаға ата-аналар тарапынан психологиялық қолдау көрсету маңызды, әрі салмақты мәселе. Мектептегі оқыту процесіне бірінші сынып оқушылары да, олардың ата-аналары да дайын болуы керек. Ата-ананың басты міндеті баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру және дамыту, оның бойына жаңа білім, дағды мен шеберлікті дарыту. Баланың өзін өзі ұстай...
Толығырақ... Оқылды: 1826 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.09.2014

«Қазынашылық-клиент» АЖ-нің әдістемелік ұсынымдары

Алматы облысының білім басқармасы бағынысты ұйымдар Қазақстан Республикасының Пайдаланушылардың «Қазынашылық-клиент» жүйесімен және Ұлттық куәландырушы орталығымен өзара іс-қимыл жасау әдістемелік ұстанымдарымен танысып, электрондық-сандық қолтаңбаны қолдану керектігін хабарлайды. Жүктеу
Толығырақ... Оқылды: 1779 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.09.2014

НЗМ-ң бейінді пәндер бойынша онлайн сабақтары және «Критериалдық бағалау жүйесі» бойынша семинарлары

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» 2014 жылдыңқыркүйек айынан бастап бейінді пәндер бойынша онлайн сабақтар және «Критериалдық бағалау жүйесі» бойынша онлайн семинарлар өткізеді. «Критериалдық бағалау жүйесі» бойынша онлайн семинарларды өткізу кестесі: Жүктеу Онлайн сабақтарды өткізу кестесі:Жүктеу
Толығырақ... Оқылды: 1525 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.09.2014

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ

2014 жылғы 24 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті «Қазақстанда балалар құқығын қорғау: жетістіктер, проблемалар мен перспективалар» республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Скачать
Толығырақ... Оқылды: 1480 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.09.2014

Электрондық оқыту ақпараттық жүйесінде пайдаланушылардың жұмыс жасау регламенті

Регламент электрондық оқытуды енгізу жобасына қатысатын, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында электрондық оқыту ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды сипаттауға және іске асыруға арналған. Жүктеу
Толығырақ... Оқылды: 1352 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.09.2014

Алматы облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі өтті

2014 жылдың 20 тамызында «Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбында облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті.Кеңеске Алматы облысының әкімі А.Г.Баталов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының директоры Б. Қ. Игенбаева және аудан әкімдері мен облыстық мекемелердің басшылары, аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен мектеп директорлары, педагог қызметкерлер мен ата-аналар, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Пленарлық мәжілісте облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Т.Омарова білім берудің инновациялық стратегиясының облыс бойынша жүзеге асырылуы жөнінде негізгі баяндама жасады.Пленарлық мәжілісті облыс әкімі А.Г.Баталов қорытындылап, облысымыздың үздік педагогтарын марапаттады. Секциялық отырыс жұмысы Талдықорған қаласы №9 ОМ және Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 ОМЛ...
Толығырақ... Оқылды: 1846 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.08.2014

«Кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық, бопсалау және суицидтің жағдайлардың алдын алу» тақ

2014 жылдың 04 шілдесінде Райымбек ауданы, Кеген ауылы, Ө.Жаңабаев атындағы орта мектептің акт залында «Кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық, бопсалау және суицидтің жағдайлардың алдын алу» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинар жұмысына мектеп директорлары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар, ата-аналар, мемлекеттік органдар, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында облыстық білім басқармасының тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы А.Үшкемпірованың «2013-2014 жылдары кәмелетке толмағандар арасында орын алған суицидтік жағдайларды талдау», ІІД ювеналдық полиция бөлімшесінің басшысы, полиция подполковнигі Ғ. Құджақовтың «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстыңалдын алу шаралары», І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің аға оқытушысы К. Ахмадиеваның «Суицидтын алдын алу барысында жасөспірімдермен жүргізілетін психологиялық жұмыстардың түрлері» т...
Толығырақ... Оқылды: 1962 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.07.2014

Облыстық байқау: «Үздік сынып жетекшісі-2014»

Ұйымдастырушы: Алматы облысының білім басқармасы Өткізілген мерзімі: 2014 ж. 12 маусым Қатысушылар: 19 үздік деп танылған сынып жетекшілері, аудан, қала байкауларының жеңімпаздары. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің беделін арттырып, жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру сонымен қатар шығармашылықпен айналысатын жаңашыл сынып жетекшілерді анықтау мақсатында облыстық білім басқармасы жыл сайын дәстүрлі «Үздік сынып жетекшісі-2014» байқауын өткізуде. Байқау 2 кезеңнен тұрды: Байқаудың 1 - кезеңі сырттай өткізіледі. Сырттай кезең сынып жетекшісінің портфолиосы мен «Мен және менің сыныбым» тақырыбындағы видеофильм құжаттарын зерделеу арқылы жүзеге асырылады. Байқаудың 2 – кезеңі 4 тапсырма бойынша өтті: 1.Таныстыру кезеңі; 2.Мен-сынып жетекшісімін» шығармашылық тұсаукесері (презентациясы); 3. «Тәрбие туралы монолог» импровизациялық сайысы; 4. «Шеб...
Толығырақ... Оқылды: 1875 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.07.2014
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.