A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

22.11.2018
22.11.2018
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Наурыз мейрамы құтты болсын!!!

Жер-дүниені жаңартып, көктемде ерте келетін Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі құтты болсын! Сіздердің жанұяларыңызға шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, игілік және алдағы жұмыстарыңызға тек шығармашылық табыс тілейміз.
Толығырақ... Оқылды: 1152 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.03.2016

Республикалық жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өткізілген республикалық М. Мақатаев оқулары өтті

2016 жылдың 11-12 наурыз күндерінде Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында республикалық Мұқағали оқулары өтті. Аталған іс- шараға республикамыздың 11 облысынан және Алматы, Астана қалаларынан барлығы 28 үміткер қатысты. Республикалық Макатаев оқуларына 7 жүлделі орын: Бір – бас жүлде , бір - I орын , екі – II орын , үш – ІII орын белгіленді, сонымен қатар, арнайы жүлделер тағайындалды. Республикалық оқулардың жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен, ынталандыру грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. ІІІ орынды Еркін Жантас (Алматы қаласы, Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп- интернаты, 10 сынып), Карибаев Айсұлтан (Қарағанды облысы,Саттаров атындағы №57 орта мектеп, 11 сынып), Сүндетбаева Әдемі (Алматы облысы, Талдықорған қаласы №9 орта мектеп,7 сынып) иеленді. ІІ орынға Мәсек Назерке...
Толығырақ... Оқылды: 770 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.03.2016

«Айналайын» балалар үйінде «Ана –бақыт, Ана-жыр!», «Айналайын, Анашым!» атты шаралар ұйымдастырылды

2016 жылдың 5-8 наурыз күндері «Айналайын» балалар үйінде «Ана –бақыт, Ана-жыр!», «Айналайын, Анашым!» шаралар ұйымдастырылды және Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің өнер және мәдениет факультетінің деканы А.Толамысов, гуманитарлық факультеті деканының оқу-тәрбие жұмысының орынбасары Тілегенова Г., шет тілі және аудармашы кафедраның аға оқытушысы Омарқызы А. балалар үйінің қыздарын мерекемен құттықтап, сыйлықтарын табыстады.
Толығырақ... Оқылды: 515 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 10.03.2016

Құрметті ханымдар!!!

Сіздерді көктемнің алғашқы гүл мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Көктеріңізден күн кетпесін, құшақтарыңыздан гүл кетпесін, өмірлеріңізден күлкі кетпесін. Құт болып әрбір үйден табылып, шуақ боп әрбір үйге жағыла беріңіздер. Көктемнің шуақты күндеріндей жүздеріңізден қуаныш пен мейірім шапағын шашып, әр адамның жанына шипа бола берсін. Бақыт пен денсаулық тілейміз!
Толығырақ... Оқылды: 779 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.03.2016

«Жыр алыбы - Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы

Жас ұрпақты жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу және ауыз әдебиетінің қайнар көзі – айтыс өнерінің дамуына ұйытқы болу, жас ақындардың бойларындағы табиғи дарынын дамыту мақсатында 25-26 ақпан күндері Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты жас ақындар айтысы болып өтті. Республикалық айтыста 7 жүлделі орын: Бір – бас жүлде , бір - I орын , екі – II орын , үш – ІII орын белгіленді. Сонымен қатар, арнайы Ү.Кәрібаев, Е.Жақыпов, Е.Кәндеков, Кенен Әзірбаев атындағы жүлделер тағайындалды. Республикалық айтыстың жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен, ынталандыру грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жыр сайысында 26 (13 жұп) жас ақындар өз өнерлерін ортаға салды. III орындарды – Мақсатбек Бауыржан ( Алматы облысы, Талдықорған қаласы, «Өнер» мектебі 9-сынып); Сәбитқызы Шапағат ( Ж...
Толығырақ... Оқылды: 740 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.02.2016

«Жыр алыбы- Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысы туралы

2016 жылғы 25-26 ақпан күндері Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Мәдениет үйінде жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында «Жыр алыбы- Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы өтеді. Әр облыстан суырып салма ақындық дарыны бар балалар шақырылады (1 бала). «Жыр алыбы- Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысына оқушылардың келетін күні 24 ақпан, қайту күні- 26 ақпан.
Толығырақ... Оқылды: 869 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.02.2016

Республикалық М.Мақатаев оқулары

Алматы облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 11-12 наурыз аралығында Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз ауылында республикалық М.Мақатаев оқулары өтеді. (Қатысушыларды 2016 жылғы 10 наурыз күні Алматы қаласындағы «Саяхат» автобекетінде сағат 12.00 дейін автобус күтеді). Республикалық жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткізілетін М. Мақатаев оқуларының міндеттері мен мақсаттары: республиканың жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында М. Мақатаевтың шығармаларын насихаттау; республикалық жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау; оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. 2. Мүшәйраның шарттары «Менің пірім - Мұқағали» айдарында – оқушы Мұқағалидың бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқиды, жүріс-тұры...
Толығырақ... Оқылды: 910 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.02.2016

«Қазақ тілі» пәнінің қазақ тілінен басқа тілде оқытатын жалпы білім беру ұйымдарының 1-11 сыныптарын

«Қазақ тілі» пәнінің қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептердің 1-11 сыныптарына арналған деңгейлік оқулықтарын апробациядан өткізіп жатқан Панфилов ауданы Жамбыл атындағы орта мектепте 2016 жылдың 8 ақпанында оқулық авторының бірі, педагогика ғылымдарының докторы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Р. Рахметованың қатысуымен семинар өтті. Аталған іс- шараға Еңбекшіқазақ ауданы В. Терешкова атындағы орта мектептің және аудандағы орыс тілінде білім беретін сыныптарда жұмыс жасайтын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері шақырылды. 2015 жылғы 3 қыркүйек күні Есік қаласындағы В.Терешкова атындағы орта мектеп базасында өткен семинарда оқулық авторлары Р.С.Рахметова және Ж.Ш.Саметова ұстаздарға оқулықтың құрылымы мен жүргізілетін жұмыс түрлері туралы мағлұмат берген болса, ал аталған семинарда 1-11 сынып аралығында мұғалімдердің сабақтарына қатысып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың куәсі болды. Семинар соңында ұстаздар қауымы автормен сұхбаттасып, оқулық...
Толығырақ... Оқылды: 1036 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.02.2016

Облыстық семинар

Талдықорған қаласындағы инновациябағытында жұмыс жасайтын №8 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы базасында «Монтессори жүйесі арқылы баланы жан-жақты дамыту» тақырыбында өткен облыстық семинар туралы 2016 жылы 29 қаңтарында облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, Талдықорған қаласындағы инновация бағытында жұмыс жасайтын №8 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы базасында «М.Монтессори жүйесі арқылы баланы жан-жақты дамыту» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, сенсорлық, шығармашылық қабілеттерін М.Монтессори жүйесі арқылы дамытуда педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында өткен облыстық семинардың жұмысына қала және аудандардан 92 мектепке дейінгі ұйымдарының (балабақшалар мен шағын-орталықтар) педагогтері қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 853 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 10.02.2016

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бәсекеге қабілетті білім беруді мемлекеттің негізгі стратегиялық міндеттері қатарына қойғаны белгілі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 565 бұйрығына сәйкес 2016 жылдың 10-11 қаңтар аралығында Талдықорған қаласының № 9 орта мектеп базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың негізгі мақсаты – облысымыздағы дарынды балалардың ерекше қабілеттерін айқындау,жеке тулғаның өз бетінше дамуына ықпал ету және республикалық олимпиадаға қатысу үшін балаларды іріктеуден өткізу. Биылғы жылы облыс бойынша 922 оқушы қатысып 15 пән бойынша теориялық білімі мен практикалық іскерлігін сынады. Оқушылардың білімдерін тексеріп, әділ баға беруге әл-Фараби атындағы Қаз-ҰУ-нің қазақ тілі мен әдебиет, география, биология-биотехнология, химия, физика, тарих және заң факультеттерінің ғылым докторларымен профессор...
Толығырақ... Оқылды: 1109 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.01.2016
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.