A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

17.07.2019
09.04.2019
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз !

Құрметті әріптестер Сіздерді қасиетті де ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!
Толығырақ... Оқылды: 88 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 08.05.2019

Республикалық «Мектеп лигасы» Талдықорған қаласы

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 01 - 08 мамыр аралығында Талдықорған қаласында Волейболдан 5-6 сынып оқушылар ұлдар, қыздар арасында «Шұбар доп» республикалық «Ұлттық мектеп лига» жарысы өз мәресіне жетті. Жарысқа облыстардан 18 команда: Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Манғыстау, Атырау, Жамбыл, Алматы облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған қалалары, Алматы облысынаң Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Жамбыл аудандарының оқушылары қатысты. Жалпы командалық есепте қыздар арасында 1-орын иегері Талдықорған қаласының №15 орта мектебінің командасы, 2-орын Алматы қаласы, 3-орын Жамбыл облысы марапатталды. Ұлдар арасында 1-орын Шығыс Қазақстан облысы, 2-орын Алматы қаласы Жамбыл ауданы, 3-орын Маңғыстау облысы иеленді. Жалпы 216 оқушы қамтылды.
Толығырақ... Оқылды: 99 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 08.05.2019

Ұлы Отан соғысының ардагері

Ұлы Отан соғысының ардагері, 95 жасының төріне шыққан Қаңтарбай Сәрсенбай атамыз еліне сіңірген еңбегі елеулі, абыройы асқақ ақсақал. 1924 жылы Көксу ауданы Балпық би кентінде дүниеге келген. Сәрсенбай ақсақалымыз бейбіт өмірде Панфилов педагогикалық училищесін бітіріп, Талапты, Алғабас жеті жылдық мектептерінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Быжы ауылдық Кеңесінде он жыл хатшы, есепші болып қызмет атқарған. Пошта және байланыс бөлімшесінің меңгерушісінің оқуын тәмамдап осы лауазымда 15 жыл қызмет етіп, 1980 жылы зейнеткерлікке шыққан. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін «Ерлігі үшін» медалімен, I-II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Еңбек ардагері», «Астананың 10 жылдығы» медалімен, Ұлы Отан соғысының 60 жылдық мерейтойында Көксу ауданың «Құрметті азаматы» атағына ие болды және көптеген медалдарімен марапатталды. Сәрсенбай атамызды Алматы облыстық білім басқармасының атынан басқарма басшысының орынбасары Исағұлова Гулсара...
Толығырақ... Оқылды: 94 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 08.05.2019

Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың облыстық жарысы

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 4-5 мамыр аралығында Оқушылар сарайы негізінде Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың облыстық жарысы жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 80 (11-17 жастағы) білім алушылары қатысты. Жарсы оқушылардың интеллектуалдық және техникалық шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілді. Жарыстың қорытындысы бойынша 7 номинациядан орын алғандар: 1. Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру номинациясы: 3 орын – Қаратал ауданы, С.И.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясының оқушысы Мартыненко Дмитрий, 2 орын – Қаратал ауданы, С.И.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясының оқушысы Иванов Ростислав, 1 орын – Талғар ауданы жас техниктер станциясының жеткіншегі Жакулла Ернур Дулатұлы; 2. Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру номинация: 3 орын – Талғар ауда...
Толығырақ... Оқылды: 135 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.05.2019

Жазғы лагер

Құрметті ұстаздар, жазғы сауықтыру лагерлерінің басшылары, тәрбиешілер, білімгерлер, ата-аналар! Сіздерді, жазғы кезеңде балаларыңыздың, іні-қарындастарыңыздың демалысын қызықты әрі пайдалы өтуіне ат салысуға шақырамыз!!!
Толығырақ... Оқылды: 121 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.05.2019

«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда тәлімгерлердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында облыстық аймақтық семинар

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы «2016-2019 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың жазғы сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» №36-ө өкімі мен Алматы облысы әкімінің 2019 жылдың 26 сәуірдегі №51-р о/д өкімін іске асыру мақсатында Алматы облысы білім басқармасы аудан, қалаларда «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда тәлімгерлердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында облыстық аймақтық семинар 3-мамыр күні Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле, Балқаш, Қапшағай қаласы - Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы №24 лицей базасында, 4-мамыр күні Қарасай, Жамбыл, Кербұлақ аудандары-Қарасай ауданы Алтын ауыл орта мектебі базасында өткізілді.
Толығырақ... Оқылды: 137 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.05.2019

«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2019 жылдың 30 сәуір – 07 мамыр аралығында білім алушылардың хореографиялық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу мен одан әрі дамытуда жүйелі және мақсатты қызмет, рухани, моральдық және мәдени құндылықтармен таныстыру мақсатында Ақтөбе қаласында «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауын өткізді. Аталған байқауға Талдықорған қаласы, Оқушылар сарайының «Солнышко» бишілер тобы қатысып жүлделі екінші орынды иеленді. Қатсыушылармен жетекшісі алғыс хаттармен марапатталды.
Толығырақ... Оқылды: 118 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.05.2019

Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері

Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері Толығырақ
Толығырақ... Оқылды: 107 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.05.2019

Олимпиада есептерін шығару әдістері

Алматы облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2019 жылдың 4 мамырында Қапшағай қаласындағы №5 орта мектеп базасында “Арифметикалық логика” жобасын іске асыру, математика пәнінен стандартты емес, қиындығы жоғары деңгейдегі есептерді шығару, математикалық сауаттылықты дамытуда пән мұғалімдерінің құзыреттілік тәсілдемесін жетілдіру мақсатында «Олимпиада есептерін шығару әдістері» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті. Республикалық «Математикалық регата» байқауының жеңімпаздары Г.Оразәлі күрделі теңдеулерді шешу, Қ.Әділғазы математикалық теңсіздіктерді дәлелдеу және А.Тоғанбай олимпиаданың геометриялық есептерін шешу жолдары бойынша тәжірибелерін ортаға салды. Іс шара «Математика марафоны» күрделі есептерді шығару сайысымен ұласты. Шебер-класқа қатысқан облыс ұстаздары логикалық есептер мен математикалық сауаттылыққа негізделген күрделі есептерді шешудің жолдары бойынша әдістемелік қоржындарын толтырып қайтты. Шебер-класқа 44...
Толығырақ... Оқылды: 70 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.05.2019

«Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» тақырыбында аймақтық конференция

2019 жылдың 30 сәуірінде Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Талдықорған қаласындағы «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен қызметтестік жұмыс жоспары негізінде Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы орта мектеп базасында мектеп мұғалімдерінің сабақты зерттеу арқылы оқыту және оқу тәжірибелерін жетілдіру мақсатында «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» тақырыбында аймақтық конференция өткізді. Пленарлық мәжілісте облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ж.Бегалиев, Талдықорған қаласындағы «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері Г.Қазығұлова, А.Кенжебаев, Н.Мұратбаева сабақты зерттеу бойынша өз ойларымен бөлісіп, тәжірибе алаңында педагогтардың зерттеу жұмыстарына кері байланыс берді. Конференцияға Іле, Қарасай, Жамбыл, Талғар аудандарынан 80-ге жуық педагог мамандар қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 71 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.05.2019
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.