A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

«Үздік ауыл мектебі -2014» байқауының нәтижесі

Алматы облысы әкімінің қолдауымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Үздік ауыл мектебі» байқауы 2014 жылғы 25 сәуірде Талдықорған қаласындағы №25 орта мектеп базасында өтті. Байқаудың мақсаты Ауылдық білім беру мекемелерінде жалпы орта білім беруді жетілдіру және дамыту; - Келешекте кәсіби және шығармашылықпен жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектептерді айқындау, олардың озат тәжірибесін насихаттау және тарату; - Ауыл мектептері мен өзгеше ерекшеліктері бар шағын жинақталған мектептерде оқу-тәрбие үрдісін неғұрлым жоғары деңгейде дамыту және қамтамасыз ету; - Балалардың үйлесімді дамуында педагогикалық қағидаларды іске асыру; - Мектеп жұмысын ұйымдастыруда жаңашыл тың идеялар мен технологияларды іздеу; - Балалармен жұмыс жүргізудегі педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту. Байқау нәтижесінде I орынды Жамбыл ауданы Ынтымақ орта мектебі, II орынды Сарқан ауданы, Новопокровка орта мектебі, III орынды Талғар ауданындағы № 19 орта мектеп...
Толығырақ... Оқылды: 1928 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.05.2014

Махамбет оқулары

Облыстық жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өткен Республикалық V Махамбет оқуларына іріктеу жарысы туралы 2014 жылдың 25 сәуірінде Талдықорған қаласындағы Б.Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп-гимназия базасында Республикалық V Махамбет оқуларына іріктеу жарысы өтті. Аудандар мен қалалардан 3 номинация бойынша 57 оқушы қатысты. Облыстық V Махамбет оқуларына ақын, республикалық «Ел-назар» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ерғазы Манап, облыстық білім басқармасының бас маманы Гүлсара Исағұлова, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Гүлбақыт Қасенова, белгілі сазгер, Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің директоры Әділхан Адырбаев, облыстық әдістемелік кабинеттің әдіскері Ұлбосын Аязбаева, Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің «Қазақ халық аспаптары» бөлімінің меңгерушісі Ғайниса Нұрсейітова, облыстық «Жетісу» г...
Толығырақ... Оқылды: 2148 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.05.2014

Педагогикалық оқу – білім арттырудың бір жолы

25 сәуір күні Алматы облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін көтеру, оқушылар мен жастарды тәрбиелеу мен оқытудағы озық инновациялық педагогикалық тәжірибелерді жинақтап, тарату мақсатында Талдықорған қаласы № 15 мектеп базасында «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – білім сапасын көтерудің факторы» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқу өтті. Оқу гуманитарлық, жаратылыстану, қосымша білім беру бағытындағы пәндер мен жалпы педагогика және инновациялық қызмет бойынша 4 бағытта ұйымдастырылды. Пленарлық бөлімде облыстық әдістемелік кабинеті меңгерушісінің орынбасары Ғ.Мұхметова, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің профессорлары п.ғ.д. Н.Абишев пен Р.Дүйсенбинова, Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Р.Абишева мен Ақсу ауданы Мамания мектебінің директоры Р.Ибраимовалар заманауи оқытудың өзекті мәселелері бойынша баяндама жасады. Секциялық 2-бөлімде қатысушылардың...
Толығырақ... Оқылды: 1366 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.05.2014

«Таң Шолпан» облыстық байқауы өткізілді

2014 жылдың 29 сәуірінде Талдықорған қаласындағы №19 кәсіптік- лицей негізінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиенушілері арасында «Таң Шолпан» облыстық байқауы өткізілді. Шараның мақсаты - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілерді неғұрлым қабілетті және кәсіби тұрғыда мол үміт күттіретін балаларды анықтау, оларды қолдау және марапаттау; аталмыш санаттағы балалардың шығармашылығын дамыту мәселесіне кең көлемде қоғамның назарын аудару. Байқауға №1 облыстық, «Айналайын», Үштөбе балалар үйінің 29 тәрбиеленушісі қатысты. Байқау жеке-вокалды орындаушылар, вокалды ансамбль, дуэттер, трио, квартеттер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары хорларының қатысуымен өткізілді. Жеңімпаздарға білім басқармасы тарапынан жүлделі 1, 2, 3 орындар, Алғыс хаттар және сы...
Толығырақ... Оқылды: 1257 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.04.2014

«Үздік дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі - 2014» облыстық байқауы

Алматы облысының дене тәрбиесі өңірлік оқу–тәжірибелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес сәуір айының 07–16 күндері аралығында «Үздік дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі - 2014» атты облыстық байқау өтті. Байқауға 3 қала және 16 ауданнан барлығы 19 үміткер қатысты. Байқау 3 – кезенді құрады: 1. Потфолио 7-8 сәуір аралығында электронды және қағаз жүзінде тапсырылды. Атап өтетін портфолиолар: Марденов Ж.С.(Көксу ауданы) Молдахметов М.Ж. (Саркан ауданы), Болысбаев Б.Б. (Қапшағай қаласы), Ботаев А.Ө. (Іле ауданы), Тельтаев С.С. (Текелі қаласы). 2. Ашық сабақтар 14-15 сәуір аралығында, мұғалімдердің өзін-өзі таныстыруы № 25 орта мектебінің негізінде өтті. Ерекше танылған сабақтар: Байсерикова Н. С. (Ақсу ауданы), Чалмаксимов Н.Ш. (Қарасай ауданы), Марденов Ж.С. (Көксу ауданы), Биримбаев Қ.Т. (Еңбекшіқазақ ауданы). Ерекше танылған өзін-өзі таныстырулар:Марденов Ж.С. (Көксу ауданы), Байсерикова Н.С. (Ақсу ауданы), Тельтаев С.С. (Текелі қаласы)....
Толығырақ... Оқылды: 1898 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.04.2014

Облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері тарапынан ұйымдастырылған іс-шаралар бойынша ақпарат...

1. Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 19 наурызда Кербұлақ ауданында «Білім берудің инновациялық әдіс-тәсілдері арқылы қоғамдық пәндерді оқытудың сапасын арттыру» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді. Семинарға Балқаш, Кербұлақ, Көксу аудандарының тарих, құқық және дінтану пәндерінің мұғалімдеріқатысып, тәжірибе алмасты. Семинарға барлығы 67 мұғалім қатысты. 2. 19 наурыз 2014 жылы Алматы қаласы №15 мектеп-интернат базасында «12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізіліп,132 мұғалім қатысты. Семинар барысында «Функционалдық сауаттылық пен жеке тұлғаның негізгі құзыреттілігі - білім сапасының көрсеткіші» тақырыбында дөңгелек үстел, сондай-ақ, қатысушылар арасында әдістемелік кабинет меңгерушісінің ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Г.А.Букееваның ұйымдастыруымен «Оқыту арқылы – өмірге үйрету»...
Толығырақ... Оқылды: 1503 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 31.03.2014

Облыстық әдістемелік кабинет тарапынан ұйымдастырылған іс-шаралар бойынша ақпарат

Алматы облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 26 ақпанында Талдықорған қаласы, Талдықорған агро-техникалық колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері оқытушыларының педагогикалық шеберлігін көтеру, іс-тәжірибе алмасу, инновациялық педагогикалық тәжірибелерді жинақтап тарату мақсатында «Техникалық және кәсіптік оқытудың дамуы: тәжірибе, проблемалар, перспективалар» тақырыбында педагогикалық оқу өткізілді. Педагогикалық оқу 5 секция бойынша жүргізіліп, оқуға облыстың 70 колледжінен 80 баяндамашы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Талдықорған политехникалық колледжі базасында 2014 жылдың 4 наурызында ХХІІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция 13 секция бойынша жүргізіліп, 175 оқушы мен студенттер қатысты. Қатысушылар 91 жүлделі орын мен 84 ынталандыру мадақтамасымен марапатталды. 2014 жылдың 28 ақпанында Кербұлақ ауданының Д.Қонаев атындағы орта мектеп базасында «Білім беруді м...
Толығырақ... Оқылды: 2050 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.03.2014

Мұқағали оқулары

Жас ұрпақты қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу және ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді насихаттау, олардың бойларындағы табиғи дарыны мен талантын дамыту мақсатында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының республикалық М. Мақатаев оқулары 2014 жылдың 13-15 наурызы аралығында Райымбек ауданы Қарасаз ауылында өтеді. Бұл шараға республиканың барлық аймақтарынан жас ақындар қатыспақшы. Толығырақ...
Толығырақ... Оқылды: 1559 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.03.2014

«Жыр алыбы- Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысы

Жас ұрпақты жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу және ауыз әдебиетінің қайнар көзі – айтыс өнерінің дамуына ұйытқы болу, суырып салма жас ақындардың бойларындағы табиғи дарынын дамыту мақсатында білім басқармасының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында «Жыр алыбы- Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы өтеді. Аталған іс шара Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы Мәдениет үйінде 2014 жылдың 27-28 ақпан аралығында өтеді, әр облыстан суырып салма ақындық дарыны бар балалар шақырылады (1 бала). Қатысушылардың тамақтануы мен жатын орнының төлем ақысын Алматы облысының білім басқармасы көтереді. Келіп - қайту жол ақысын жіберуші жақтар өтейді. «Жыр алыбы- Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысына оқушылардың келетін күні 26 ақпан, қайту күні- 28 ақпан. Толығырақ...
Толығырақ... Оқылды: 1346 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.02.2014

Облыстық әдістемелік кабинет тарапынан Ұйғыр аудандық мектептеріне әдістемелік көмек көрсетілді

Облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 13-ақпан күні Ұйғыр ауданы Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебінде «Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану – мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мен білім сапасын арттырудың кепілі» тақырыбында қазақ, орыс, ұйғыр сыныбындағы қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған семинар өтті. «Билингвальді оқыту: жетістіктер мен күтілетін нәтижелер» тақырыбында облыстық әдістемелік кабинет 2014 жылдың 14 ақпанында Ұйғыр ауданы №3 И.Молотов атындағы орта мектеп базасында аймақтық семинар өткізді. Семинарға Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов, Талғар ауданының көп тілде оқытатын мұғалімдері қатысты. Барлығы 71 мұғалім. Ұйғыр ауданындағы жалпы орта білім беру ұымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік кабинет әдіскерлері 13-14 ақпан аралығында мектеп басшыларына, педагогтарына әдістемелік көмек көрсетіп, әдіскер Г.Букеева «Білім беру үрдісінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану&...
Толығырақ... Оқылды: 976 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.02.2014
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.