A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

09.04.2019
22.11.2018
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік қызмет: бүгіні және болашағы

2016 жылдың 20 қазанында «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік қызмет: бүгіні және болашағы» тақырыбында республикалық семинар өткізілді. Орта білім беру мазмұнын жаңарту шарттары бойынша әдістемелік қызмет көрсету жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланды. Семинарға облыстық, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттерінің аға әдіскерлері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарыныңжәне мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің әдіскерлері, «Өрлеу» біліктілік арттыру институтының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының әдістемелік жұмысы өкілдері қатысты. Пленарлық мәжілісте облыстық әдістемелік кабинет әдіскері Г.Иманхатова «Білім берудегі инновациялық үдерістерді белсендірудің әдістемелік жолдары» тақырыбында баяндама оқып, тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында «Іскер әдіскер», «Үздік әдістемелік кабинет» және «Инноваци...
Толығырақ... Оқылды: 722 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.10.2016

«Физика пәнін оқытуда инновациялық технологиялардың тиімділігі» тақырыбындағы аймақтық семинар туралы мәлімет

Физика пәні сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдарын насихаттау мақсатында Алматы облыстық әдістемелік кабинеті 2016 жылғы 21 қазанда Алматы облысы, Талғар ауданы, №23 орта мектебінің базасында «Физика пәнін оқытуда инновациялық технологиялардың тиімділігі» тақырыбында аймақтық семинар өткізді. Семинар барысында Талғар, Іле, Қарасай, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарының ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында ашық сабақтар, презентациялар, шебер-кластар көрсетіп, тәжірибе алмасты. Семинар соңында ұсыныстар қабылданып, жұмыс нәтижесі туралы пікірлер тыңдалды. Аталған шараға 50-ден астам мұғалім қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 647 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.10.2016

«1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске – 100 жыл» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция

Қазақстандық патриотизм мен Мәңгілік ел ұлттық идеясын жүзеге асыру барысында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті тарих және қазақ әдебиеті сабақтарында кіріктіре оқыту арқылы тиімді білім беру тәжірибесін тарату мақсатында Алматы облыстық әдістемелік кабинеті 2016 жылғы 20 қазанда Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің базасында «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске – 100 жыл» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияға жалпы орта білім беретін ұйымдар мен ЖОО арасындағы байланысты нығайту мақсатында пленарлық отырыста білікті мамандар, профессорлар өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Конферецияның екінші бөлімі панелді сессия жұмыстарымен жалғасып, Іле, Қарасай аудандарының және Текелі, Қапшағай қалаларының ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында шебер-кластар көрсетіп, тәжірибе алмасты. Панелді сессия соңында ұсыныстар қабылданып, тәжірибе бөліскен ұстаздарға сертификаттар табысталды. Аталған ша...
Толығырақ... Оқылды: 628 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.10.2016

Қосымша білім беруде оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшелігі

2016 жылдың 7 қазан күні ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ, Оқушылар үйінде Қосымша білім беруде оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшелігі тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар жұмысына облыстағы барлық қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлері қатысты. Педагогтер шебер сынып, презентация таныстырылымдар өткізу арқылы тәжірибе алмасып, пікір бөлісті. Ақсу ауданы өнер мектебінің оқу-ісі жөніндегі орынбасары М.Б.Отызбекова «Қосымша білім беруде оқу үрдісінің ерекшеліктері», Сарқан ауданы балалар шығармашылық орталығының директоры А.Б.Жаркенова «Управление в дополнительном образовании- инновационный творческий поиск», Текелі қаласы Балалар мен жас өспірімдердің туристік және өлкетану орталығының директоры С.Қ. Жаңбырбаев «Балалар мен жасөспірімдердің туризмін дамыту: шешу жолдары, басымдықтары», Талдықорған қаласы Оқушылар сарайының директоры Л.М. Есболова «Қосымша білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері&...
Толығырақ... Оқылды: 668 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 10.10.2016

«Заманауи білім беруде Қанипа Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағылымы» атты Бітібаеваның өңіраралық педагогикалық оқулары

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында «Құрмет» орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі, Қаз.КСР Ағарту ісінің үздігі, КСРО Ағарту ісінің үздігі, АҚШ-тағы Аризона штаты, Тусон қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының мүшесі, құрметті академик, профессор Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның тәжірибесін насихаттау мақсатында «Заманауи білім беруде Қанипа Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағылымы» атты Бітібаеваның өңіраралық педагогикалық оқулары өткізілді. Аталған шараға Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының жалпы білім беретін ұйымдарының педагогтері, ЖОО оқытушы-ғалымдары, зертхана жетекшілері, ұстаздың шәкірттері қатысты. Педагогикалық оқудың пленарлық отырысында Ш.Сапарғалиева «Қ.Бітібаеваның жаңашыл әдістемесі – оқытудың өнімді жолы» тақырыбында баяндама оқыды. Қ.Бітібаева және қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселел...
Толығырақ... Оқылды: 909 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 10.10.2016

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастырудың жолдары

Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың дамуын жүзеге асыру жағдайында педагогтің құзіреттілігін арттыру, педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету мақсатында Алматы облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы, №12 балабақша базасында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастырудың жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар барысында балалармен жұмыстағы түзету-дамыту, диагностикалық, ағартушылық, кеңес беру бағыттарында жұмыстар жүргізілді. Облыстық әдістемелік кабинет әдіскері Қыдыкенова Динара Жардембекқызы «Бағдаршам» тақырыбындағы кері байланыс орнатып, соңынан ұсыныстар қабылданды.
Толығырақ... Оқылды: 664 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.10.2016

«Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудың әдістемелік жолдары» атты әдістемелік десант

2016 жылдың 6 қазанында Талдықорған қаласындағы химия, биология пәндері мұғалімдеріне арналған «Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудың әдістемелік жолдары» тақырыбында әдістемелік десант өткізілді. Әдістемелік десантқа 51 педагог қатысты. Әдістемелік десант жұмысының мазмұны қаланың химия, биология пәні мұғалімдеріне кәсіби құзіреттілігін арттыру бойынша тәжірибе жүзінде демеу көрсетуге бағытталды. Әдістемелік десантта «Ашық сабақтар», «Инновациялық әдістер: тәжірибесі, ізденістері, шешімдер» атты тәжірибелік, «Өзгерістер жолында» атты интерактивті дискуссия алаңдары жұмыс жасады. «Ашық сабақтар» алаңында Талдықорған қаласының химия, биология пәндері мұғалімдері А.Абуханова (№2 орта мектеп мұғалімі), Е.Хорева (№ Абай атындағы орта мектеп-гимназия мұғалімі), Л.Лим (№16 орта мектеп мұғалімі), Б.Ешмұханбетова (Берліқожа атындағы №11 орта мектеп мұғалімі), Р.Сарсенова (№5 орта мектеп мұғалімі), Ш.Каспак...
Толығырақ... Оқылды: 778 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.10.2016

«1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске – 100 жыл» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференция өтеді

Қазақстандық патриотизм мен Мәңгілік ел ұлттық идеясын жүзеге асыру барысында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті тарих және қазақ әдебиеті сабақтарында кіріктіре оқыту арқылы тиімді білім беру тәжірибесін тарату мақсатында Алматы облыстық әдістемелік кабинеті 2016 жылғы 20 қазанда Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің базасында «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске – 100 жыл» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Конференцияға жалпы орта білім беретін ұйымдар мен ЖОО арасындағы байланысты нығайту мақсатында пленарлық отырыста білікті мамандар, профессорлар өз іс-тәжірибесімен бөліседі. Конферецияның екінші бөлімі панелді сессия жұмыстарымен жалғасады, Іле, Қарасай аудандарының және Текелі, Қапшағай қалаларының ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында шебер-кластар көрсетіп, тәжірибе алмасады. Панелді сессия соңында ұсыныстар қабылданып, тәжірибе бөліскен ұстаздарға сертификаттар табысталады. Конфе...
Толығырақ... Оқылды: 802 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.10.2016

Мұғалімдер күніне арналған «Ұстаз- ұлы тұлға» салтанатты жиынының туралы

2016 жылдың 29 қыркүйегі күні облыстық әкімдіктің мәжіліс залында мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Әлтайұлы Өнербаев мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, облыс әкімінің қолдауымен өткен білім саласының 7 номинациясы бойынша жеңімпаз атанған (2-3 орындар мен номинациялар) білім мекемелері мен педагогтар марапаттады. Іс шараның 2-ші бөлімі «Жастар» спорт сарайында облыс әкімі А.Ғ.Баталовтың білім саласы мамандарын төл мерекелерімен құттықтауымен басталды. Аталған іс- шараға басқарма басшылары, ардагер ұстаздар, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен мамандары, әдістемелік кабинет меңгерушілері мен әдіскерлері, білім беру мекемелерінің директорлары мен орынбасарлары, қосымша білім беру мекемелерінің директорлары, балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілері, мұғалімдер, жас мамандар және БАҚ өкілдері шақырылды. Шара барысында облыс әкімінің Құрмет грамотасы (10), Алғыс хаты (10), Білім және ғылым минист...
Толығырақ... Оқылды: 807 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.10.2016

Республикалық «Мектепке жол» акциясының қорытындысы

2016 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйек аралығында кезекті «Мектепке жол» акциясы «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өтті. Акцияның мақсаты балалардың әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте мектепке бара алмауының алдын алу және күнкөрісі төмен отбасылардың оқушыларын жаңа оқу жылына дайындауда қолдау көрсетуге бағытталды. Акцияның мақсатымен халықты таныстырып, ақпараттандыруға байланысты аудан, қалаларда баннер, стенд, плакаттар ілінді. Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы туралы ақпаратты қала, ауыл тұрғындарына кеңінен тарату үшін республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру, мақалалар жарияланып, сюжеттер көрсетілді. 2016-2017 оқу жылында 51376 балаға 427 млн. 703 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді, оның ішінде 49117 балаға 400 млн. 325 мың теңгеге демеушілік есебінен оқу құралдары мен мектеп формасын алуға көмек көрсетілді. Ішкі істер бөлімдерімен келісілген рейдтер кестесі жасалып, түнгі клу...
Толығырақ... Оқылды: 779 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.10.2016
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.