A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

17.07.2019
09.04.2019
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

«Критериалды бағалау – қалыптастырушы бағалаудың бір түрі» тақырыбындағы облыстық семинар

2015 жылы 23 қаңтарда Талдықорған қаласындағы №19 мектеп-гимназиясы базасында «Критериалды бағалау – қалыптастырушы бағалаудың бір түрі» тақырыбында облыстық әдістемелік кабинет пен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы бірлескен облыстық семинар өтті. Семинар барысында қалыптастырушы бағалаудың оқушы жетістігін арттырудағы ынталандыру құралы екендігі және бағалау критерийлерінің сабақ мақсатына сәйкестігі, қалыптастырушы бағалаудың түрлері талқыланды.
Толығырақ... Оқылды: 1534 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.01.2015

«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғайтын заңнамаларды қолд

2015 жылдың 16 қаңтарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын орындау, аталған санаттағы балаларды отбасына орналастыруда мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарының қызметтерін үйлестіру мақсатында «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар құқығын қорғайтын заңнамаларды қолдану туралы» тақырыбында оқыту семинар өткізілді. Семинар жұмысына облыс әкімі аппаратының (мемлекеттік қызмет мониторингі бөлімі) өкілі Е.Сәбитов, аудандық, қалалық білім бөлімдері мамандары қатысты. Семинар барысында семинар қатысушыларға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы қолданылатын заңнамалар бойынша қосымша ақпарат беріліп, «Қараусыз, қадағалаусыз қалған балалар», «Отбасына орналастырылған балалар» атты бейнероликтер көрсетіліп, жетім балалар мен ата...
Толығырақ... Оқылды: 1074 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.01.2015

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Сіздерді Жаңа 2015 жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Баршамыз жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.
Толығырақ... Оқылды: 947 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.12.2014

Талдықорғанда Президенттік шырша мерекесі атап өтілді

24 желтоқсан күні Талдықорған қаласында облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен облыстың әр аумақтарынан келген бүлдіршіндерге арналған Президенттік шырша мерекесі салтанатты түрде атап өтілді. Аталған мерекеге облыстың әр бөлігінен оқу озаттары, аз қамтылған отбасындағы бүлдіршіндер мен мүгедек балалар, көпбалалы жанұядан шыққан жасөспірімдер қатысты. Жаңа жылдық мерекенің негізгі бөлігінде балаларға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бейне-құттықтауы көрсетілді. Бұдан кейін облыс әкімі жаңа жылдық шыршаның отын жағып, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға сыйлықтар табыстады. Облыстың әр өңірінен жиналған оқушылар мен жасөспірімдерге театрландырылған қойылымдар, цирк өнерпаздарының бағдарламалары мен хореографиялық композициялар көрсетіліп, соңынан бүлдіршіндер облыс әкімімен естелік суретке түсті.
Толығырақ... Оқылды: 1238 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.12.2014

Алматы облысы педагогтары Кембридждік әріптестермен бірлеседі

19 желтоқсан күні Талдықорған қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті және Алматы облысының білім басқармасы арасында ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды. Болашақтағы ынтымақтастық жоспарлары туралы Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Ермек Қасымбеков баяндады. Оның айтуынша, келісімге қолқойылғаннан кейін кешенді іс-шаралар жоспары жасалып, оны нәтижелі жүзеге асыру жолдары қарастырылады. Келісімге қол қойған тараптар білім беру процесінде Lessonstudy педагогикалық тәсілін енгізуге көп мән берілетінін айтты. Бұл тәсіл мұғалімдердің тәжірибесін ұштай отырып, білімін жетілдіруге, Кембридж университетіндегі әріптестерімен бірлесе жұмыс істеуге, педагогикалық практиканы ұйымдастыруға бағытталған және сабақ барысындағы әрекеттерді зерттеудің ерекше формасы ретінде танылған.
Толығырақ... Оқылды: 1055 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.12.2014

Тәуелсіздік күнімен!

Сіздерді Қазақстанның ең маңызды мемлекеттік мейрамы 16 желтоқсан тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.Баршаңызға игілік, денсаулық, бақыт, арман-тілектеріңіздің орындалуын тілейміз!
Толығырақ... Оқылды: 1143 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.12.2014

«Ризашылық» - «Доброта во благо детям!» қайырымдылық балалар мерекесі

2014 жылдың 27 қарашасында «Бөбек» қорының бастауымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының барлық тәрбиеленушілеріне «Ризашылық – Добро во благо детям!» атты қайырымдылық мерекесі өтті. Аталған шарамен Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Қаратал және Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарының 600 –ден астам тәрбиеленушілері қамтамасыз етілді. Шара барысында «Қазақфильм» киностудиясының режиссерлары Р.Магомадов, актер Әлімғазы Райымбеков, Қазақстан Республикасы жазушылар одағының мүшелері Л.Егембердиева, Қ.Қараман, С.Жексембинов, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» орденінің иегері Ө.Қалиұлы, фотограф А.Проскурин, продюссерлік орталықтын жетекшісі Э.Сатиевпен кездесулер өтті. Сонымен қатар, тәрбиеленушілер Талдықорған қаласындағы көркемсурет галлереясына, Б.Римова атынд...
Толығырақ... Оқылды: 1088 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.11.2014

«Ризашылық» қайырымдылық балалар мерекесі

2014 жылдың 27 қарашасында «Бөбек» қорының бастауымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының барлық тәрбиеленушілеріне «Ризашылық – Добро во благо детям!» атты қайырымдылық мерекесі өтеді. «Ризашылық – Добро во благо детям!» қайырымдылық мерекесінің басты мақсаты – балаларға жайдарлы отбасылық мереке сыйлау. Аталған шарамен Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Қаратал және Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарының 600 –ден астам тәрбиеленушілері қамтамасыз етіледі. Мереке күні балалар мұражайға, театрларға, галереяларға бару, жазушылар, суретшілер және спортшылармен кездесулер ұйымдастыру жоспарлануда. Мереке - мейірімділік, махаббат, жылулық, жанұя, әсемдік сөздерімен байланыса отырып, осы күні барлық адамдар бір-біріне деген ризашылығын білдіріп, қамқорлық пен жан-жылуын сезіндіріп, өз елі...
Толығырақ... Оқылды: 1596 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.11.2014

«Шетел азаматтарының қазақ балаларын асырап алу тәртібі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2014 жылдың 13 қарашасындаАлматы облысының №1 кәмелетке толмағандырдың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық соттың ұйымдастыруымен «Шетел азаматтарының қазақ балаларын асырап алу тәртібі» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл шара жұмысына облыстық сот, білім басқармасы, Талдықорған қалалық прокуратурасы, Қаратал ауданы мен Талдықорған қаласының білім бөлімдерінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органының мамандары, «Айналайын», Үштөбе балалар үйлері, облыстық мамандырылған сәбилер үйі, «Cifa Onlus», «PIAO Entidad Colaboradora de Adoption Internacional» бала асырап алу жөніндегі агенттіктері және БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекетімізде халықаралық бала асырап алуда жүзеге асыру тәртібі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мәртебесі мен асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмашылығы және т.б. тақы...
Толығырақ... Оқылды: 1637 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.11.2014

«Тірек мектептер (РО): қалыптасуы, жаңашылдығы, келешегі» тақырыбындағы Республикалық семинар туралы

2014 жылдың 30-31 қазан аралығында Алматы облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп пен Ынтымақ орта мектебі базасында«Тірек мектептер(РО): қалыптасуы, жаңашылдығы, келешегі»тақырыбында Республикалық семинар өтеді.
Толығырақ... Оқылды: 1844 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.10.2014
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.