A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Антикоррупционная политика

Антикоррупционная политика

Үш тілде білім беруді ілгерлету

Үш тілде білім беруді енгізудің бәсекеге қабілеттілікті арттырудың басым факторы ретіндегі өзектілігі

                                            

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын

Әл Фараби атындағы арнаулы гимназиясының

директоры  Саурамбаева Баян Нүсіпбекқызы

 

Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы. Біз үштілділікті тәуелсіз еліміз үшін стратегиялық мәні ерекше құбылыс деп бағалаймыз. Ендеше, үш тілді оқыту  - жас ұрпақтың  білім кеңістігінде еркін самғауына  жол ашатын, әлемдік білім құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі басты қажеттілік.  Ата заңымызда да әлемдік тілдердің қай-қайсысында тануға ерік берілген. Мемлекетіміздің  саяси, экономикалық, мәдени байланыстары  бірнеше тілде білім алуды қажет етеді. Олай болса, жаңа ғасырға лайық даму мен өрлеу жолында келе жатқан елімізді  әлемге танытатын бүгінгі мектеп қабырғасындағы білімді  ұрпақ болмақ.  ҚР  «Білім туралы»  Заңында «Барлық оқу орындары мемлекеттік  жалпы  міндетті стандартқа сәйкес  мемлекеттік тіл ретінде  қазақ  тілін білу  мен дамытуды, орыс тілі және шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген.

Осыған орай 2007 жылы біздің гимназияға «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл Фараби атындағы арнаулы гимназиясы статусы» берілді. Бұл   оқу-тәрбие үрдісінде қойылатын міндеттер ауқымын кеңейтумен қатар, қазіргі заман талабына сай бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және  кәсіптік бағдарын анықтауға қабілетті  тұлғаны дамыту және қалыптастыру міндеттерін қойып отыр.

Үш тілде білім беру жүйесі мектептің алғаш қалыптасқан кезеңінен басталады деуге де болады. Өйткені мектеп ашылған кезден  бастап Бейбітшілік Корпусының волонтерлері Эрик Джайлс, Стюарт Делорм, Марк Менти, Томас Фишер, Ричард Чак, т.б. әртүрлі пәндерді ағылшын тілінде жүргізді. 1995 жылы гимназия Қазақстандағы 8 мектептің бірі болып ЮНЕСКО мектептерінің ассоциациясына мүше болып қабылданды. Бұл факторлардың барлығы гимназиямыздағы үш тілді білім беруді одан әрі жалғастыруда оң ықпалын тигізді және бұл дамып келе жатқан гимназияның оқу-тәрбие жүйесіндегі инновациялық жұмысты үйлестіру белесі болып табылады. Гимназияның үш тілде білім беру бағытындағы кешенді мақсатын жүзеге  асыру  жолында төмендегідей жұмыстар іске асырылуда.

  • Үш тілде оқытатын сыныптармен жұмыс және ғылыми зерттеулер;
  • Жаңа жобаны  ғылыми  әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
  • Деңгейлік бағдарламалар аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру;
  • Үш тілде білім беруді ілгерілету жөніндегі жұмыс жоспарын іске асыру.

       Жоғары жетістіктерге жетуде гимназия  ұжымы оқушылармен қатар ата-аналармен бірге жалпы мектептік және сыныптық лекторийлер, коучингтер, кіріктірілген сабақтар, жаңа форматтағы ата-аналар жиналыстарын т.б. шараларды ұйымдастырып отырады. Бұл жұмыстар оқушылардың білім мен ғылымды игеруде, сыни тұрғыдан ойлана отырып білім сапасын арттыруға, үш тілді еркін меңгерген интеллектуалды тұлға болып қалыптасуына, өнер мен  спорт саласында оң жетістіктерге жетуіне ықпалын тигізуде.

Бүгінгі таңда гимназияда 1-сыныптан бастап ағылшын тілі енгізіліп, жүйелі шет  тілін игеру жолында  білім беріліп келеді. Гимназия мұғалімдері құрастырған авторлық бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, қосымша сабақтар, элективті курстар, гимназия сағаттары, таңдау пәндері мен түрлі бағыттағы үйірмелер ұйымдастырылуда.

Қазір оқушылар әр түрлі деңгейдегі олимпиадалар, ғылыми жобалар жарысы, түрлі интеллектуалдық сайыстарға қатысып, өз білімдерін  жоғары деңгейде көрсете білуде. Әсіресе,   ағылшын тілінде  балалардың сөйлеу машықтығы ерекше көтерілгені байқалады.   7-сыныптан бастап ағылшын тілінде химия, биология, математика  пәндері  жүргізіледі.

Алғашқы жылдары тілдік кедергілердің көптеген қиыншылықтары болса да қосымша сабақтар, таңдау курстары ұйымдастырылып,  жоғары көрсеткіштерге жету үшін ұстаздар мен оқушылар тарапынан да үлкен құлшыныс болды.

Қазіргі заман талабына сай балалардың көп тілді игеруге деген талап тілегін орындау үшін ҚР ғылым және білім министрлігі де шет тілдерін оқытуды мектеп бағдарламасына енгізіп отыр.  Бұл мектеп оқушыларына шет тілін игеруге жасалған зор мүмкіндік.

           Үш тілді оқыту сыныптарында ұйымдастырылған жұмыстар оқушылардың көп ізденіп, мол білім жинақтауына мүмкіндік беріп отыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс» деп ұстаздар алдына үлкен  міндет жүктеді. Қазіргі таңда республика ұстаздары өз алдарына қойылған ұлы мақсатты орындау жолында, ең бастысы, ел сенімін ақтап, тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар, білімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеуді өзінің қасиетті борышы санайды.

        Үш тілде білім беруді ілгерілету жөніндегі  жұмыс жоспары аясында  ата-аналармен, ЖОО-мен, желілік қоғамдастықпен байланыс тиімді  жолға қойылған.  Бұл байланыс конференция, диспут, іскерлік ойындар, коучингтер мен семинарлар түрінде жүзеге асырылуда. Оқушылардың  үш тілді еркін меңгеру деңгейін анықтауда түрлі бағыттағы  интеллектуалды білім сайыстары,  кездесулер ұйымдастыру әдетке айналған.

        Осы ауқымды шараларды іске асыру барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздік:

  • оқушыларды көп ізденіп мол білім жинақтауға жетелейді;
  • Мемлекеттік тілдің қажеттілігін арттырумен қатар тілдік ортаны кеңейтеді;
  • Дарынды балалардың танымдық сұранысын қанағаттандырады;
  • Отаншылдық тәрбиенің қызметін нәтижеге бағыттап, өз бетінше өмір сүру дағдысын қалыптастырады. 

Үш тілді енгізу өкімі

Алматы облысы бойынша үш тілде білім беруді ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары (2015-2016 жылдарға)

Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.