A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Антикоррупционная политика

Антикоррупционная политика

Бюджеттің орындалуы

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы облысы бойынша келесі мақсаттарға қаражат бөлінді:

  • Талғар ауданының бюджетіне республикалық бюджеттен барлығы жалпы сомасы 483 108 мың теңге қаржы бөлінді. «Бір аймаққа апробацияны тарататын 4 профильді мектептердің базасында жалпы орта білім беруді жан басына шаққанда қаражыландыру жүйесін апробациялау».
  • 2011- 2015 жылдары республикалық бюджеттен «Балаларды мектептке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамтамасыз ету бойынша «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруға» жалпы сомасы 18 672 173 мың теңге қаражат бөлінді.
  • 2011-2015 жылдары жергілікті бюджеттен «Жыл сайын кезең-кезеңмен 100 пайыз оқулық сатып алу жолымен жергілікті бюджет есебінен 2015 жылы жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының барлық оқушыларын тегін оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету» үшін жалпы сомасы 5 482 655 мың теңге қаражат бөлінді.

2015-2015 оқу жылдары жалпы білім беретін мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету 100 пайызды құрады.

  • 2011-2013 жылдары жергілікті бюджеттен «Үйде оқитын мүгедек- балалардың жұмыс орнын құрылғылармен қамтамасыз ету: компьютерлік техникалардың жабдықтарымен және қажеттілік пен мүмкіндіктерін, дара ерекшеліктерін ескере отырып бағдарламалық қамтамасыз ету. Осы жұмыс орындарын Интернетке қосу» үшін жалпы соммасы 509 883 мың теңге қаражат бөлінді.
  • 2011-2015 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттен «Ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды асырау үшін қамқоршыларға ай сайын ақшадай қаражат төлеуді жүзеге асыру» үшін жалпы сомасы 2 357 933 мың теңге қаражат бөлінді.
  • 2011-2015 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттен «Білім беру ұйымдарына сервистік қызмет көрсетумен, лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жабдықтау, жыл сайын 459» үшін жалпы сомасы 326 438 мың теңге бөлінді.
  • 2011-2013 жылдары жергілікті бюджеттен «Жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарын заманауи құрылғылармен жабдықтау» үшін жалпы сомасы 875 697 мың теңге қаражат бөлінді.
  • 2011-2014 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттен «Білім беру ұйымдарын жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен жабдықтау, жыл сайын 596 ұйым» үшін 1 271 461 мың теңге бөлінді.
  • 2011-2014 жылдары республикалық бюджеттен «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу орындары зертханаларын және оқу-өндірістік шеберханаларын жаңа құрылғылармен жабдықтау, материалдық-техникалық базасын нығайту» үшін жалпы сомасы 699 872 мың теңге қаражат бөлінді.
  • 2013-2015 жылдары жергілікті бюджеттен «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеттерін құру және жұмыс істету» үшін жалпы сомасы 383 302 мың теңге қаражат бөлінді.
  • 2011-2015 жылдары республикалық бюджеттен «Кәсіптік лицейлердің білім алушыларын мемлекеттік шәкіртақымен қамтамасыз ету» үшін жалпы сомасы 34 017 мың теңге қаражат бөлінді.
  • 2011-2015 жылдары жергілікті бюджеттен «Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу Орталықтарының қызмет көрсетуін қамтамасыз ету» үшін жалпы сомасы 260 302 мың теңге қаражат бөлінді.
  • 2011-2015 жылдары жергілікті бюджеттен «Білім беру нысандарын күрделі жөндеу» үшін жалпы сомасы 25 011 706 мың теңге бөлінді.
  • 2011-2015 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттен «Апаттық және 3 ауысымдық мектептер орнына жаңа мектептер салу» үшін жалпы соммасы 35 189 833 мың теңге қаражат бөлінді.
  • Жергілікті бюджеттен «Аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп оқушыларын тегін ыстық, дәрумендендірілген тамақмен қамтамасыз ету» үшін жалпы сомасы 1 730 918 мың теңге бөлінді.
  • Жергілікті бюджеттен «Облыс орталықтарындағы оңалту орталықтарын және әрбір аудан орталықтарында психологиялық-педагогикалық түсету кабинеттерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету» үшін жалпы сомасы 1 235 829 мың теңге қаражат бөлінді.

2011-2015 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттен Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 94 525 125 мың теңге бөлінді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.