A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

22.11.2018
22.11.2018
22.11.2018

Смотреть все видео →

«Балалар үйінсіз Жетісу» жобасы

2018 жылдың 21 қараша күні Сарқан аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Сарқан қаласы № 1 мектеп-гимназиясының акт залында «Балалар үйісіз Жетісу» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

Семинарға «Ана үйі» қоғамдық қоры «Бала асырап алуға қолдау көрсету орталығының» өкілдері, аудандық жалпы білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және бала асырап алуға үміткерлер қатысты.

Қатысушыларға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиеге орналастыру түрлері бойынша түсінік берілді.

              


2018 жылғы 14 қарашасында Еңбекшіқазақ ауданындағы білім мекемелерінде «Бақытты балалық шақ», «Мейірімге толы жүрек» және «Балаларға мейірім сыйла» тақырыбында «дөңгелек үстел», концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, өткізілді.

Сондай-ақ, «Балалар үйінсіз – Жетісу» атты жоба аясында Еңбекшіқазақ ауданындағы Жандосов атындағы орта мектебінің базасында аудандық білім бөлімінің бастауымен кездесу ұйымдастырылып, концерттік бағдарламамен жалғасты.

Бұл шараға ауыл имамы, округ әкімдігінің өкілдері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиеге алған отбасылық үлгідегі балалар үйі, баланы қабылдаушы отбасылар мен патронаттық тәрбиешілер, қорғаншылар (қамқоршылар) және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиеге алуға ниет білдірген азаматтар қатысты.

Кездесу барысында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы түрлері туралы толық ақпарат берілді.

Шара барысында демеушілер қолдаумен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған, көп балалы отбасылар балаларына көптеген сыйлықтар үйлестірілді.   

                                   


Облыстық білім басқармасы мен Жамбыл аудандық білім бөлімі 2018 жылдың 8 маусымында «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Аталған шараға Жамбыл ауданының прокуратурасы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органдары, жалпы білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекеме өкілдерінің басшылары, әлеуметтік педагогтары мен қызметкерлері, заңгерлері қатысты.

Шара аясында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту, отбасы және балалар саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтерге енгізілген өзгерістер, балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында әлеуметтік педагогтардың жұмысы, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру туралы мәліметтер берілді.


Алматы облысында 2018 жылдың 1 қаңтарында 2 978 жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар бар (2014 жылы – 3568), оның 85% отбасылық тәрбиеге орналастырылған: қорғаншылық пен қамқоршылықта – 2 408 бала, патронаттық тәрбиеде – 77 бала, отбасылық үлгісіндегі балалар үйлері мен баланы қабылдаушы отбасында – 47 бала.

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде 446 бала тәрбиеленуде (2014 жылы – 827 бала). 2014 жылмен салыстырғанда жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекеме тәрбиеленушілерінің саны 381 балаға азайған.

Жоба аясында 2017 жылы аталған санаттағы балаларға арналған мекемелердің 175 тәрбиеленушісі отбасылық тәрбиеге орналастырылды, 5 отбасы үлгісіндегі балалар үйі, 1 баланы қабылдаушы отбасы ашылды.


Балалар үйінсіз Жетісу

Алматы облысында 3 000-нан астам жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, оның 83 % отбасылық тәрбиеге орналастырылған, атап айтсақ, қорғаншылық (қамқоршылықта), патронаттық тәрбиеде, отбасылық үлгісіндегі балалар үйлері мен баланы қабылдаушы отбасында.

Ал, қалған 500-ге жұық бала жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде тәрбиеленуде.

2017 жылы Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, Алматы облысының прокуратурасы мен облыстық әкімдік тарапынан «Балалар үйінсіз Жетісу» жобасына қол қойылды.

Бұл жоба 2017-2019 жылдары жүзеге асырылады.

Жобаның мақсаты: 2020 жылға қарай балалардың 50 % астамын отбасылардың тәрбиесіне беріп, соның нәтижесінде жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекеме тәрбиеленушілерінің санын қысқарту.

Жоба аясында патронаттық тәрбиешілер, қамқоршылар (қорғаншылар), баланы қабылдаушы отбасы және отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінің оң тәжірибесін тарату бойынша халықпен ағартушылық, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, баланы өз отбасына алуға ниет білдірген азаматтар үшін оқыту шараларын өткізуді жүйелі түрде ұйымдастыру, отбасылық тәрбиенің баламалы түрлері жөнінде әдістемелік материалдар дайындау, ата-аналары бас бостандығынан айыру орындарында отырған жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілерді қамқоршылық (қорғаншылыққа), патронаттық тәрбиеге беру бойынша олардың туыстарымен жұмыстар және т.б. шаралар жүргізілуде.


«Балалар үйінсіз Жетісу» жобаны жүзеге асыру туралы

1 тоқсан 2017 жыл

Облыста 3 086 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Аталған санаттағы балалардың 83,5 % (2579 бала) отбасылық тәрбиеге орналастырылған, атап айтсақ, қорғаншылық (қамқоршылықта), патронаттық тәрбиеде, отбасылық үлгісіндегі балалар үйлері мен баланы қабылдаушы отбасында.

Ал, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде 507 бала тәрбиеленуде.

Аталған санаттағы балаларға арналған мекеме тәрбиеленушілері қатарынан 2017 жылдың 3 айында 68 бала отбасылық тәрбиеге орналастырылды (қорғаншылық (қамқоршылыққа) -17 бала, асырап алынды -12 бала, отбасы үлгісіндегі балалар үйлеріне – 10-ы, патронаттық тәрбиеге - 8-і, баланы қабылдаушы отбасына – 4-уі, туған отбасыларына оралды - 17 бала).

Облыс аумағында жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың отбасылық түрлерін дамыту жөнінде жұртшылық арасында ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілуде:

- 2017 жылдың қаңтар айында ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі З.Балиева облыстық мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізіп, шараға қатысушыларға «Балалар үйінсіз Жетісу» жобасымен таныстырды;

- білім басқармасы және Алматы облыстық прокуратурасы ағымдағы жылдың қаңтар айында аудандық, қалалық прокуратуралары, білім бөлімдері жанындағы қорғаншы және қамқоршы органдарының өкілдері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекеме басшыларының қатысуымен онлайн-режимінде «Балалар үйінсіз Жетісу» жобаны жүзеге асыру бойынша кездесу өткізілді;

- Ескелді, Жамбыл, Көксу, Қарасай, Іле және Панфилов аудандарында осы тақырыпта семинар-жиналыстар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Көксу мен Қарасай аудандарында өткізілген шаралар облыстық «Жетісу» телерадиокомпаниясында жарықтандырылды.

Жұртшылықпен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында Алматы облысының прокуратурасымен «Жетісу балалар үйінсіз» атты бейнеролик түсірілді.

2017 жылдың 23 ақпанында өткізілген баспасөз-конференция барысында облыстық білім басқармасының өкілі тарапынан бұл жоба туралы және жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы нысандары бойынша толық түсінік берілді.

Республикалық «Хабар», «24 KZ» телерадиокомпаниялары қолдауымен Қаратал ауданындағы Шерниязовтар мен Дүйсенбековтер отбасы үлгісіндегі балалар үйлері туралы бағдарламалар жарықтандырылды.

Облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» қоғамдық-саяси, аудандық және қалалық газеттерінде «Балалар үйінсіз Жетісу», «Жизнь вне детского дома», «Жетысу без детских домов», «Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері туралы не білу қажет?», «Немного о патронатном воспитании» және т.б. мақалалар жарияланды.

Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері, патронаттық тәрбиешілер, қорғаншылар (қамқоршылардың) оң нәтижесін тарату мақсатында бұқаралық ақпараттық құралдарында Еңбекшіқазақ ауданындағы Есеновтар мен Қаратал ауданындағы Шерниязовтар отбасы үлгісіндегі балалар үйлері туралы, Ескелді ауданындағы қорғаншы Х.Османова туралы мақалалар жарияланды.

2017 жылдың наурыз айында Қарасай (Абдиғалиевтар отбасы) және Қаратал аудандарында (Дүйсенбековтар отбасы) отбасы үлгісіндегі балалар үйлері, баланы қабылдаушы Шариповтар отбасы ашылды.

 


Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.