A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

22.11.2018
22.11.2018
22.11.2018

Смотреть все видео →

Қамқоршылық кеңестер

Алматы облыстық №1 балалар үйінің қамқоршылық кеңесі отырысының ШЕШІМІ:

05.12.2018 ж.

1. Жанұядағы өмірге дайындық бағдарламасын әзірлеу және қонақжайлыққа ерекше көңіл бөлу;

2. Балалар үйі тәрбиеленушілерінің жанұядағы өмірге дайындық деңгейін анықтау мақсатында экспресс-сұрақтар, тесттер және жобалық әдістемелер қолдану;

3. Қабылдаушы отбасыларға «Қабылдаушы отбасы мектебі» курсына қатысу туралы ұсыныс берілсін;

4. Балаларды қабылдаушы отбасылармен бірге тұруына дайындық жүргізу мақсатында тәрбиешілерге арналған семинар өткізілсін;

5. Жеке және заңды тұлғалардан түскен қаржының пайдаланылуы туралы есепке алынсын;

6. Пайдаланылған қаржының мониторингі жүргізілсін;

7. Оқу жылының қорытындысы бойынша тәрбиеленушілерге сыйақы берілсін;

8. 2018 жылға арналған қамқоршылық кеңестің жұмысы қанағаттанарлық деп есептелсін.


Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп – интернатының қамқоршылық кеңесі отырысының ШЕШІМІ:

04.12.2018 ж.

   1. Арнайы мектеп – интернатты бітіретін түлектерді отбасына немесе қамқоршыларға орналастыру жұмыстары жүргізілсін;

2. «Балалар үйінсіз Жетісу» жобасы аясында балаларды орналастыру үшін олардың ата-анасын немесе туыстарын іздестіру жұмыстары жалғастырылсын;

3. Арнайы мектеп – интернаттағы қиын балалармен Қамқоршылық кеңес мүшелері кездесу өткізсін;

4. Арнайы мектеп – интернаттағы жаңа жыл мерекесін өткізу бойынша қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұсыныстары ескерілсін.


«Айналайын» балалар үйінің қамқоршылық кеңесі отырысының ШЕШІМІ:

30.11.2018 ж.

1. 2018 жылғы көрсетілген қайырымдылық көмек туралы бас есепші Г.Байтокованың есебі қанағаттанарлық деп есептелсін;

2. Диетбике А.Жетмекованың тәрбиеленушілердің тамақтану сапасы туралы есебі қанағаттанарлық деп есептелсін;

3. Тәрбиеленушілермен қысқы демалыс кезінде жүргізілетін іс-шаралар 2018 жылғы желтоқсан айының 20-на дейін нақты белгіленіп, бекітілсін;

4. Ж.Баймадиеваның 2018 жылы мектеп бітірген түлектердің колледждерде, ЖОО- да түлектердің жаңа ортаға бейімделуі, оқуы, тәртібі, әлеуметтік жағдайы туралы есебі тыңдалып, колледж бітірген түлектерді жұмысқа орналастыруға қамқоршылық кеңес мүшелеріне көмек көрсетілсін.


Облыстық «Айналайын» балалар үйі мен «Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» КММ-дің Қамқоршылық кеңестерінің құрамынан мүшелердің шығуына байланысты, 2018 жылғы 22 қарашада білім басқармасымен аталған білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңестерінің жаңа құрамы бекітілді.

«Айналайын» балалар үйінің Қамқоршылық кеңесінің құрамы

 

Аты – жөні

Жұмыс орны, қызметі

1

Абдыкадыров Садык Нурсапанұлы

Білім және ғылым қызметкерлерінің Кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы

2

Рахимова Айна Маратқызы

ЖМУ гуманитарлық факультетінің деканы

3

Сегізбаева  Аян Акашқызы

«Талдықорған Аналар алқасы» қоғамдық бірлестігінің заңгері

4

Тұяқбаев Амир Ануарұлы

Талдықорған қалалық білім бөлімінің балалардың құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі

5

Исаева Қаламқас Есенқұлқызы

Алматы облысы бойынша «Ауыл» ХДПП аумақтық филиалының орынбасары

6

Қарамулдинова Сауле Султановна

Талдықорған сервис және технология колледжінің директоры

7

Мұратбаева Гүлжан Калиевна

«№16 орта мектеп – гимназия» КММ-нің директорының орынбасары

8

Нүсіпова Гаухар Қалиақынқызы

«Ана үйі» қайырымдылық қорының «Жанұя» асырап алу қолдау орталығының» маманы

9

Унендинов Жанат

Жергілікті полиция қызметінің басшысының орынбасары

 

«Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Қамқоршылық кеңесінің құрамы:

 

Аты – жөні

Жұмыс орны, қызметі

 

1

Сарпеков Ұлан Нәбиұлы

Панфилов ауданы «Нұр Отан» саяси партиясы филиалының мүшесі,  Панфилов аудандық мәслихатының депутаты

2

Хайбуллина Роза Исмаилқызы

Панфилов аудандық іскер әйелдер қауымдастығының өкілі

3

Тұрғанов Шарипхан  Ержанұлы 

«Уәлібай» мешіт-музейінің директоры

4

Алимжан Айгүл Алимжанқызы

Панфилов ауданы бойынша «Ауыл» ХДПП өкілеттігінің төрағасы

5

Демеев Шамиль Наильевич

Панфилов АІІБ-нің жергілікті  полиция қызметінің ювеналды   полиция тобының учаскелік  полиция инспекторы полиция капитаны

6

Рахымғазиев Сержан  Закенұлы 

«Қарлығаш» жазғы  демалыс  сауықтыру лагерінің директоры

7

Ыстай Роза Мұхаметбайқызы

Панфилов аудандық білім бөлімінің бас маманы

8

Надырова Роза Имировна

Панфилов аудандық іскер әйелдер қауымдастығының өкілі

9

Азнабакиева Хализат Туралимовна

Жаркент қаласының тұрғыны, қамқоршы 

 


Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп – интернатының қамқоршылық кеңесі отырысының ШЕШІМІ:

 

06.09.2018 ж.

 

1.1.Арнайы мектеп-интернатты бітірген балаларды орналастырылу жағдайы қанағаттанарлық деп танылсын;

1.2. Арнайы мектеп-интернатының әкімшілігімен бірлесіп мектеп бітіруші балаларды орналастыру жұмыстары жалғастырылсын;

2. Қамқоршыларға және туыстарына орналастырылған балалардың жағдайы  тексеріліп, назарға алынсын.


 

Алматы облыстық №1 балалар үйінің қамқоршылық кеңесі отырысының ШЕШІМІ:

11.09.2018 ж.

1. Жылдық жұмыс жоспарында қосымша білім берудің басым мақсаты ретінде шығармашыл тұлғаның дамуына жағдай жасауды ерекше көрсету;

2 Өткізілген байқаулар, фестиваль, олимпиадалар қорытындысы бойынша тәрбиеленушілерді ынталандыру мақсатында бағалы сыйлықтармен марапаттау.

3. Мамандардың қатысуымен шебер сыныптар ұйымдастыру;

4. Балалар үйінің ішкі тәртіп Ережесі балалар үйімен келісілді деп есептелсін;

5. Балалар үйінің ішкі тәртіп Ережесімен тәрбиеленушілер және жаңадан келген балаларды таныстыру;

6. Ақсақалдар кеңесі туралы Ереже ескерілсін.


 

«Айналайын» балалар үйінің қамқоршылық кеңесі отырысының ШЕШІМІ:

17.09.2018 ж.

 

1.  «Айналайын» балалар үйі тәрбиеленушілерінің жазғы демалысы қанағаттанарлық деп есептелсін;

2.   Балалар үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстары қанағаттанарлық және балаларды қабылдауға дайын деп есептелсін.

Жылу және су құбырларының жағдайы тексеріліп, кәсіподақ ұйымының отырысында қаралсын.

3.   Тәрбиеленушілер киіммен, аяқ киіммен, оқу құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

 


«Айналайын» балалар үйінің қамқоршылық кеңесінің

№2 отырысының ШЕШІМІ:

17.05.2018 ж

1. Балалар үйінің түлектерін арнайы орта және жоғарғы оқу орындарына орналастыру, жаңа ортаға бейімдеу жұмыстары қанағаттанарлық деп есептеліп, кеңес мүшелерінің қадағалауымен одан әрі жалғастырылсын;

2. Балалар үйі түлектерінің мектеппен қоштасу кешін ұйымдастыру және қайырымдылық көмек көрсету барлық мүмкіндіктер жасалынсын. Осы ұйымдастыру жұмысын қадағалау кеңес мүшесі Г.К.Мұратбаеваға және балалар үйінің әкімшілігіне тапсырылсын;

3. Балалар үйінің Ескелді ауданы, Көкжазық ауылындағы жазғы демалыс лагерінде жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстары қанағаттанарлық деп есептелсін.


Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп – интернатының қамқоршылық кеңесінің

№2 отырысының ШЕШІМІ:

05.06.2018 ж.

 

1. Арнайы мектеп-интернатта қабылдаушы ата-аналар мектебі мүшелеріне тәрбиеленушілерді қабылдау бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілсін;

2. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық деректер банкіне арнайы мектеп-интернат тәрбиеленушілері бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізіп отыру мектеп-интернаттың әлеуметтік педагогі У.Рахимбаеваға жүктелсін;

3. Мектеп-интернат тәрбиеленушілерін отбасылық тәрбиеге алуға ниет білдірген азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетілсін;

4. Отбасылық тәрбиеге орналастырылған мектеп бітірушілердің өз ортасына бейімделіп кетуін қадағалау мектеп әкімшілігі мен қамқоршылар кеңесінің мүшелеріне жүктелсін.


Алматы облыстық №1 балалар үйінің қамқоршылық кеңесінің

№2 отырысының ШЕШІМІ:

13.04.2018 ж.

 

1. Топтық, қызметтік бөлмелердегі жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, өз күштерімен жасау;

2. Тәрбиеленушілердің қабылдаушы отбасында өмір сүруіне ынталандыру денгейін арттыру («Өмір кітабын» құрастыру, отбасылық альбомын жасау, «Менің отбасым» тақырыбына сүрет салу);

3. Тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру мақсатында тұлғааралық қарым-қатынастарын, еңбек дағдыларын, оңды эмоциялық қалпын ойындар, жаттығулар мен әңгімелер арқылы қалыптастыруды жалғастыру;

4. Қабылдаушы отбасындағы тәрбиеленушілерді бейімдеу барысында ата-аналарға арналған жаднама құрылсын;

5. Қосымша білім беру сабақтары мен спорт секцияларының жұмыстары қанағаттанарлық деп танылсын;

6. Сыныптан тыс жұмыс нәтижесі бойынша жыл сайын шығармашылық есеп берілсін;

7. Үйірме жұмысын ұйымдастырғанда, «тәуекел» тобының балалары тартылсын;

8. 2018 жылғы жазғы демалыс кезеңге арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін;

9. Аудан, қала әкімдеріне балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жазғы демалыста сауықтыру лагерьлерге жолдама алуға көмек көрсету жөнінде хаттар жіберілсін.


2017 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 44 – бабы 9 - тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 355 бұйрығына сәйкес облыстық мемлекеттік жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестері құрылып, жұмыс атқаруда.

1. Алматы облыстық №1 балалар үйінің Қамқоршылық кеңесінің құрамы:

Аты – жөні

 

Жұмыс орны, қызметі

 

1

Оспанова Бақыт Ахметқалиқызы

«М.Оспанов» қорының президенті

2

 

Назаров Ардак Құттықожаұлы

 

Панкратионнан үш дүркін әлем чемпионы, Азияның абсолюттік чемпионы, джиу-джитсудан Қазақстанның екі дүркін чемпионы

3

Чукреев Александр Александрович

Академик, ҚР Еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы

4

Телпекбаева Жанна Тлеубекқызы

«Прогресс» политехникалық колледжінің директоры, облыстық мәслихатының депутаты

5

Джакубаева Айнұр Қайратқызы

Қарасай аудандық білім бөлімінің бас маманы

6

Жанәділ Орынбай Басарович

Қарасай ауданы бойынша «Ауыл» ХДПП өкілеттігінің төрағасы

7

Алиева Эльмира Айташевна

«Help Today» қоғамдық қорының төрайымы

8

Бреус Анастасия Александровна

Ерікті

9

Набиев Нурлан Азимханович

Қарасай аудандық АІІБ полиция капитаны


2. «Айналайын» балалар үйінің Қамқоршылық кеңесінің құрамы

Аты – жөні

 

Жұмыс орны, қызметі

 

1

Абдыкадыров Садык Нурсапанұлы

Білім және ғылым қызметкерлерінің Кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы

2

 

Толамысов Амангелді Ғабдікәрімұлы

 

ЖМУ гуманитарлық факультетінің деканы

3

Сегізбаева Аян Акашқызы

«Талдықорған Аналар алқасы» қоғамдық бірлестігінің заңгері

4

Тұяқбаев Амир Ануарұлы

Талдықорған қалалық білім бөлімінің балалардың құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі

5

Исаева Қаламқас Есенқұлқызы

Алматы облысы бойынша «Ауыл» ХДПП аумақтық филиалының орынбасары

6

Қарамулдинова Сауле Султановна

Талдықорған сервис және технология колледжінің директоры

7

Мұратбаева Гүлжан Калиевна

«№16 орта мектеп – гимназия» КММ-нің директорының орынбасары

8

 

Котельникова Лариса Леонидовна

 

Алматы облыстық орыс орталығының төрайымы

9

Унендинов Жанат

Жергілікті полиция қызметінің басшысының орынбасары


3. «Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қамқоршылық кеңесінің құрамы:

Аты – жөні

 

Жұмыс орны, қызметі

 

1

Сарпеков Ұлан Нәбиұлы

Панфилов ауданы «Нұр Отан» саяси партиясы филиалының мүшесі, Панфилов аудандық мәслихатының депутаты

2

Хайбуллина Роза Исмаилқызы

Панфилов аудандық іскер әйелдер қауымдастығының өкілі

3

Тұрғанов Шарипхан Ержанұлы

«Уәлібай» мешіт-музейінің директоры

4

Алимжан Айгүл Алимжанқызы

 

Панфилов ауданы бойынша «Ауыл» ХДПП өкілеттігінің төрағасы

5

 

 

Шолпан Ермекқызы Ергазинова

 

 

 

Панфилов АІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты,

6

Рахымғазиев Сержан Закенұлы

«Қарлығаш» жазғы демалыс сауықтыру лагерінің директоры

7

Ыстай Роза Мұхаметбайқызы

Панфилов аудандық білім бөлімінің бас маманы

8

Надырова Роза Имировна

Панфилов аудандық іскер әйелдер қауымдастығының өкілі

9

Азнабакиева Хализат Туралимовна

Жаркент қаласының тұрғыны, қамқоршы


Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп – интернатының қамқоршылық кеңесі отырысының ШЕШІМІ:

24.01.2018 ж.

1. Қамқоршылық кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

2. Арнайы мектеп-интернат бітірушілерін отбасылық тәрбиеге орналастыруда қолдау көрсетілсін.

3. Арнайы мектеп–интернат тәрбиеленушілерін қоғамға бейімдеп, олардың өз орындарын табуда мектеп әкімшілігімен бірлесе жұмыстар жүргізілсін.

4. Жұмыс жоспарында белгіленген барлық іс-шаралар уақытылы өткізілсін.


Алматы облыстық №1 балалар үйінің қамқоршылық кеңесі отырысының ШЕШІМІ:

30.01.2018 ж.

1. 2018 жылға арналған қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары бекітілсін.

2. Балалар үйінің балансына 2018 жылы бюджеттен тыс түскен қаражат мөлшері жыл бойы төмендегі қажеттіліктерге жұмсалсын:

- қосымша білім беру үрдісімен қамтамасыздандыру;

- тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсету (балалардың денсаулығын нығайту, жазғы демалысын ұйымдастыру, мектеп бітіру кешіне балаларды киіммен қамтамасыз ету);

- түрлі іс-шараларға қатысу үшін киімдер тігу;

- ғимараттың жөндеу жұмыстарына жұмсау.

3. Наурыз мейрамының іс-шаралар жоспары құрылсын;

4. Наурыз мейрамын өткізу бойынша қамқоршылық кеңес мүшелері ұсыныс беру және оның өткізілуіне көмек көрсету


«Айналайын» балалар үйінің қамқоршылық кеңесі отырысының ШЕШІМІ:

22.01.2018ж.

1. Қамқоршылық кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

2. «Айналайын» балалар үйіне түскен қайырымдылық көмек қамқоршылық кеңес тарапынан қатаң қадағалауға алынсын.

3. Бюджеттен бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану мақсатында арнайы құрылған комиссия мүшелерінің құрамына қамқоршылық кеңес мүшесі Сегізбаева А.А. енгізілсін.

4. Тәрбиеленушілерді отбасына орналастыру жұмыстары жалғастырылсын.

5. 2017-2018 оқу жылында мектеп бітіретін түлектерге қамқоршылық кеңес тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілсін.

6. Мектеп бітіретін түлектермен қамқоршылық кеңес мүшелері кездесу өткізсін.


Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйіндегі Қамқоршылық кеңесінің отырысы

Ағымдағы жылдың 22 қаңтар күні Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінде Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында Қамқоршылық кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді, сонымен қатар, 2017 жылы балалар үйіне түскен қайырымдылық көмек көлемі, «Балалар үйінсіз Жетісу» жобасы аясында отбасылық тәрбиеге орналастырылған тәрбиеленушілер, 2017-2018 оқу жылында мектеп бітіретін түлектерді жоғары және колледждерде оқумен қамту туралы мәселелер көтерілді.

 


Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 355 бұйрығына сәйкес Алматы облысының білім басқармасы Талдықорған қаласындағы «Айналайын» және Алматы облыстық №1 балалар үйлері мен Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының Қамқоршылық кеңестер құрамы қайта құрылатынын және кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылатындығын хабарлайды.

Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса) енгізіледі.

Осыған орай, 2017 жылдың 20 қазанына дейін Алматы облыстық білім басқармасының сайтына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңестерінің құрамына енгізу үшін үміткерлердің жазбаша ұсыныстарын жолдауды сұраймыз.

Алматы облысының білім басқармасы

 


 

Қамқоршылық кеңестер

Қамқоршылық кеңестер

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТЕРІ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ


Алматы облыстық № 1 балалар үйі

2018 жылдың 13 сәуірде өткізілген қамқоршылық кеңес отырысының Ш Е Ш І М І:

1. Топтық, қызметтік бөлмелердегі жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, өз күштерімен жасау.

2. Тәрбиеленушілердің қабылдаушы отбасында өмір сүруіне ынталандыру денгейін арттыру («Өмір кітабын» құрастыру, отбасылық альбомын жасау, «Менің отбасым» тақырыбына сүрет салу). 

3. Тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру мақсатында тұлғааралық қарым-қатынастарын, еңбек дағдыларын, оңды эмоциялық қалпын ойындар, жаттығулар мен әңгімелер арқылы қалыптастыруды жалғастыру.

4. Қабылдаушы отбасындағы тәрбиеленушілерді бейімдеу барысында ата-аналарға арналған жаднама құрылсын.

5. Қосымша білім беру сабақтары мен спорт секцияларының жұмыстары қанағаттанарлық деп танылсын.

6. Сыныптан тыс жұмыс нәтижесі бойынша жыл сайын шығармашылық есеп берілсін.

7. Үйірме жұмысын ұйымдастырғанда, «тәуекел» тобының балалары тартылсын.

8. 2018 жылғы жазғы демалыс кезеңге арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.

9. Аудан, қала әкімдеріне балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жазғы демалыста сауықтыру лагерьлерге жолдама алуға көмек көрсету жөнінде хаттар жіберілсін.  
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.