A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

22.11.2018
22.11.2018
22.11.2018

Смотреть все видео →

Қазақстан - мейірімділік мекені!

Алматы облысының білім басқармасы «Қазақстан - мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы аясында атқарылған жұмыстар туралы төмендегіні хабарлайды.

Барлық білім беру ұйымдарында мейірімді істер, қайырымдылық акцияларға балалардың қатысуын қамтамасыз ететін іс-шаралар ұйымдастыру, қоғамға риясыз қызмет көрсетудің жағымды идеяларын кеңінен насихаттау және тарату мақсатында өткізілетін іс-шаралар жоспары құрылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүйелі түрде жүргізіуде.

Акция аясында 1 - 4 сынып оқушылары арасында достық, татулық тақырыптарына арналған сурет, ән байқауы, тәрбие сағаттары өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мектеп әкімшіліктерінің алғыс хаттарымен марапатталды.

 


Мектеп кітапханаларында «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның туған күніне орай «Жүрекке жол тапқан мейірімді - Сара Алпысқызы!», «Мейірімді ана», «Алтын жүректі ана», тақырыптарында кітап көрмелері ұйымдастырылып, «Золотое сердце» тақырыбында бейне-ролик көрсетілді.

Барлық білім беру ұйымдарында сынып жетекшілері «Отбасы - өмір аясы», «Утро радостных встреч», «Қызыққа толы әлем», «Әдеп әлемі», «Мейірімділік-асыл қасиет», «Ниет тазалығы-ізгілік бастауы» тақырыптарында ашық сабақтар өткізілді.

 


Жоғары сынып оқушылары арасында «Қазіргі жастардың бойында патриоттық сезім бар ма?» тақырыбымен дебат ұйымдастырылып, мейірімділік, қайырымдылық, сыйластық, кішіпейілділік мәселелері кеңінен талқыланды.

 

 

 

 

 


Сонымен қатар, Талдықорған  қаласының экономикалық-технологиялық колледжінің студенттері облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында концерт бағдарламасын ұйымдастырды. Кәмелетке толмағандардың көңіл күйі жоғары дәрежеде болып, шараға ат салысты. Соңында мерекелік қайырымдылық дастархан жайылды.

Қарасай, Сарқан, Көксу аудандарының мектептерінде «Қайрымдылық» акциялары өткізіліп, көп балалы отбасыдан шыққан оқушыларға көмек көрсетілді. Осы бағытта жұмыстар өз жалғасын табуда.

 


Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлының  бастамасымен 1-наурыз Алғыс айту күнін барлық білім беру мекемелерінде  атап өтілді. Алғыс айту күні – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға  деген құрметтің орнытуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні екені түсіндірілді.  

 

 

 

 

 


Жалпы орта білім беру мектептерінде 1 наурыз Алғыс айту күні мерекесіне орай 1-11 сынып оқушылары арасында «Жаныңда жүр жақсы адам», «Рахмет саған, ана», «Адал еңбек, алғысым ұстазыма» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Мектеп кітапханасында «Оқырман сыйы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Қайырымдылық жасауға асығыңыз!» ұранымен 8-10 сынып оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагеріне сынып жетекшілерімен барып көмек көрсетіп, алғыстарына ие болды. «Менің таза аулам» акциясында мектеп оқушылары мектеп аумағына тазалау жұмыстарын жүргізді. «Мен ұстазыма алғысымды айтамын» акциясына мектептің барлық оқушылары қатысып, ұстаздарына жүрекжарды тілектері мен алғыстарын хат арқылы білдірді. 6 сыныптардың ұйымдастыруымен «Мың алғыс» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Барлық іс-шараларға оқушылар қызығушылықпен қатысты.

 


Қарасай, Алакөл, Сарқан, Жамбыл аудандарының мектептерінде «Ризашылық пен алғыс» «Адал еңбек, алғысым ұстазыма!», «Рахмет саған, ана», «Адал еңбек, алғысым ұстазыма», тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары, мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Тәрбие сағатына мектеп ұстаздары, ардагер ұстаздар, мектеп демеушілері шақырылды. Оқушылар өздерінің алғашқы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына бала өмірінде бағыт-бағдар беру жолындағы еңбектеріне табыс тілеп, алғыстарын жаудырды.

«Жас ұлан, Жас қыран ұйымы балаларының ұйымдастыруымен, «Кімге алғыс айтар едіңіз?» деген сұрақ жауапқа, бейне материалдар түсірді. 1-ші наурыз «Алғыс айту» мерекесіне арналған іс-шаралар мектеп ұжымының, оқушылардың толық қатысуымен жоспарға сай өткізілді.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

1-11 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары өткізілді. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған қабырға газеттерінен мектеп фойесінде көрме ұйымдастырылды. «Қыз өссе елдің көркі» атты ашық тәрбие сағаты, «Ана – өмірдің берекесі» , «Ана деп ән саламын», «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» атты ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

 


Алматы облысының білім басқармасы «Қазақстан - мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы аясында атқарылған жұмыстар туралы төмендегіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Конститутциясының 30 бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамызда қабылданған «ҚР орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралары туралы» №812 Қаулысын, облыстық білім басқармасының 2018 жылдың 15 қаңтар күнгі жылғы №29-н бұйрығы мен аудандық білім бөлімінің 18.01.2018 жылғы №16-н бұйрықтарын жүзеге асыру мақсатында гимназия басшысының 2018 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан күні аралығында Жалпыға

бірдей білім беру айлығы шеңберінде Республикалық «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылды.

Акция күнкөрісі төмен, көп балалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

 


Барлық білім беру ұйымдарында мейірімді істер, қайырымдылық акцияларға балалардың қатысуын қамтамасыз ететін іс-шаралар ұйымдастыру, қоғамға риясыз қызмет көрсетудің жағымды идеяларын кеңінен насихаттау және тарату мақсатында өткізілетін іс-шаралар жоспары құрылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүйелі түрде жүргізіуде.

Акция аясында 1 - 4 сынып оқушылары арасында достық, татулық тақырыптарына арналған сурет, ән байқауы, тәрбие сағаттары өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мектеп әкімшіліктерінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Мектеп кітапханаларында «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның туған күніне орай «Мейірімді ана», «Алтын жүректі ана», тақырыптарында кітап көрмелері ұйымдастырылып, «Золотое сердце» тақырыбында бейне-ролик көрсетілді.

 


Алматы облысының білім басқармасы «Қазақстан - мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы аясында атқарылған жұмыстар туралы төмендегіні хабарлайды.

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай барлық жалпы білім беру мекемелерінде өскелең ұрпақты патриотизм, жоғары мәдени-адамгершілік құндылықтар, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеу, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу мақсатында «Қазақстан-бірлік пен татулықтың мекені», «1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні», «Мейірімділік» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізіліп «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты слайд, суреттер көрсетілді.

Барлық білім беру ұйымдарында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған «Жеңіс туы!», «Біз-Ұлы Жеңіс жауынгерінің немерелеріміз!», «Ұлы Жеңіс мәңгі есте!», «Бұл күнге біз қалай жеттік...» атты әдеби кештер, еске алу сағаттары, «Ерлік сабақтары», «Бейбітшілік сабақтары» мен жаппай мәдени-сауықтыру және тәрбие-насихаттау іс-шаралары ұйымдастырылып, Ұлы Отан соғысы, еңбек және тыл ардагерлері, әскери қызметкерлермен кездесулер өткізілді.

Мектеп кітапханаларында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің  72 жылдығына арналған тақырыпта кітап көрмелері, оқырмандар конференциялары, оқушыларға жергілікті соғыс ардагерлері туралы және жас ұрпаққа Жеңісті дәріптей отырып ел жандылыққа тәрбиелеу барысында, Кеңес Одағының батырларын еске алуға арналған «Шығыстың қос шынары», «Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы», «Бұл күнге  біз қалай  жеттік...», «Қамқорлық», «Ұлы Отан соғысы жеңісі ешқашан өшпейді!» атты тәрбие сағаттары,  «Ерлік сабақтары», «Бейбітшілік сабақтары»  өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен қатар, орта мектептерде құрылған «Тимур командасы» топтары Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, ұлдар ауласын қардан тазартып, қыздар үй шаруасына көмектесті.             

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.