A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

17.07.2019
09.04.2019
22.11.2018

Смотреть все видео →

"Adaldyq alańy" жобасы

Облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен өтетін интернет-конференция лар графигі  


"ЖЕТІСУ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ» ЖОБА ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ҚЫСҚАША АНЫҚТАМА

Мемлекет басшысы жақында өткен Жолдауында Астана қаласында іске асырылған жоба үлгісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясатты жалғастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Алматы облысының аумағында бұл жұмысты "Жетісу – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта Жарғыға қол қойылып, жобалық топтардың қызметі ұйымдастырылды және Жобалық кеңсенің жұмыс жоспары бекітілді.

Өздеріңіз білетіндей, "Жетісу – адалдық алаңы" жобасының (бұдан әрі – жоба) миссиясы сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей төзбеушілікті қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады. Бұл мақсаттарға тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтар үшін жайлы жағдай жасау және жалпы бақылауды қамтамасыз ету жолымен қол жеткізуге болады.

Белсенді азаматтық қоғаммен бірге кешенді жұмыстың арқасында өңірлік жобалау кеңсесімен бірінші жартыжылдықта келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

1.Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қол жетімділігіне Халыққа қызмет көрсету форматын өзгерту арқылы қол жеткізіледі, осылайша қазіргі уақытта 39 мекеме Open space форматында жұмыс істейді (Үштөбе қаласының әкімдігі, облыс мектептері, Мемлекеттік кірістер басқармасы, Жаркент қаласының әкімі, Сарыөзек кенті, Көксу ауданының жұмыспен қамту орталығы). Ганта диаграммасы Облыстың білім беру, денсаулық сақтау және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасы үшін жасалған. Қазіргі уақытта осындай ақпарат ЖАО үшін дайындалады. Жалпы әлеуметтік сала мекемелерін трансформациялау бойынша кешенді жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Ақсу, Райымбек аудандарының, сондай-ақ Талдықорған қаласының әкімдіктері space форматында жұмыс істейтін сервистік әкімдіктерге трансформацияланатын болады. Сонымен қатар, 150-ден астам мектеп директорлары бірінші қабатқа көшірілді. Босаған алаңдар оқушылар үшін қосымша сыныптар ұйымдастыруға немесе робототехника кабинеттері мен IT сыныптар ашуға берілді. Білім беру саласының қалған ұйымдары ағымдағы жылдың күзінде аталған форматқа көшеді. Осыған ұқсас жұмыс облыстың барлық балабақшалары мен колледждерінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, біздің облыс аумағында Полиция Департаментінің аудандық бөлімшелерінде 19 майдан-кеңселер, аудандық сот жанынан құқықтық қызмет көрсету орталықтары жанындағы 19 майдан-кеңсе, 2 көші-қон қызметі орталығы және 1 облыс Прокуратура жанындағы Құқық қорғау қызметі орталығы жұмыс істейді.

2. Жұмыстың жаңа форматына көшкеннен кейін, келесі маңызды фактор әрбір қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын түсіну болып тұр. Әрбір мекеме – бұл ұжым, халыққа қызмет етуге арналған бірыңғай команда. Қызметтерлердің қандай қағидада жұмыс атқаратындығы басшылыққа байланысты. Сондықтан мемлекеттік қызметкерлер қатарында сенім мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды элементі болып мемлекеттік органдар мен білім беру, денсаулық сақтау және облыстың денсаулық сақтау мекемелерінің 140 басшылары қол қойған жеке жауапкершілік туралы құжат болды.

3. Сонымен қатар, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында облыс аумағында 513 адалдық дүкені ашылды (16 - мемлекеттік органдарда, 494-білім беру мекемелерінде).

4. Халық арасында "бизнесті және инвестицияларды қорғау", "Жетісу – адалдық алаңы", "Саналы ұрпақ – жарқын болашақ" Агенттік жобалары туралы ауқымды түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта белсенді қоғам қайраткерлерінің, облыстың әрбір ауданының танымал қоғам қайраткерлерінің және беделді азаматтарының қатарынан ақпараттық-насихаттау топтары (Мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тобына ұқсас) құрылды. Бірінші жартыжылдықта дәріскерлер тобының жұмысымен 40 мыңға жуық облыс тұрғыны қамтылып, заң мәселелері бойынша кеңес берілді.

5. Сонымен қатар, азаматтардың қол жетімділігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін әрбір ауылдық округте "e-gov"порталымен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында Жобалық кеңсенің штабтары ашылады. Тұрақты негізде бекітілген қызметкерлер тұрғындарға консультациялық көмек көрсетеді.

6. Біздің өмірімізден сыбайлас жемқорлықты жоюды қамтамасыз ету үшін барлық тұрғындар – жастар, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, әр тұрғынның тарапынан жемқорлықты қабылдамауды бірыңғай фронт арқылы қамтамасыз ету қажет. Бірақ бұл үшін біз қолданыстағы заңнаманы, оның қолдану құқығын білу маңызды екенін түсінеміз, сондай-ақ дәл қазір парасаттылық қағидаттарын тәрбиелеудің стратегиялық маңызы зор. Бұл сыбайлас жемқорлықтан таза және гүлденген қазіргі заманауи мемлекетте өмір сүруге, біздің балаларымыздың болашағы үшін іргетас қалауымыз қажет. Осы мақсаттар үшін мемлекеттік басқару академиясының базасында бірінші жарты жылдықта қала және аудан әкімдерін, облыс полиция департаментінің басшылық құрамын, мектеп директорларын, сондай-ақ дін өкілдерін оқыту ұйымдастырылды.

7. Бизнес пен Инвестицияларды қорғау жобасы аясында кәсіпкерлермен жұмыс жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге 465 млрд.теңгеден астам сомаға 23 компаниямен қол қойылды. Сонымен қатар, жобалық кеңсе кәсіпкерлер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Сауалнамаға облыстың 5 ауданынан 126 кәсіпкер қатысты. Сауалнама аудандық инвестициялық форумдарды ұйымдастыру барысында өткізілді. Респонденттерге 9 сұрақ қойылды. Сұралғандардың 50,8% - ын шағын бизнес субъектілері, 34,9% - ын орта бизнес субъектілері, 14,3% - ын ірі бизнес субъектілері құрады.

8. Қолданыстағы НҚА мониторингі және БАҚ-тағы жарияланымдар әдісімен әр түрлі ақпарат көздерінен мәлімет жинау барысында, жобалау офисі мониторинг және талдау әдісімен мынадай салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады: 1) Алматы облысының жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында дипломдық жұмыстар мен диссертацияларды сатып алу және сату мәселесі бойынша; 2) көлік құралдарын техникалық тексеру саласында (ватсап бойынша техникалық байқау, қашықтан техникалық байқау); 3) Алматы облысының көліктік бақылау саласында(ірі габаритті көлік құралдарын ауыстырып тиеу мәселесі) 4) денсаулық сақтау саласында (Алматы облысының арнайы мониторингтік тобы "Жетісу - адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен бірлесіп, Денсаулық сақтау саласындағы кезекті құқық бұзушықты анықтады: "Құпия сатып алушы" аймақтың ауруханаларының бірінде бірнеше сағат ішінде №083/у нысанды анықтама сатып алды. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша медициналық ұйымның басшысы әкімшілік жауапкершілікке және 230 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тартылды.

Жалпы, мониторинг қорытындысы бойынша "Жетісу - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар берді, бастамашылық хаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және Полиция Департаментіне, ҚР Білім және ғылым министрлігіне, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетіне жіберілді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүргізген жұмыстың арқасында "жол қозғалысы туралы" ҚР Заңына толықтырулар енгізілді. Бұл толықтырулар техникалық байқау станцияларында пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуге (бағдарламалық жабдықтау) қатысты. Бұдан былай техникалық байқау станцияларының барлық иелері бірыңғай оператор әзірлеген бағдарламалық жабдықтау – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" қолданатын болады, оған қойылатын талаптар бір ай ішінде бекітіледі.

9. Сондай-ақ, жобалық кеңсе "BilimMediaGroup" компаниясының кешенді IT-шешімдерін ұсынатын жобаны қарауға енгізді. Атап айтқанда, педагогтарды, директорларды және қызметкерлерді іріктеу және жалдау мәселелері бойынша жекелеген технологиялық шешімдер, ТжКБ-ға гранттарды қабылдау және бөлу жүйесі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған Білім беру ұйымдарына қабылдау жүйесі, мектеп олимпиадалары мен конкурстарды өткізу жүйесі, сабақ кестесін жасау және жүктемені бөлу құралы, сондай-ақ білім беру ұйымдарында ТЖ туралы хабарландыру құралы ұсынылды. Осы тізбеден 2 басым жобаны енгізу үшін қажетті сома шамамен 20 млн.тн құрайды. Қазіргі уақытта жергілікті жерлерде енгізудің техникалық мүмкіндіктері, сондай-ақ ұсынылған жобаларды іске асырудан экономикалық және әлеуметтік тиімділік талдануда.Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында мәслихат Талдықорған қаласының 28 ОМ базасында "Қауіпсіз мектеп" жобасын пилоттық режимде іске қосуды мақұлдады.

10. Полиция департаментінің қызметіне мониторинг жүргізу барысында, осы саланы реттейтін НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар берілді. Мақсаты-ЖП қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау себептері мен жағдайларын болдырмау. Сонымен қатар, ОА-ға техникалық қадағалау мен медициналық саланы цифрландыру бойынша ұсыныстар жіберілді.

11. Сондай-ақ "Адал алаңы" жобалық кеңсесі " Integrity job " жобасын жүзеге асырады, оның шеңберінде жобалық кеңсенің қызметкерлері мен АМТ мүшелері әр түрлі саланың қызметкерлері ретінде бір жұмыс күнін өткізеді. Осылайша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын кедергілерді анықтап отырады. Мониторинг құқық қорғау және денсаулық сақтау органдарының жұмысында жүргізілді.

12. Жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, біздің тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға, заңдарды өзгертуге және біздің азаматтардың әл-ауқатының өсуіне көмектесетін барлық өзге де рәсімдерге қатысу мүмкіндіктері туралы уақтылы ақпарат беру өте маңызды болып табылады. Осы мақсаттар үшін облыстың барлық аудандарында 100-ден астам банер, Digital agent мобильді қосымшасы туралы бейнероликтер орналастырылған, ол қызмет көрсету сапасын онлайн режимде бағалауға мүмкіндік береді, әлеуметтік желілердің 56 алаңдарында және БАҚ-пен ЖАО интернет ресурстарында орналастырылған. Сонымен қатар, 20 аудан мен қала әкімдіктеріне плакаттардың эскиздерін тарату тапсырылды.

13. Сондай-ақ, ақпарат тұрақты негізде облыс әкімдігінің, Департаменттің ресми ресурстарында және Фейсбук әлеуметтік желісінде орналастырылады. Фейсбук әлеуметтік желісінде топ ашылды https://www.facebook.com/groups/Jetisyadaldyqalany/. Әлеуметтік желілердегі белсенді жұмыс жалпы қол жетімді топ абоненттерінің санын айына 140-тан 1 400 адамға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Алайда, ауқымды қамту үшін осы топқа қатысушыларды барынша көбірек шақыру қажет, ол әлеуметтік сала мен мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты барлық оқиғаларды хабардар етуге мүмкіндік береді.

14. Қазіргі уақытта "ыстық шілде" акциясы аясында жобалық кеңсенің қызметкерлері, АМТ мүшелерімен бірлесе Текелі, Талдықорған, Көксу және Ескелді аудандарында мониторинг жүргізді. Оның қорытындысы бойынша көлік және медициналық салалардағы, сондай-ақ ХҚКО-тарындағы бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар енгізілген.

15. Сонымен қатар, республикада алғаш рет жергілікті полиция қызметі, 103-көмек Ахуалдық орталығы және БАҚ – пен бірлесіп "Жол бер-Өмір сыйла"атты әлеуметтік маңызы бар акция өткізілді. Облыс орталығында рейд жүргізіліп, "жедел жәрдем" автокөлігіне жол бермеген автокөліг жүргізушілеріне айыппұл салынды. Бұл акция жолдарда парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған және өңір тұрғындары арасында оң пікір алды.

Жалпы, өткен кезеңде «адалдық аланы» жобасының Республикалық бетінде 100-ден астам жарияланым орналастырылған (жалпы іске қосылған сәттен бастап 500-ден астам жарияланым орналастырылған). Департамент пен "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі осы бағытта азаматтарымыз үшін қолайлы жағдай жасау және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жұмысты жалғастыратынын атап өткіміз келеді.

Мемлекеттік органдардың басшылары өз қызметі туралы уақытылы ақпарат беру үшін, халықпен коммуникацияның қазіргі заманғы арналарын (халық арасында ең танымал мессенджерлер ретінде Фейсбук және инстаграммның әлеуметтік желілері) барынша пайдалана отырып, азаматтардың сенімін арттыру қажет. Негізгі мақсаты – жобалық Кеңсесіне ұсыныстар мен ұсынымдарды жіберу арқылы қолайлы жағдай жасауға жеке қатысу мүмкіндігі туралы облыс тұрғындарын ақпараттандыру.

Құрметті әріптестер, біз жобалық кеңсеміздің енгізілген ұсыныстары, жағдайды өзгертуге және әрбір қазақстандықтың өміріне қажетті жақсартулар енгізуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Біз, жобалық кеңсе сияқты алаң мемлекеттік органдар, бизнес-сектор, жастар және ҮЕҰ арасында оң тәжірибе алмасу үшін тамаша форматқа айналды деп есептейміз.

Өйткені, бәрімізде бір мақсат – тәртіпті қоғам тәрбиелеу және біздің ұрпақтарымыз үшін таза және қолайлы болашақ құру!

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.