A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Антикоррупционная политика

Антикоррупционная политика

Түсу тәртібі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 2), 5), 11) тармақшаларына, 17-бабының 4-тармағына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Мемлекеттік қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 
 

 
Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы
 

    
Тестілеу өтуге ниет білдіретін азаматтар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы  бойынша  департаментіне  төмендегі  құжаттарды   тапсыру тиіс:
       1)  белгіленген  нысандағы өтініш;
       2) білімі туралы құжаттардың  көшірмелері (салыстыру үшін түп  нұсқаларын  ұсынбаған  жағдайда  нотариатта куәландырылған);  
       3) еңбек қызметін  растайтын   құжаттың  көшірмесі (салыстыру үшін түп нұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған);
       4)  ЖСН  жеке  басын  куәландыратын  құжаттың  көшірмесі.
    Алматы  облысы  бойынша  департаментінің   мекенжайы: 040000, Талдықорған қаласы,  Тәуелсіздік көшесі, 38, каб.119, 426, анықтама телефондары: 8 (7282) 270928, 273475.
 

 

”Б“корпусының  бос  мемлекеттік  әкімшілік лауазымдарына  орналасуға  және  мемлекеттік әкімшілік  қызметтің  кадр  резервіне  тұруға үміткерлерге  тестілеу  бағдарламалары
 
       1. ”Б“корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және  мемлекеттік  әкімшілік  қызметтің  кадр  резервіне тұруға  үміткерлерге  тестілеу  бағдарламасы:
 
 
      1) E-1, E-2, E-R-1  санаттары  үшін:
      мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
      логикалық тест (10 тапсырма);
      Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ), ”Қазақстан Республикасының Президенті туралы“ (15 сұрақ),  ”Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы“ (15 сұрақ), ”Қазақстан Республикасының  Үкіметі  туралы“ (15 сұрақ).
      Конституциялық  заңдарын: ”Мемлекеттік  қызмет  туралы“ (15 сұрақ), ”Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы“ (15 сұрақ), ”Әкімшілік рәсімдер туралы“ (15 сұрақ), ”Нормативтік-құқықтық актілер туралы“ (15 сұрақ), ”Жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін қарау тәртібі туралы“ (15 сұрақ) Заңдарын  білуге  арналған  тест  сұрақтары  кіреді;
 
 
     2) басқа  санаттар   үшін: E-3, E-4,  E-R-2,  E-R-3,  E-R-4,  E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4
      мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
      логикалық  тест (10 тапсырма);
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), ”Қазақстан Республикасының Президенті туралы“ (15 сұрақ), ”Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы“ (15 сұрақ), ”Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы“ (15 сұрақ).                          Конституциялық заңдарын: ”Мемлекеттік  қызмет  туралы“ (15 сұрақ), ”Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы“ (15 сұрақ), ”Әкімшілік  рәсімдер  туралы“ (15 сұрақ), ”Жеке және заңды  тұлғалардың  өтініштерін  қарау тәртібі  туралы“ (15 сұрақ) Заңдарын  білуге  арналған  тест  сұрақтары  кіреді;
     Тестілеу бағдарламасынан өткен азаматтар Б корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін жарияланған конкурсқа қатысады. Конкурсқа қатысатын азаматтардың білімі тиісті  бекітілген  біліктілік  талаптарына  сай  болуы  қажет.
 

 

     Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекен-жай бойынша сәйкесті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде  азаматтардың  өздері   әкеліп   берген  немесе поштамен
жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін   папкада  орналастырылған)  құжаттары   қабылданады.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.