A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Антикоррупционная политика

Антикоррупционная политика

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер

 

«Алматы облысының

білім басқармасы» ММ

Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы стандартын бекіту туралы

 

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Алматы облысының білім басқармасы» ММ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «Алматы облысының білім басқармасы» ММ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартымен барлық аппарат қызметкерлері таныстырылсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басқарма басшысының орынбасары М. Омароваға жүктелсін.

 

 

Басқарма басшысы Л. Базарқұлова

 

 

 

 

 

 

 

 

А. Бухарова

Толығырақ


Ақпараттық бейнеролик


 

Алматы облысының білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шаралар туралы

09.12.2016 ж.

Бүгінгі күнде педагог қызметкерлердің алдында үлкен мақсат-міндеттер қойылған. Заман талабына сай мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі ерекше.

Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын орындау мақсатында әзірленген Педагогикалық әдеп қағидаларында педагог қызметкер өз қызметінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерге ата-аналарынан бастап өзін қоршаған барша әлемге құрметпен қарауға барынша мүмкіндік жасайды, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерінің жоғары атағының беделін түсіруге жол бермейді, өзінің адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады делінген.

Ендеше білім саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністердің алдын алуға, оны болдырмауға, педагог қызметкердің мәртебесін түсірмеуге бағытталған шараларды жоспарлы, жүйелі түрде жүзеге асыру қажет.

Алматы облысының білім басқармасымен білім саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністердің алдын алуға, оны болдырмауға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары жыл сайын бекітіледі.

Жоспарға сәйкес 2016 жылы білім басқармасы жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысында Талғар политехникалық және Сарқан гуманитарлық колледждерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарған жұмысы қаралып, қорытындысы бойынша бұл бағыттағы жұмысты ары қарай жалғастыру және қатаң бақылауға алу туралы ұсыныстар берілді.

Басқармада және облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Сенім телефондары», «Сенім жәшіктері» жұмыс жасайды. Мекеменің ресми сайтында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, мемлекеттік қызметке орналасу туралы конкурс өткізу, заңдар, нормативтік құжаттарды қамтитын бөлімдер ашылған және тұрақты жұмыс жасайды. Басқарма басшысының атына келіп түскен өтініштерге мерзімінде жауап беру, өтініштерде көтерілген мәселелер бойынша нақты шаралар қабылдап, заңға сәйкес шешім шығару қатаң бақылауға алынған.

Оқу жылының барысында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ашық сабақтар, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың білім алушылары арасында «Таза сессия» тақырыбында акциялар ұйымдастырылады.

Облыстың педагог қызметкерлеріне «Адалдық алаңы» сайты іске қосылғаны және осы сайттың тұрақты қолданушылары болып, Елдегі сыбайлас жемқорлықпен күресуге атсалысу мақсатында тіркелулеріне болатыны туралы ақпараттық хат жолданған болатын. Нәтижесінде өскелең ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу туралы міндеттерді қабылдай отырып, білім басқармасының қызметкерлері мен облыстың педагогикалық қауымы Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісімге қосылды.

Сонымен қатар, 5-11 сынып оқушылары арасында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылып, бүгінгі күнде қарқынды жұмыс жасалуда. Жас жеткіншектер Отан алдындағы борыштарын түсініп, болашақ үшін жауапкершіліктерін сезініп, «Адал Ұрпақ» клубына белсенділік танытып, тіркелуде.

Жемқорлықтың алдын алудағы атқарылған тағы бір қомақты шаралардың бірі бұл - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментімен бірлескен сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алу бойынша жергілікті жерлерде жиындар ұйымдастырылып, өткізілуі. Орта мектеп қабырғаларында ұйымдастырылған кездесулерге облыстың орта білім беру мекемелерінің, интернаттық мекемелердің және колледждердің басшылары, басқарма қызметкерлері барлығы 500-ден астам басшы қызметкерлер қамтылды. Аталған кездесулерде облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылары республика көлемінде атқарылып жатқан шаралар туралы хабарлама жасап, арнайы әзірленген бейнероликтерді педагогдардың назарына ұсынды. Шара қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды түп-тамырымен жоюға бағытталған жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту қажеттігі ескертілді.

Жаңа оқу жылының басталуына орай облыстың барлық білім беру ұйымдары басшыларымен жиналыстар ұйымдастырылып, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және оның алдын алуды көздейтін іс-шаралар жоспарларын бекітіп, жұмыстар атқару тапсырылды.

Саралап көрсек, білім беру мекемелерінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын өрескел бұзғаны туралы 2014 жылы 10 факті анықталса, 2015 жылы 7 қызметкер жауапкершілікке тартылды. Ал, 2016 жылдың басынан осындай 2 факті анықталып отыр. Бұл әлі де болса білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша атқарылған шараларадың жеткіліксіздігін және бұл бағыттағы жұмысты жандандыра түсу қажеттігін көрсетеді. Біздің мақсатымыз білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін түп-тамырымен жою, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға жол бермеу және мемлекет тарапынан қызмет көрсету кезінде оның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күнде халыққа қызмет көрсетулер электронды үкімет арқылы жүзеге асырылуда. Көрсетілетін қызметтердің ішіндегі бірі әрі өзектісі болып табылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына жолдама беруді оңтайландыру мақсатында 2016 жылдың 21 маусымында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» (мектепке дейінгі ұйымға жолдама беру) мәселесі бойынша мектепке дейінгі ұйымға жолдама беруді «электрондық үкімет» және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы комерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы беру Талдықорған қаласында пилоттық жоба іске қосылды.

Дүниежүзілік банкпен жұмыс істеу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары негізінде әзірленген жергілікті атқарушы органдарының білім беру ұйымдары басшыларын бағалауды жүргізудің жобасына негізгі көрсеткіштердің бірі болып басшының мемлекеттік білім беру саясатын қолдауы және түсінуін бағалаудың енгізілуі бекер емес.

Әрбір басшы өзіне жүктелген міндеттерді аса жауапкершілікпен қабылдай отырып, жоғары рухани-адамгершілік мәдениет, кәсібилікке талпыныс, заңға бағынушылық, басшылықтың демократиялық стиліне сенімділік сияқты басты құндылықтарды ұстануы қажет.

Білім беру саласының әрбір қызметкері сыбайлас жемқорлық көріністерінің болдырмауын көкейінде ұстауы және олардың алдын алу мақсатында барынша атсалысуы қажет.

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2016 жылға іс-шаралар жоспары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда қамтылатын кейбір ұғымдарды түсіндіру

Осы Заңда қамтылатын ұғымдар мынадай мағынада қолданылады:
1) жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам – мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымды атқаратын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, судья, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саяси лауазымды не «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымын атқаратын адам;
2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнаулы уәкiлеттiк бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
3) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметші, мәслихат депутаты, сондай-ақ мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін уақытша орындайтын адам;
4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам – жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органының мүшелігіне кандидаттар ретiнде тiркелген азамат; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан жүргізілетін қызметшi; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілері;
5) мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін;
6) сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – осы Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласын үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);
12) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;
13) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің байланыс телефондары:

Департамент басшысы

Кенжеқұлов Жандос Отарұлы
тел.: +7 (7282) 60-97-41

Мекенжайы:                   

040000, г. Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, д. 36/42
тел.: +7 (7282) 24-70-13, факс: 60-98-13

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.