A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Антикоррупционная политика

Антикоррупционная политика

Мемлекеттік қызмет имиджі

«Нұр Отан» ХДП республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөзінен алынған мемлекеттік қызметшінің 8 этикалық ережесі

 
Мемлекеттік қызметші  келесі этикалық ережені басшылыққа алуы тиіс
  1. Ол билік пен өкілеттілігін адал және дұрыс жұмсауы керек.
  2. Мемлекеттік қызметте өзінің қамы үшін емес, мемлекеттің игіліне жұмыс істеуі керек, мемлекеттік қаражатты өзінің қалтасымен шатастырмауы керек.
  3. Шенеунік “Қалай өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек.
  4. Заң талаптарымен толық келісіп,  өмір сүруі өте маңызды.
  5. Кез келген орында, кез келген қызметте,  қандай да жағдай болмасын өз елінің халқы мен азаматтарының сенімін жоғалтпай, жұмыс істеу керек.
  6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділеттіліктің, сыпайылылықтың өнегесі болуы керек, адам арасында өзін ұстай білу керек.
  7. Ұжымды басқармай тұрып, өзі бағана білуі керек, өзінің қызметкерлерінен талап ететінін, өзі орындай алуы керек.
  8. Егер мемлекеттің мүддесіне зиян тигелі немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекет дайындалып жатқанын байқаған жағдайда, дереу іске араласып, шара қолдану қажет.
Мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне арналған рухани талаптардың бұл  тек бөлігі ғана болып келеді.
Біз мемлекеттік қызметке және билікке тек мен белгілеген этикалық ережені қатал түрде орындайтын адамдарды ғана тәрбиелеп, алуымыз керек.
Отанымыздың гүлденуіне барын жасайтындар, еліміздің адал патриоты болып келеді.

 
Мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін қалыптастыру және күшейту туралы ақпарат
 
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев елді тиімді басқару үшін  мемлекеттік қызметшінің білуіне қажетті негізгі сапаларды атап өтті. Бұл – жоғары рухани жауапкершілік, кәсіптік білім, және-де оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық, белсенді өмір позициясы.  Мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының барлық маңызын білуі тиіс, өз елінің патриоты болуы керек – және мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру үшін барлық шараларды қолдануы керек.
Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің позитивті имиджін қалыптастыру және күшейту болып келеді. 2030 жылға дейін Қазақстанды дамыту стратегиясындағы ұзақ мерзімді басымдылықтың  бірі  кәсіптік мемлекетті құру болып келеді. Мемлекеттің алдында тұрған жоғары кәсіптік мемлекеттік қызмет пен басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді жүзеге асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптігімен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік қызметшінің позитивті имиджіне ұсынылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінде көрсетілген, «мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет атынан аса сенім артуы деп есептеледі және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және рухани — этикалық бейнесіне жоғары талаптар ұсынады.
Қостанай қаласының әкімдігімен мемлекеттік қызметтің оң имиджін және беделін қалыптастыру бойынша үнемі жұмыс жүргізілуде.
Имиджді көтеру бойынша жұмыстарды бірінші кезекте біздің басты жетістігіміз болып келетін біздің жас мемлекеттік қызметшілерімізге бағыттаймыз.
Мысалы, Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері жыл сайын „Мемлекеттік қызметшінің позитивті имиджі“ атты біліктілікті арттыру курсына жіберіледі.  Осылайша 2011 жылы 4 адам оқылды. Өңірлік біліктілікті арттыру және Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау орталығы 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына  бұл тақырыпты бермеді.
Әкімдіктің мемлекеттік қызметшілері қатысқан Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысымен өткізілген дөңгелек үстелде  қатысушылардың осы мәселеге үлкен ықылас артқаны байқалды. Мемлекеттік қызметті дамытудағы барлық жетістіктер, мәселелер, сонымен қатар жұмыс сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтің беделін күшейту жолдары туралы қызық әңгіме  болды.
Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруды  сапалы шешу — біз үнемі жұмыс істейтін күрделі мәселе екенін біз жақсы ұғынамыз.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.