A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Антикоррупционная политика

Антикоррупционная политика

ҚР Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы" заңы

Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113 Заңы
 
"Егемендi Қазақстан" 2000 жылғы 16 желтоқсан N 317-318
 
МАЗМҰНЫ
      Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесi мен бiлiм берудi жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарының және Жасөспiрiмдер үйлерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
      1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
      1. Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерiнде бағып-күтiлуiне, тәрбиеленуiне, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм берумен қамтамасыз етiлуiне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
      2. Осы Заңмен реттелмеген қатынастарға өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң нормалары қолданылады.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      2-бап. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсiндегi
             балалар ауылдары және Жасөспiрiмдер үйлерi
             туралы заңдары
      1. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарында және Жасөспiрiмдер үйлерiнде тәрбиеленушi-балалардың бағып-күтiлуiн, тәрбиеленуiн, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм берумен қамтамасыз етiлуiн реттейтiн заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
      2. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шартқа орай оның қолданылуы үшiн Қазақстан Республикасының Заңын шығару талап етiлетiн жағдайлардан басқа реттерде тiкелей қолданылады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      3-бап. Осы Заңның негiзгi принциптерi мен мiндеттерi
      1. Осы Заң адамгершiлiк, әдiлеттiлiк, адамның еркiн дамуы, тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн басымдылықпен қорғау, балалар ауылы және Жасөспiрiмдер үйлерi отбасы мүшелерiнiң өзара көмек және қолдау көрсету принциптерiне негiзделедi.
      2. Осы Заң балалар үйлерiн кезең-кезеңiмен балалар ауылдарына айналдыруға және елде отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерiн құруға бағытталған, олардың қызметi мынадай мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етуге тиiс:
      1) тәрбиеленушiлердiң бағып-күтiлуi, тәрбиеленуi, олардың бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм алуы үшiн, соның iшiнде олардың дене бiтiмi, психикалық, имандылық және рухани дамуына әсер ететiн жағдайлар жасау;
      2) тәрбиеленушiлердiң медициналық-психологиялық оңалуын және әлеуметтiк бейiмделуiн қамтамасыз ету;
      3) тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың психофизикалық жай-күйiн нығайту және профилактикалық шаралар жүргiзу;
      4) тәрбиеленушiлерге еңбек ету дағдыларын сiңiру, еңбек рыногында талап етiлетiн кәсiптерге оқытып-үйрету;
      5) тәрбиеленушiлерге болашақ кәсiбiн дұрыс таңдауға және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
2-тарау. БАЛАЛАР АУЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕНУШIЛЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
      4-бап. Балалар ауылының тәрбиеленушi-балалары
      Балалар ауылының тәрбиеленушi-балалары (тәрбиеленушiлер):
      1) жетiм балалар - ата-анасының екеуi де немесе жалғызiлiктi шешесi (әкесi) қайтыс болған 18 жасқа дейiнгi балалар;
      2) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар - ата-аналарының ата-ана құқығы шектелуiне немесе ата-ана құқығынан айырылуына, ата-аналары хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, iс-әрекетке қабiлетсiз (iс-әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-аналарының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүруiне, ата-аналарының балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, соның iшiнде ата-аналардың тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен өз балаларын алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқорлығы болмауының өзге де жағдайларында жалғызiлiктi шешесiнiң (әкесiнiң) немесе ата-анасының екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған 18 жасқа дейiнгi балалар.
      5-бап. Тәрбиеленушiнiң балалар ауылы отбасында тұру
             және тәрбиелену құқығы
      1. Әрбiр тәрбиеленушi өзi он сегiз жасқа толғанға дейiн балалар ауылы отбасында тұруға және тәрбиеленуге құқылы.
      2. Тәрбиеленушiнiң:
      1) өзiнiң адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне;
      2) тәрбиешi-ана тарапынан қамқорлық көруiне және онымен бiрге тұруға;
      3) тәрбиешi-ана және балалар ауылы әкiмшiлiгi тарапынан қиянат жасалуынан қорғалуға құқығы бар.
      6-бап. Тәрбиеленушiнiң өз пiкiрiн бiлдiру құқығы
      1. Тәрбиеленушi отбасында өзiнiң мүдделерiне қатысты кез келген мәселенi шешу кезiнде өз пiкiрiн бiлдiруге құқылы.
      2. Тәрбиеленушi өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты кез келген сот iсiн немесе әкiмшiлiк iстi қарау барысында сөзiн тыңдатуға құқылы.
      Жасы онға толған тәрбиеленушi пiкiрiнiң, бұл оның мүдделерiне қайшы келетiн реттердi қоспағанда, ескерiлуi мiндеттi.
      Тәрбиеленушiнiң пiкiрi:
      1) тәрбиешi-ана бiлiм беру мекемесiн және оқыту нысанын таңдаған кезде;
      2) тәрбиешi-ана отбасылық тәрбие мен бiлiм беруге қатысты мәселелердi шешкен кезде;
      3) сот баланы тәрбиешi-анадан өз ата-анасына қайтару туралы олардың талаптарын қараған кезде;
      4) сот баланың ата-анасының ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда;
      5) сот баланың ата-анасының ата-ана құқықтарын шектеудiң күшiн жою туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда ескерiледi.
      7-бап. Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн
             қорғауға құқығы
      1. Балалар ауылының тәрбиеленушiсiнiң өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға құқығы бар.
      Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды балалар ауылының әкiмшiлiгi, қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге асырады.
      2. Балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң балалар ауылының әкiмшiлiгi, сондай-ақ тәрбиешi-ана тарапынан қиянат жасалуынан қорғалуға құқығы бар.
      Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған, соның iшiнде балалар ауылының әкiмшiлiгi, сондай-ақ тәрбиешi-ана оны бағып-күту, тәрбиелеу, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм алу жағдайларын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған немесе дұрыс орындамаған не олар өз құқықтарын асыра пайдаланған жағдайда, бала өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғаннан кейiн - сотқа өз бетiнше өтiнiш жасауға құқылы.
      3. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қатер төнгенi туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғандығы туралы мәлiм болған ұйымдардың лауазымды адамдары және өзге де азаматтар бұл жөнiнде баланың нақты орналасқан жерiндегi қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға мiндеттi. Мұндай мәлiметтердi алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      8-бап. Тәрбиеленушiнiң тұрғын үйге құқығы
      1. Тәрбиеленушi балалар ауылында болған бүкiл кезеңде мемлекеттiк тұрғын үй қоры үйлерiндегi тұрғын үйдi жекешелендiрген жалдаушының отбасындағы басқа мүшелерiмен бiрге ортақ бiрлескен меншiкке құқығын сақтайды. Ортақ бiрлескен меншiктегi, соның iшiнде балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң ортақ бiрлескен меншiгiндегi жекешелендiрiлген тұрғын үйдi иелiктен айыруға тек барлық меншiк иелерiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi. Тәрбиеленушiнiң атынан мұндай тұрғын үй-жайды иелiктен айыру жөнiндегi мәмiленi жасауға келiсiмдi қорғаншы және қамқоршы орган бередi.
      2. Ата-аналарынан, туыстарынан немесе басқа адамдардан өзiне мұрагерлiк немесе сыйға тарту тәртiбiмен және басқа да заңды негiзде ауысқан жекешелендiрiлген тұрғын үйге меншiк құқығы бар тәрбиеленушi балалар ауылында болған барлық кезеңде оған құқығын сақтайды.
      3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй тәрбиеленушiге ол балалар ауылында болған барлық уақыт iшiнде сақталады.
      4. Тұрғын үйi жоқ тәрбиеленушi балалар ауылында болуы аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқылы.
      9-бап. Тәрбиеленушiнiң мүлiкке құқығы
      Тәрбиеленушiнiң:
      1) өзi сыйға тарту, мұрагерлiк тәртiбiмен және басқа заңды негiзде алған мүлiкке;
      2) банк салымынан проценттер түрiнде алынған табыстарға;
      3) өзiне тиесiлi тұрғын үйдi жалға беруден алынған табыстарға;
      4) шығармашылық, кәсiптiк, еңбек және өзге де қызметтен түскен табыстарға меншiк құқығы сақталады.      
      10-бап. Тәрбиеленушiнiң әлеуметтiк төлемдерге құқығы
      1. Тәрбиеленушiнiң ата-аналарынан алынатын өзiне тиесiлi алиментке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәрдемақылар мен басқа да төлемдерге құқығы бар. Z980321
      2. Балалар ауылында тұратын тәрбиеленушiнi бағып-күтуге ата-аналарынан өндiрiп алынатын қаражат, оған тағайындалған жәрдемақылар мен басқа да төлемдер банктердегi банк шоттарына тәрбиеленушiнiң атына аударылуға тиiс.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.11. N 185-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
3-тарау. ОТБАСЫ YЛГIСIНДЕГI БАЛАЛАР АУЫЛЫ (БАЛАЛАР АУЫЛЫ)
      11-бап. Балалар ауылындағы отбасы
      1. Балалар ауылындағы отбасы - балаларды тәрбиелеудiң жаңа нысанынан туындайтын, отбасылық қатынастарды нығайтуға және еңбек дағдыларын сiңiруге, оқыту мен тәрбиелеуге жәрдемдесуге бағытталған жеке мүлiктiк емес құқықтармен және мiндеттермен байланысты адамдар тобы.
      2. Балалар ауылында балаларды бағып-күтудi және тәрбиелеудi  бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган  белгiлеген тәртiппен конкурстық iрiктеуден өткен тәрбиешi-ана отбасында жүзеге асырады.
      3. Балалар ауылындағы отбасы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      12-бап. Балалар ауылының құқықтық мәртебесi
      1. Балалар ауылы - тәрбиеленушi балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және осы Заңмен белгiленген функцияларды орындау үшiн коммерциялық емес ұйым ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылатын заңды тұлға.
      Мемлекет Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар арқылы балалар ауылының құрылтайшысы бола алады.
      2. Балалар ауылының оқшауланған аумағы болады, оның ең аз көлемiн, онда орналасқан пәтер үлгiсiндегi тұрғын үй-жайларды, әкiмшiлiк үйлер мен отбасыларының тұруына арналған ғимараттарды, сондай-ақ үй iргесiндегi және қосалқы (үй) шаруашылықты қоса, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      3. Балалар ауылы, әрқайсысында жасы он сегiзге дейiнгi жетiден он тәрбиеленушi балаға дейiн тұратын және тәрбиеленетiн бiрнеше отбасынан, сондай-ақ белгiлi бiр кезеңде жасы 23-ке дейiнгi балалар үйлерiнiң түлектерi мен балалар ауылының тәрбиеленушiлерi тұруға арналған Жасөспiрiмдер үйлерiнен тұрады.
      4. Балалар ауылы, әдетте, шағын және орташа қалаларда, селолық елдi мекендер мен iрi қалалар маңындағы аймақтарда орналасады.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
      13-бап. Балалар ауылының қызметiн басқару
      1. Балалар ауылының қызметiн басқаруды балалар ауылының құрылтайшысы оның Жарғысына сәйкес тағайындайтын әкiмшiлiк жүзеге асырады.
      2. Балалар ауылы әкiмшiлiгiнiң негiзгi қызметiне: V011629
      1) балалар ауылының жұмыс iстеуiне қалыпты жағдай жасау және Жасөспiрiмдер үйлерiнiң материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
      2) оқу-тәрбие процесiне басшылық жасау;
      3) балалар ауылының инфрақұрылымын жетiлдiру;
      4) балалар ауылына келiп түскен қаражатты материалдық қамтамасыз ету нормаларына сәйкес тәрбиешi-аналардың арасында бөлу;
      5) тәрбиешi-аналардың, Жасөспiрiмдер үйлерi директорларының ай сайынғы қаржы есептерiн қабылдау және талдау жатады.
      3. Балалар ауылының әкiмшiлiгi туралы ереженi бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
      14-бап. Тәрбиешi-анаға қойылатын талаптар
      1. 30 жасқа толған, тиiстi бiлiмi бар, некеге тұрмаған және өзiнiң туған не асырап алған балалары (қыздары) жоқ Қазақстан Республикасының азаматшасы:
      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған адамдарды;
      2) сот ата-ана құқығынан айырған немесе сот арқылы ата-ана құқығы шектелген адамдарды;
      3) өзiне заңмен жүктелген мiндеттердi дұрыс орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерiнен шеттетiлгендердi;
      4) бұрынғы бала асырап алушыларды, егер өздерiнiң кiнәсiнен олардың бала асырап алушылығы жағдайын сот жойған болса;
      5) соттылығы бар адамдарды;
      6) денсаулық жағдайына қарай бала тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, тәрбиешi-ана бола алады. Адамның тәрбиелеуге бала қабылдап алуға болмайтын аурулары тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      2. Бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган тәрбиешi-аналардың бiлiктiлiк санаттарын әзiрлейдi және белгiлейдi.
      3. Тәрбиеленушi-балалардың мүдделерiн неғұрлым толығырақ қамтамасыз ету үшiн қорғаншы және қамқоршы органдарда балалар ауылының тәрбиешi-аналарына кандидаттар арасынан резервтегi тәрбиешi-аналар болуы мүмкiн.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
      15-бап. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеу
      1. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеудi балалар ауылы әкiмшiлiгi өкiлiнiң қатысуымен, қорғаншы және қамқоршы органдардың жолдамасы негiзiнде тәрбиешi-ана жүзеге асырады.
      2. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеген кезде қорғаншы және қамқоршы органдар оған мұрагерлiк, сыйға тарту тәртiбiмен немесе басқа да заңды негiздер бойынша берiлген мүлiктiң бар екендiгiн анықтауға және балалардың мүлiкке құқығын қорғаудың және осы мүлiктi сақтаудың тиiстi шараларын қолдануға мiндеттi (заң бойынша балаларға мұрагерлiкке өтуге тиiс мүлiктi анықтау, сақтау және басқару; мүлiктi заңсыз иеленген адамнан оны талап ету; борышқорлардан ақшаны өндiрiп алу және басқалары).
      3. Егер балалар ауылына берiлген балалардың басқа жерде тұрған мүлкi болса, онда бұл мүлiктi қорғауды мүлiк тұрған жердегi Қорғаншы және Қамқоршы орган жүзеге асырады және қажет болған жағдайда олар мүлiкке қорғаншы тағайындауы мүмкiн.
      4. Балалардың мүлiктi басқаруға қажеттi ақшаларынан басқа, ақшалай сомалары мен бағалы қағаздары (егер осылай ету талап етiлсе) банкке салынады және есепшоттың бар екендiгi туралы құжаттар тәрбиешi-анаға берiлiп, балалар ауылының әкiмшiлiгiнде сақталады.
      16-бап. Балаларды балалар ауылы отбасына берудiң
              тәртiбi
      1. Балаларды отбасында бағып-күту, тәрбиелеу, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм берумен қамтамасыз ету тәрбиешi-ана мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған балаларды беру туралы шарт негiзiнде жүзеге асырылады. Балаларды балалар ауылы отбасына беру туралы үлгi шартты бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi.
       2. Балаларды отбасына берген кезде қорғаншы және қамқоршы орган олардың мүдделерiн басшылыққа алады.
      Балаларды отбасына беру олардың пiкiрi және тәрбиешi-аналардың тiлегi ескерiле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған балалар, балалар ауылы отбасына, олардың келiсiмiмен берiлуi мүмкiн.
      Балалар ауылы отбасына берген кезде балалардың мүддесiне орай олардың этникалық шығу тегi, белгiлi бiр дiндi және мәдениеттi ұстанатындығы, ана тiлi, тәрбие мен бiлiм беруде сабақтастықты қамтамасыз етудiң мүмкiндiктерi ескерiлуге тиiс.
      3. Бiрге туған ұл-қыздар, медициналық не басқа да себептермен бiрге тәрбиеленуге болмайтын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасына берiлуге тиiс.
      4. Балалар ауылына берiлетiн әрбiр балаға арнап қорғаншы және қамқоршы органдар тәрбиешi-аналарға мынадай құжаттар тапсырады:
      1) тууы туралы куәлiк;
      2) денсаулығы туралы анықтама және баланың сырқаты тарихынан үзiндi көшiрме;
      3) анасының денсаулығы және оның босану жағдайы туралы анықтама (бала перзентханадан, босану бөлiмшесiнен берiлген жағдайда);
      4) бiлiмi туралы құжат (мектеп жасындағы балалар үшiн);
      5) ата-аналары туралы құжаттар (қайтыс болғандығы туралы куәлiктiң көшiрмесi, соттың үкiмi немесе шешiмi, ата-аналарының сырқаты, оларға iздестiру туралы анықтама және ата-аналарының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуi мүмкiн еместiгiн растайтын басқа да құжаттар);
      6) ағасы, iнiсi, апасы, сiңлiсi, қарындасы бар екендiгi және олардың тұрғылықты жерi туралы анықтама;
      7) балаға тиесiлi мүлiктiң тiзiмдемесi және оның сақталуы үшiн жауапты адамдар туралы мәлiметтер;
      8) бұрыннан тұрып келген тұрғын үй алаңын кәмелетке толмағандарға бекiтiп беру туралы құжаттар;
      9) алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi, сондай-ақ жәрдемақыға, зейнетақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын растайтын құжаттар;
      10) банк мекемесiнде баланың атына ашылған шоттың бар екендiгi туралы құжат;
      11) өзге де құжаттар.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      17-бап. Балалар ауылының отбасына балаларды беру
              туралы шарт
      1. Балаларды беру туралы шартта олардың бағып-күтiлу, тәрбиелену және бiлiм алу жағдайлары, тәрбиешi-ананың құқықтары мен мiндеттерi, қорғаншы және қамқоршы органның тәрбиешi-аналарға қатысты мiндеттерi, сондай-ақ мұндай шарттың күшiн жоюдың негiздемесi мен салдарлары көзделуге тиiс.
      Балалар тәрбиешi-аналардың тәрбиесiне он сегiз жасқа толғанға дейiнгi мерзiмге берiледi.
      2. Балалар ауылының отбасына балаларды беру туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзу:
      1) дәлелдi себептер болған жағдайда (сырқаттануына, отбасы жағдайының өзгеруiне байланысты және өз мiндеттерiн орындауға мүмкiндiгi болмайтын басқа да жағдайларда), тәрбиешi-аналардың бастамашылығы бойынша;
      2) тәрбиешi-ана өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарса, өз құқықтарын асыра пайдаланса, балаларға қатыгездiкпен қараса, оның iшiнде оларға күш көрсетсе немесе психикалық қысым жасаса және балаларды бағып-күту, тәрбиелеу және оларға бiлiм беру үшiн басқа да қолайсыз жағдайлар туындаған кездерде, қорғаншы және қамқоршы органдардың бастамашылығы бойынша;
      3) балаларды ата-аналарына қайтарғанда немесе ұл баланы (қыз баланы) асырап алған жағдайда;
      4) балаларды отбасына беру туралы шарттың талаптары бұзылған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн.
      3. Тәрбиешi-аналардың бастамашылығы бойынша балаларды балалар ауылының отбасына беру туралы шарт мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда осындай шартты қорғаншы және қамқоршы орган резервтегi тәрбиешi-аналардың бiрiмен немесе бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен конкурстық iрiктеуден өткен адаммен жасайды.
      18-бап. Тәрбиешi-ананың балаларды тәрбиелеу және
              оларға бiлiм беру жөнiндегi құқықтары мен
              мiндеттерi
      1. Тәрбиешi-ана балалардың пiкiрi мен қорғаншы және қамқоршы органның ұсыныстарын ескере отырып, балаларды тәрбиелеу әдiстерiн өз бетiнше айқындауға құқылы.
      Тәрбиешi-ана балалардың пiкiрiн ескере отырып, бiлiм беру ұйымы мен оқыту нысандарын таңдауға құқылы және балалардың бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм алуына жағдай жасауға мiндеттi.
      2. Тәрбиешi-ана өзiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде балалардың дене бiтiмiне және психикалық саулығына, олардың имандылық рухында дамуына залал келтiрмеуге тиiс. Тәрбиелеу әдiстерi балаларға енжар қараушылықты, қатыгездiктi, дөрекiлiктi, олардың адамдық абыройын кемсiтудi, ар-ұжданы мен намысын қорлауды болдырмауға тиiс.
      3. Тәрбиешi-ана балаларды тәрбиелеуге, олардың денсаулығы, дене бiтiмiнiң, психикасының, имандылық және рухани жағынан дамуы жөнiнде қамқорлық жасауға мiндеттi.
      Тәрбиешi-ана отбасында имандылық-рухани және үйiшiлiк ахуал жасау жөнiндегi өзiне жүктелген мiндеттердi адал атқаруға тиiс.
      4. Тәрбиешi-ана өзiне берiлген баланың құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      5. Өз мiндетiн тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен мүдделерiне залал келтiре отырып атқарған тәрбиешi-ана Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауапкершiлiктi ата-аналармен бiрдей көтередi.
       Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптанқараңыз) Заңымен.
      19-бап. Тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен мүдделерiн
              қорғау жөнiндегi әкiмшiлiктiң құқықтары мен
              мiндеттерi
      1. Балалар ауылының әкiмшiлiгi, тәрбиеленушi-балалардың кез келген жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарында, оның iшiнде соттарда, бұған арнайы өкiлеттiктерi болмаса да, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға әрекет ететiн заңды өкiлi болып табылады.
      2. Егер қорғаншы және қамқоршы орган әкiмшiлiк пен балалардың мүдделерi арасында қайшылықтар бар екенiн анықтаса, әкiмшiлiк балалардың мүдделерiн қорғауға құқылы емес. Олардың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган басқа өкiл тағайындауға тиiс.
      3. Балалар ауылының әкiмшiлiгi тәрбиеленушiлердiң денсаулық жағдайы туралы, оны тәрбиелеу жөнiндегi, сондай-ақ тәрбиеленушiнiң мүлкiн басқару жөнiндегi жұмысы туралы қорғаншы және қамқоршы органға кем дегенде жылына бiр рет есеп берiп отыруға тиiс.       
      20-бап. Әкiмшiлiктiң тәрбиеленушiнiң мүлкiн басқару
              жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi
      1. Әкiмшiлiктiң тәрбиеленушiнiң мүлкiн иелiктен айыру жөнiнде мәмiле жасауына (тәрбиеленушiнiң мүлкiн сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту, оны кепiлге беру, заң бойынша және өсиет бойынша тәрбиеленушiге тиiстi мұрагерлiк құқықтан бас тартуға әкеп соғатын мәмiле, оның мүлкiн бөлу немесе одан үлес бөлiп беру), сондай-ақ мүлiктiң кемуiне әкеп соғатын кез келген басқа да мәмiлелерге, қорғаншы және қамқоршы органның келiсiмiмен тәрбиеленушiнiң мүлкiн жалдауға (жалға) беру жөнiндегi әкiмшiлiк жасаған мәмiлелердi қоспағанда, жол берiлмейдi.
      2. Мүлiктi жалдауға (жалға) беруден түскен кiрiстi әкiмшiлiк тәрбиеленушiнiң банктегi банк шотына аударып отырады.
      Мәмiлелерден түскен кiрiстi әкiмшiлiк тек тәрбиеленушiнiң мүддесiне ғана, қорғаншы және қамқоршы органның келiсiмiмен, жұмсай алады.
      3. Тәрбиеленушiнi ата-анасына қайтарған жағдайда немесе оны балалар ауылынан шығарғаннан кейiн тәрбиеленушiнiң мүлкi мен құжаттары нотариус куәландырған тiзiмдеме бойынша ата-аналарына немесе тәрбиеленушiнiң өзiне берiледi.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.11.  N 185-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      21-бап. Тәрбиеленушi-балалардың ата-аналарымен және
              басқа да жақын туыстарымен байланыстары
      1. Әкiмшiлiк тәрбиеленушiлердiң ата-аналарының құқықтары қалпына келтiрiлген, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және баланың мүдделерiне қайшы келмейтiн басқа да жағдайларда олардың ата-аналарымен байланыс жасауына және табысуына кедергi жасамауға тиiс.
      2. Әкiмшiлiк, сондай-ақ тәрбиеленушiнiң басқа да жақын туыстарымен (ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiмен және апа-сiңлiлерiмен, аталарымен, әжелерiмен) байланыс жасап тұруына, мұндай араласу баланың мүдделерiне сай келмейтiн жағдайларды қоспағанда, кедергi жасамауға тиiс.
      3. Тәрбиеленушiлермен ата-аналарының және басқа да жақын туыстарының байланыс жасауына әкiмшiлiктiң келiсiмiмен рұқсат етiледi.
      4. Тәрбиеленушiлердiң бұрынғы отбасына қайта оралуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4-тарау. ЖАСӨСПIРIМДЕР YЙI (ӘЛЕУМЕТТIК БЕЙIМДЕЛУ ОРТАЛЫҒЫ)
      22-бап. Жасөспiрiмдер үйi
      1. Балалар ауылының (балалар үйiнiң) балансында болатын жатақхана немесе пәтер үлгiсiндегi тұрғын үй Жасөспiрiмдер үйi болып табылады.
      Жасөспiрiмдер үйi жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен Балалар үйiнiң жанынан да құрылуы мүмкiн.
      2. Жасөспiрiмдер үйiнiң қызметiн балалар ауылының (балалар үйiнiң) әкiмшiлiгi Жасөспiрiмдер үйiнiң директорымен бiрлесе отырып, бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен Жасөспiрiмдер үйi туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
      23-бап. Жасөспiрiмдер үйiнiң мақсаттары мен мiндеттерi
      1. Жасөспiрiмдер үйiнiң негiзгi мақсаты - балалар ауылдарының тәрбиеленушiлерiне және балалар үйлерiнiң түлектерiне (әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн адамдарға) олардың өз тiлектерiне сай қоғамға, оның iшiнде еңбек рыногына бiте қайнасуына көмектесу.
      2. Жасөспiрiмдер үйi балалар ауылдарының тәрбиеленушiлерiн және балалар үйлерiнiң түлектерiн әлеуметтiк бейiмдеу мақсатында:
      1) қоғамдық өмiрге әлеуметтiк бейiмделу үшiн жағдай жасауға;
      2) жеке қабiлеттерiн дамытуға жәрдемдесу және кәсiби даярлығын қамтамасыз етуге;
      3) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөнiндегi мiндеттерiн орындауға тиiс.
      24-бап. Жасөспiрiмдер үйiнде әлеуметтiк бейiмделуден
              өтетiн адамдардың санаттары
      Балалар ауылы (балалар үйi) әкiмшiлiгiнiң шешiмi негiзiнде жасөспiрiмдер үйiнде әлеуметтiк бейiмделуден: V011629
      1) балалар үйлерi мен балалар ауылдарының 23 жасқа дейiнгi түлектерi;
      2) 16 жастан бастап балалар ауылдары мен балалар үйлерiнен ауыстырылған тәрбиеленушiлер өте алады.
      25-бап. Жасөспiрiмдер үйi директорының негiзгi
              мiндеттерi
      Жасөспiрiмдер үйiнiң директоры: V011629
      1. Еңбек рыногын:
      1) мүдделi ұйымдармен байланыстар орнату және ұйымдардағы бос жұмыс орындарын зерделеу;
      2) қосалқы шаруашылықтар, шағын-ағаш ұсташылық және слесарлық шеберханалар мен шағын кәсiпкерлiктiң басқа да объектiлерiн құру арқылы жүйелi түрде зерделеуге мiндеттi.
      2. Өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша балалар ауылының (балалар үйiнiң) әкiмшiлiгiмен өзара iс-қимылдарды жүзеге асыруға мiндеттi.
      26-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың
              өкiлдiгi
      1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдардың мүддесiн балалар ауылының (балалар үйiнiң) әкiмшiлiгi бiлдiредi.
      2. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 18 жастан 23 жасқа дейiн адамдар өздерiнiң азаматтық құқықтарын өз бетiнше жүзеге асырады және мiндеттер атқарады.
      27-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан
              адамдардың әрекет қабiлеттiлiгi
      1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оларды жүзеге асыруға, өзiне азаматтық мiндеттер жүктеуге, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде туындайды.
      2. Заң актiлерiнде он сегiз жасқа толғанға дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, 18 жасқа толмаған әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адам некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады.
      3. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның құқық қабiлеттiлiгiнен немесе әрекет қабiлеттiлiгiнен толық немесе iшiнара бас тартуы және құқық қабiлеттiлiгiн немесе әрекет қабiлеттiлiгiн шектеуге бағытталған басқа да мәмiлелер, заң актiлерiнде мұндай мәмiлелерге жол берiлетiн реттердi қоспағанда, жарамсыз болады.
      28-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан
              16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдардың
              әрекет қабiлеттiлiгi
      1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдар мәмiлелердi балалар ауылы әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны кәмелетке толмағандар жасайтын мәмiле үшiн заңдарда белгiленген нысанға сай келуге тиiс.
      2. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдар өздерiнiң жалақысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған санаткерлiк меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер жасауға құқылы.
      3. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның өз жалақысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өзi жасаған санаткерлiк меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн.
      4. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдар осы баптың ережелерiне сәйкес өздерi жасаған мәмiлелер бойынша дербес жауапты болады және өздерiнiң әрекеттерiмен келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң ережелерiне сәйкес жауапты болады.
      29-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан
              18 жасқа дейiнгi адамдардың банктерге салымдар
              салу және салымдарға билiк ету құқығы
      1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдар банктерге салымдар салуға және өздерi салған салымдарға өз бетiнше билiк етуге құқылы.
      2. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдар өздерiнiң атына басқа бiреу салған салымдарға өз бетiнше билiк етедi.
      30-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан
              адамдардың құқықтары мен мiндеттерi
      Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың құқықтары мен мiндеттерi балалар ауылы (балалар үйi) мен тәрбиеленушi (түлек) арасында жасалған Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шарт негiзiнде белгiленедi. Бұл шарт уәкiлеттi бiлiм беру органы бекiтетiн  Yлгi шарт негiзiнде жасалады.
      31-бап. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шартты
              тоқтату
      1. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шарт онда көзделген негiздерден басқа:
      1) 23 жасқа жеткенде;
      2) әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның шартты тоқтату туралы тiлек бiлдiруiмен;
      3) тәрбиеленушi (түлек) Жасөспiрiмдер үйiнде тұру ережелерiн қасақана бұзған жағдайда балалар ауылы (балалар үйi) әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен;
      4) заңдарда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
      2. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шартты тоқтату әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның Жасөспiрiмдер үйi жатақханасындағы орынға құқығын тоқтатады.
      32-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан
              адамның зиян келтiргенi үшiн жауаптылығы
      1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдар өздерi келтiрген зиян үшiн жалпы негiздер бойынша дербес жауапты болады.
      2. Егер әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi, қамқорлықты қажет ететiн адамдар заңға орай өзiнiң қамқоршысы болып табылатын балалар ауылында (балалар үйiнде) тұрып жатса, онда балалар ауылының (балалар үйiнiң) әкiмшiлiгi, егер зиян оның кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, зиянды толығымен немесе оның жетiспейтiн бөлiгiн өтеуге мiндеттi.
      3. Балалар ауылы (балалар үйi) әкiмшiлiгiнiң зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi залал келтiрушiнiң кәмелеттiк жасқа толуына қарай не оның кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi мүлкi немесе өзге де табыс көздерi пайда болса, не ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн әрекет қабiлеттiлiгiне ие болса, тоқтатылады.
5-тарау. БАЛАЛАР АУЫЛДАРЫ МЕН ЖАСӨСПIРIМДЕР
YЙЛЕРIНIҢ ТӘРБИЕЛЕНУШI-БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН
МЕМЛЕКЕТТIК КЕПIЛДIКТЕР
      33-бап. Тәрбиеленушi-балаларға арналған мемлекеттiк
              кепiлдiктер
      Тәрбиеленушi-балаларға арналған мемлекеттiк кепiлдiктер:
      1) тәрбиеленушi-балалардың дене бiтiмi жағынан, санаткерлiк, рухани және имандылық тұрғыдан дамуына жәрдемдесу, олардың бойына патриотизм мен азаматтықты сiңiру үшiн құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасауды;
      2) кәсiби бағдар жүйесiн құруды, бастапқы кәсiби даярлықты қамтамасыз етудi және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудi;
      3) балалардың бiлiм алу, сондай-ақ қызметi балалардың дем алуына және оларды сауықтыруға бағытталған мекемелер желiсiн сақтау және дамыту арқылы олардың демалу және сауығу құқықтарын қамтамасыз етудi;
      4) мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт саласында балалар мүдделерi үшiн мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен iске асыруды;
      5) егер балалар ауылына немесе балалар үйiне жiберiлгенге дейiн тұрып келген тұрғын үйлерiн оларға қайтарып беру мүмкiн болмаса, азаматтардың осы санаты үшiн көзделген тәртiппен тұрғын үй берудi;
      6) мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен және ұйымдармен бiрлесе отырып балаларды сауықтыру, дене тәрбиесi мен гигиеналық тәрбие жөнiнде шаралар өткiзу, балалар ауылдарының ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан балалар ауылдарындағы балалардың денсаулық жағдайларына бақылау жасау iсiн жүзеге асыруды қамтиды.
      34-бап. Отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен
              Жасөспiрiмдер үйлерiн дамытудағы
              мемлекеттiк органдардың рөлi
      Қорғаншы және қамқоршы органдар отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерiне тәрбиеленушi-балалардың бiлiм алуына және оларды тәрбиелеуде, емдеу-профилактикалық және психологиялық-диагностикалық жұмыста әдiстемелiк көмек көрсетуге, сондай-ақ олардың бағып-күтiлуi, тәрбиеленуi мен бiлiм алуы жағдайларына бақылау жасауды жүзеге асыруға, тәрбиешi-аналарға психологиялық-медициналық-педагогикалық мәселелер бойынша консультациялар беруге мiндеттi.
      35-бап. Тәрбиеленушi-балалар құқықтарының кепiлдiктерiн
              қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қаржыландыру
      1. Тәрбиеленушi-балаларды әлеуметтiк қорғаудың кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға арналған шығыстар құрылтайшылар қаражаты және заңмен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүргiзiледi.
      2. Бiр тәрбиеленушiнi тамақпен, киiммен, аяқ киiммен, жұмсақ жабдықтармен қамтамасыз ету нормалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
      36-бап. Мемлекеттiк мекемелердегi тәрбиеленушi-балалар
              құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету
              жөнiндегi шараларды қаржыландыру
      1. Атқарушы билiк органдары балалар ауылдарында және Жасөспiрiмдер үйлерiнде тәрбиеленушi-балалардың құқықтарын сақтау мен қорғау жөнiндегi нысаналы бағдарламаларды әзiрлеу мен орындауды бюджет қаражаты шегiнде жүзеге асырады.
      2. Тәрбиеленушiлер мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын балалар ауылдарында (балалар үйлерiнде) болған кездерiнде оларға толық мемлекеттiк қамтамасыз ету кепiлдiгi берiледi.
      3. Мемлекеттiк мекемелер жанындағы Жасөспiрiмдер үйлерiнде әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдарға, олар күндiзгi оқу нысанында техникалық және кәсiптiк немесе орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiм алғанға дейiн, толық немесе iшiнара мемлекеттiк қамтамасыз ету кепiлдiгi берiледi.
      Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Қазақстан Республикасының
      Президентi
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.