A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Антикоррупционная политика

Антикоррупционная политика

Басқарманың жұмысы жөнінде есеп

Алматы облысы білім басқармасының 2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2016 жылы жергілікті бюджеттен 16 млрд. 360 млн.теңге қаржы бөлініп, 16 млрд. 358 млн.теңге игерілді.

49 білім беру мекемесінде (2015 ж. – 49, 2016-2017 оқу жылының басында - 53) 3 ауысымда жобалық қуаты 20961 оқушыға арналған білім беру мекемелерінде 56566 оқушы білім алады.

Үш ауысымда оқитын мектептерді жою мақсатында 2015-2017 жылдарға арналған кезең-кезеңмен құрылыс жұмыстарының салыну жоспары құрылды. 51 мектепке қосымша 43 мектеп салу жоспарланды. 2016 жылы 8 мектеп "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында, 1 мектеп жергілікті бюджет есебінен салынып, пайдалануға берілді. 2017 жылы 44 мектеп (31-і ұлттық қор есебінен, 11-і жергілікті бюджеттен, 2-уі республикалық бюджеттен) салу жоспарланып отыр. Оның 36-ы (31-і ұлттық қор есебінен, 5-уі жергілікті бюджеттен) 2017 жылы пайдалануға беріледі, ал 8 білім беру ұйымы (6-ы жергілікті бюджеттен, 2 республикалық бюджеттен) құрылысының аяқталуы 2018 жылға жоспарлануда.

Облыста 34 білім нысанына күрделі жөндеу жұмыстары және 5 мектептің ауласын аббаттандыру жұмыстарына 7 млрд. 426,3 млн.теңге қаржы бөлінді.

2016 жылы білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту үшін жергілікті бюджеттен 1350,6 млн теңге бөлінді, оның ішінде білім мекемелеріне компьютерлік техниканы сатып алуға - 313,6 млн теңге, мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің материалдық техникалық базасын нығайтуға - 737,7 млн. теңге, білім беру мекемелерінде бейнебақылау жүргізуге - 74,3 млн. теңге қаражат бөлінді. 50 білім беру мекемелерінің жылу қазандықтарын сыртқа шығаруға 225,0 млн. теңге қаражат бөлінді.

Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектептерде жаңа модификациялы 323 (48,1%) – химия, 288 (42,9%)– биология, 338 (50,3%) – физика, 352 (52%) – лингафонды-мультимедиялық кабинеттері орнатылған.

2016 жылы оқулықтар мен оқу әдістемелік жинақтарды қамтамасыз етуге 3 млрд. 047 млн. 607 мың теңге қаржы бөлініп, 2017-2018 оқу жылына оқулықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 3 млрд.226 млн. 298 мың теңге қарастырылды. Оның ішінде 2,5,7 сыныптарды 100% жаңа мазмұндағы оқулықтармен қамтамасыз ету үшін 2 млрд. 310 млн. 222 мың теңге, ал кітап қорын жаңартуға (20%) - 916 млн. 076 мың теңге қарастырылды.

Облыста мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылға жоспарланған жоспардың орындалуы бойынша ағымдағы жылды 133 мектепке дейінгі мекеме іске қосылды (оның ішінде 3-і Ұлттық қор есебінен (920 орындық), 11-і ы жергілікті бюджет есебінен (650 орындық), 114-і жекеменшік (5955 орындық) 8-і мектеп жанындағы шағын орталық) және жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдардан ашылған қосымша топтарды қоса алғанда барлығы 9150 жаңа орын ашылды.

Бүгінгі күні 931 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасайды, онда 65,4 мың бала қамтылған. Оның ішінде 500 балабақшада 48,8 мың бала (мемлекеттік балабақша 184, жекеменшік 316) және 431 мектеп жанындағы шағын орталықта 16, 5 мың бала. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту – 87% артты.

Бұл салада мемлекеттік-жекеменшік секторы қарқынды даму белеңін алды. Облыс бойынша жекеменшік балабақша үлесі 63,2% құрайды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту түрі Іле (77), Талғар (60), Жамбыл (41), Талдықорған қ. (35), Қарасай (44), Панфилов (19), Еңбекшіқазақ (15), Ұйғыр (18) аудандарында қарқынды өсуде.

Мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында балабақша құрылысына инвесторларды тарту арқылы 2016 жылы Талғар ауданында 500 орындық, Талдықорған қаласында 320 орындық, Жамбыл ауданында 100 орындық балабақша жаңа құрылыс арқылы іске қосылды.

Облыста тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатынан балабақша ашу жұмыстары да қарастырылуда, мысалы, 2016 жылы Қарасай ауданы Іргелі ауылында «Асыл Арман» ықшам ауданындағы үйлердің бірініш қабатынан 125 орынға 2 жекеменшік балабақша ашылды.

2016-2017 оқу жылында облыста 33150 мұғалім жұмыс жасайды, оның ішінде жоғары санатты – 6245, бірінші санатты – 10490, бұл 50,5 % құрайды.

2016 жылдың 28 наурызы мен 12 тамызы аралығында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде біліктілік арттыру курсынан 6895 педагог өтті. Оның ішінде: бастауыш сынып мұғалімдері – 2319; қазақ тілі -1348; орыс тілі -800; ағылшын тілі -558; музыка -735; өнер -970; дене шынықтыру-165.

Педагогтардың кәсіби өсуі мен әдістемелік дайындығы бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені, қазіргі білім беру жүйесінде инновациялық өзгерістер болуда және бұл өзгерістердің талаптары да күшейе түсуде. 12 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалында білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курсына 50 облыстық, аудандық/қалалық білім бөлімі мамандары мен әдістемелік кабинет әдіскерлері, 366 мектеп директорлары, 366 директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасарлары, критериалды бағалау жүйесін енгізуде "Аймақтық және мектеп координаторларын оқыту" курсына - 764 педагог (707- жалпы орта білім беретін мектеп директорларының орынбасарлары, 45-облыстық, аудандық/қалалық әдістемелік кабинет әдіскерлері, 12-облыстық білім беру мекемелері директорларының орынбасарлары), барлығы 1546 педагог қамтылды.

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы мен үш тілділікті енгізуге байланысты біліктілікті арттыру курстарынан облыстың 5824, «Робототехника» элективті курс бағдарламасы бойынша 488 білім беру қызметкерлері оқытылды. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қолдауымен облыстың 10 мектебінде робототехника кабинеттері ашылды.

2016-2017 оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы бойынша әзірленген 1-сынып оқулықтары жалпы білім беретін мектептерге енгізіліп, 1-сынып оқушылары (47309 оқушы) жаңа мазмұн бойынша білім алуда. Облыстың екі мектебінде (Панфилов ауданы Хамраев атындағы ОМ, Талдықорған қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №10 ОМ) апробация ретінде 2-сыныптар да жаңартылған бағдарлама бойынша оқытылуда.

Республикалық «Үздік педагог» байқауында Әл-Фараби атындағы дарынды балаларға арналған арнаулы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гулдана Нұрдинқызы Елшіманова мен облыстық Ш.Смағұлов атындағы физика-математика орта мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Айжан Елеуқызы Абуовалар жүлдегер атанды.

2015-2016 оқу жылы облыс бойынша 13323 түлек (2015ж. –14342) мектеп бітірді. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша орташа балл – 80. (2015 жылы – 77). «Алтын белгі» белгісіне 364 үміткердің 216 өз білімдерін дәлелдеді, (2015 жылы - 349 түлек, оның 191-і білімдерін растады) үздік аттестатқа –172 оқушы (2015 жылы – 62 оқушы) ие болды.

«Е-learning» электрондық оқыту жүйесіне 140 білім беру ұйымдары қосылған. Жобаға енгізілген білім беру ұйымдарының техникалық инфрақұрылымын (жергілікті есептеуіш желі, мектептік сервер және компьютерлік парк) дамытуға мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 44,2 млн.теңге жұмсалды.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында әрбір орта білім беру ұйымында спорттық лига құру арқылы мектеп спорт секциялары желісін кеңейтуге 13,9 млн.теңге қаржы жұмсалды.

Білім беру ұйымдарында қызығушылықтар бойынша үйірмелер санының өсуін қамтамасыз етуге 38,7 млн.теңге қаражат бөлініп, игерілді.

Облыс бойынша мектебі жоқ 70 елді мекенде, саяжайларда және тиісті мектептері жоқ елді мекендерден тасымалдауды қажет ететін балалар саны -18251, оның 18053-і (99,0%) құрайды, 85 оқушы интернаттарға орналастырылса, 113 оқушы туысқандарының үйінде тұрып оқиды.

Облыс бойынша оқушыларды тасымалдайтын автобустар саны - 193, оның 54-і мектепке, 64 әкімшілікке қарасты, 75 автобус жергілікті атқарушы органдармен келісім шарт арқылы жеке кәсіпкерлерден жалға алынады.

Облыста 231 (31,1%) шағын жинақталған мектепте 18773 бала (5,3%) оқиды, оның ішінде 230 мектеп ауылды жерлерде орналасқан. Ауылдық жерлердегі оқушылардың сапалы білім алуға қолжетімділігін арттыру мақсатында облыста 9 тірек мектебі құрылған.

2016-2017 оқу жылында 741 мектептің 542-де (73,0%) ыстық тамақтандыру ұйымдастырылып, онда 311888 оқушы (88,7%) қамтылды. Оның ішінде әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасынан шыққан 26392 оқушы 100% тегін ыстық тамақпен қамтылды. Асханасы жоқ 91 мектепте буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған.

Дарынды балаларды анықтау мақсатында облыс көлемінде олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстары, әдістемелік жұмыстар, озат тәжірибе жинақтау және оны тарату жұмыстары қолға алынып, жүйелі түрде жүргізілуде.

Алматы облысының командасы 2015-2016 оқу жылында Дэджон қаласында (Оңтүстік Корея), Мәскеу, Королев қалаларында (Ресей Федерациясы), Тбилиси (Грузия) және еліміздің Байқоңыр, Көкшетау, Петропавл, Алматы қалаларында өткен республикалық, халықаралық олимпиада мен ғылыми жоба байқауларына қатысты.

Республикалық ғылыми жоба жарыстарына 36 оқушы қатысып, оның 13 (І орын-2, ІІ орын-5, ІІІ орын- 6) жүлделі орын, Көкшетау, Петропавл қалаларында өткен республикалық пәндер олимпиадасына 72 оқушы қатысып, 4 алтын, 9 күміс, 11 қола медальдарға ие болды. Қорытынды есепте құрама команда жүлделі ІІ орынды және «Үздік олимпиадалық команда» атағын тағы да растады.

Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарына облыстан 178 оқушы қатысып 135 медальді иеленді, оның 9-і алтын, 34-і күміс,92-і қола медаль.

Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық, қылмыстың алдын алу және болдырмау бағытында ІІД жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып «Түнгі қаладағы балалар» және «Түнгі қала» акциялары аясында 523 рейдтік шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Шараға 121 полиция қызметкерлері, 430 білім саласының мамандары, 270 ата-аналар комитеттері қатысты.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында барлық үлгідегі білім беру ұйымдары, жергілікті полиция қызметі, аудандық, қалалық ішкі істер бөлімдерінің бірлескен іс-шаралар жоспары құрылып, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Облыс аумағындағы 742 жалпы білім беретін мектептер мен 732техникалық1және кәсіптік білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтік жағдайлардың алдын алу мақсатында психологтар, сынып жетекшілері, мейірбикелер, мектеп инспекторлары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының құрамымен бекітілген «жедел анықтау» топтары құрылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Білім беру мекемелерінде аудандық, қалалық ішкі істер және білім бөлімдерінің бірлескен жоспарына сәйкес «Құқықтық тәрбие», «Қатыгездіктің озбырлығы», «Қылмыскер бала», «Әлімжеттікке тосқауыл», «Мектеп, отбасы және бала» тақырыптарында семинар-тренингтер, «Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік», «Құқық және біз», «Қоғам және заң», «Құқықтық мәдениет», «Қылмыс пен жаза» т.б тақырыптарда сынып, тәрбие сағаттары, «Сен өз құқығыңды білесің бе?», «Мен және менің жанұям» тақырыптарында сауалнама, «Бала құқығы», «Отбасы шағын мемлекет», «Жасөспірім және қылмыс» атты тақырыптарда ата-аналар жиналыстары өткізілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген «Мәңгілік ел жастары – индустрияға «Серпін-2050» жобасы аясында 2015-2016 оқу жылында солтүстік өңірлердің ЖОО-на 428, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарына 21 талапкер оқуға қабылданып, білімдерін жалғастыруда.

Сонымен қатар, «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» (СЕРПІН-2050) жобасын насихаттау және түсіндіру бойынша 2015-2016 оқу жылының сәуір айында мектеп оқушылары арасында «Өз таңдауыңды жаса», «Мамандықтың бәрі жақсы...», «Кәсіби маман болу, менің таңдауым» тақырыптарында ашық сабақтар, тәрбие сағаттары өткізілді.

«Ата-аналар комитеті» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, «Менің кәсібім-менің мақтанышым»,«Менің болашақ мамандығым» тақырыбында мектеп оқушылары, колледж студенттері арасында акция ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде ата-аналармен тоқсан сайын жиналыстар өткізіліп, ата-аналар жиналысында психолог мамандар «Күш бірлікте», «Во всем ищите позитив», «Біз бір отбасымыз», «Жасөспірім және қылмыс», «Отбасындағы келіспеушілік және одан құтылу жолдары» тақырыптарында баяндамалар оқып, ата-аналарды жазатайым жағдайдың алдын алу жолдарымен таныстырып, бала құқығы және баламен қарым-қатынас туралы педагогикалық-психологиялық кеңестер берілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлескен Алматы облысының білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының 2016-2017 жылдарға арналған жұмыс жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында «Адал ұрпақ» клубтары және үнемі жаңартылып тұратын «Парасатты азамат» бұрыштары ұйымдастырылды.

«Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесі Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №25 қаулысының негізінде 2011 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс атқаруда.

Орталықтың негізгі мақсаты қадағалаусыз және панасыз қалған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ қатыгездік салдарынан әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеліп соғатын өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қабылдауды, уақытша күтіп бағуды, бейімдеуді және әрі қарай орналастыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Бүгінгі күнде орталықта 26 бала тәрбиеленуде.

«Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» жасалған келісім шарт негізінде Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласындағы экономикалық-технологиялық және «Заң колледжі», «Мүшелтой» жасөспірімдер клубы, М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы, «Дос» денсаулық орталығы, «Қос қанат Жетісу», С.Сейфуллин атындағы кітапхана, әйелдерді қолдау аймақтық орталығымен бірлесіп өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды өз отбасына қайтару және келешекте сол отбасыларды бақылауға алу бойынша тиісті жұмыстар атқаруда.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының өкілдері аудандық, қалалық білім бөліміне қарасты қорғаншылық және қамқоршылық органының функциясын жүзеге асыратын органмен бірлесіп орталыққа түскен балалардың әлеуметтік - тұрмыстық жағдайларымен танысып, тәрбиеленушілердің ата-аналары немесе заңды өкілдерімен түсіндірмелі жұмыстар жүргізіп, кеңес беруде. Бұл жұмыс үнемі жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторларының бірі - техникалық және кәсіптік білім беру арқылы техникалық және кәсіптік білім жүйесінің беделін арттыру, кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету, елдің индустриалдық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын қалыптастыру болып отыр.

2015-2016 оқу жылында облыстың 70 колледжінде 32261 студент оқыды, оның 17053-і мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде. Жұмысшы мамандықтары бойынша облыстың 26 мемлекеттік колледжінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде барлығы 8257 студент оқыды.

2016 жылға арналған кадрлар қажеттілігін анықтау үшін облыс қалаларында, аудандарда мамандар тапшылығы бар кәсіпорындардың тізімі жинақталды. Осыған сәйкес бос жұмыс орындарының құрылымын бағалай отырып, жұмыс берушілердің жоғары сұранысына білікті жұмысшы мамандар қажеттілігі анықталды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен еңбек нарығына 2015-2020 жылдарға арналған мамандардың болжамды қажеттілігі анықталып, биылғы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жіберілген.

Бүгінгі күні облыста инновациялық технологиялар арқылы темір рудаларын қайта өңдеу кәсіпорындарына домна пешін қалаушы, агломератчиктер, домна пештеріне су жүргізгіштер, домна пештеріне газ жүргізушілер сияқты мамандар өте қажет.

Облыста металл жонушы (токарь), фрезеровщик, сайманшы, КИПиА слесарі, электргазымен дәнекерлеуші, тас қалаушы, құрылыс шебері, арқаулаушы, бетоншы, плитамен қаптаушы, бульдозер машинисі, автогрейдер машинисі, кран машинисі, асфальтбетон төсеуші машинист, газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі, слесарь-сантехник, техникаға қызмет көрсету операторы, станоктар мен құрылғыларды жөндеуші, электромонтер, электрослесарь сияқты жұмысшы мамандығына тапшылық бар.

Сонымен қатар, туризм және қызмет көрсету саласын дамытуда аспазшы, кондитер, қонақ үй және туризм шаруашылығы менеджері, дизайнер тағы да басқа мамандықтарға сұраныс артуда.

Ауылдық жерлерде мал шаруашылығын белсенді дамыту жұмыстары бойынша ветеринар, веттехник, зоотехник, ұрықтандырушы сияқты мамандықтарға сұраныстың артуы өздігінен туындауда.

Биылғы оқу жылының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру барысында аудан мен қала әкімдіктерінің сұраныстарын ескере отырып, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлер және индустриялық-инновациялық даму басқармаларының, облыстық кәсіпкерлер палатасы мамандарының мониторингісі негізінде мемлекеттік тапсырыс көлемі анықталды.

2016-2017 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге 5312 адам қабылданды, оның 3075-сі жұмысшы мамандықтар бойынша. Сонымен қатар, медициналық колледждеріне мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 227 студент қабылданды. Облыстағы 3 түзету мекемде орналасқан колледждерде жыл сайын 375 адам кәсіптік білім алуда.

Экономика салалары тұтынушыларының өсуіне байланысты соңғы жылдары мемлекеттік колледждерде «Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика», «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану», «Жиһаз өндірісі», «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану», «Телекоммуникациялық құралдармен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету», «Радиоэлектроника және байланыс», «Дизайн», «Экология және табиғатты қорғау қызметі», «Ветеринария» сияқты жаңа мамандықтар ашылды.

Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылында 2014-2015 жылы ашылған Қаракемер кәсіптік колледжінде «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану» мамандығының «Газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі» біліктілігі және «Фермер шаруашылығы» мамандығының «Жеміс-көкөніс өсіруші» біліктілігі бойынша жаңа мамандықтар ашу үшін облыстық бюджет есебінен қаражат қарастырылуда.

Панфилов өңірінде темір жол салынуына байланысты колледжде жаңа мамандық ашу туралы ұсыныс түскен. Қазіргі уақытта мамандардың қажеттілігі анықталуда.

Ақсу политехникалық колледжі ауданның қант өндірісі бойынша мамандардың қажеттілігіне орай Ақсу ауданындағы қант зауытына «Диффузия аппаратшысы», «Қызылша шырынының дефектосатурация аппаратшысы», «Утфель пісіру аппаратшысы» және ірі малды ұрықтандыру мамандықтары бойынша еңбекпен қамтылмаған тұрғындарды қысқа мерзімді дайындау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндігі бар.

2015-2016 жылдары Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің оқу ғимаратына, Көксу ауылшаруашылық колледжінің жатақханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 717,0 млн.теңге бөлінсе, 25 колледждіңматериалдық-техникалық базасын жабдықтауға 198,0 млн.теңге бөлініп, игерілді.

Сонымен қатар, Қаракемер кәсіптік колледжіне жаңа мамандықтар ашу үшін 109,5 млн.теңге бөлінген қаражаттың нәтижесінде жаңа оқу жылында колледж қосымша 300 білім алушыны қабылдауға мүмкіндік алды.

Колледж студенттері арасында 6 мамандық бойынша аймақтық WorldSkills Талдықорған чемпионатын өткізуге Мемлекеттік бағдарлама аясында 212,3 мың теңге қаражат жұмсалды.

 

               Басқарма басшысының орынбасары                                                                                    М.Омарова

 


Алматы облысы білім басқармасының атқарылған жұмыстар туралы ақпараты

2015-2016 оқу жылының басында облыста 1225 білім ұйымдары:

- 733 жалпы білім беретін орта мектеп;

- 337 балабақша және 432 шағын орталық

- 4 мектеп-интернаты, 14 мектеп жанындағы интернат, 5 балалар үйі(оның 3-і жекеменшік) және отбасылық үлгідегі 7 балалар үйі(1 жекеменшік), 1 жасөспірімдер үйі, 1 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы;

- 38 (32 - мемлекеттік, 6 – жекеменшік) қосымша білім беру мекемелері;

- 7 арнайы мектеп-интернат, 7 облыстық психологиялық -медициналық- педагогикалық консультация, 15 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинет;

- 70 колледж жұмыс жасайды.

Облыстың білім беру саласына 2011-2015 жылдар аралығында бөлінген қаржы көлемі 466,0 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы110,3 млрд. теңге бөлінген.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2012-2015 жылдары аралығында 94,3 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы 25,4 млрд. теңге қаржы бөлінді. 2015 жылы білім мекемелерінің материалдық- техникалық базасын нығайтуға 3 166,3 млрд теңге бөлінді.

2011 жылы апатты мектептер саны -24. Бүгінгі күні 23 мектептің мәселесі шешілді, оның ішінде 2015 жылы 5 жалпы орта мектеп қолданысқа берілді.

Ұлттық қор есебінен 600 орындық бір мектептің құрылысы 2016 жылға қарастырылған.

2014-2015 оқу жылының басында үш ауысымда оқитын мектептер саны -59. Облыста үш ауысымда оқитын мектептерді жою мақсатында 2014-2018 жылдар аралығына қадамдық жоспар жасалынды. Жоспарға сәйкес 51 жалпы орта мектеп құрылысы жоспарланды, оның ішінде:

Ұлттық қор есебінен - 25 мектеп, жергілікті бюджеттен – 21, республикалық бюджеттен – жобалық қуаты 3150 орындық 5 жалпы орта білім беретін мектеп қолданысқа берілді. Жоспарланған 51 мектептің 11-і қолданысқа берілді (5 – РБ, 6 – МБ). 2016 жылы қолданысқа берілетін 6 орта мектеп құрылысы жүріп жатыр, тағы 6 орта мектеп құрылысын бастау жоспарланып отыр.

2015-2016 оқу жылында облыста 35702 мұғалім жұмыс, оның ішінде жоғары санаты бар – 6711 мұғалім,бірінші санатты – 11784. Жалпы педагогтердің санынан жоғары және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі – 51,8%.

2015-2016 оқу жылында жұмысқа тұрған жас мамандар саны -1281(3,6%), «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 1025 жас маман ауылдық мектептерге орналасты.

Педагогтің кәсіби іс-әрекетінің табысты болуы үшін облыс әкімінің қолдауымен 7 номинация бойынша өткізілетін кәсіби байқаулардан өзге республика деңгейінде өтетін «Орта білім беретін үздік ұйым», «Үздік педагог» байқауларына да облыс педагогтерінің қатысуы дәстүрге айналған.

Республикалық «Үздік педагог» байқауында Қапшағай қаласындағы орта мектеп-гимназияның химия пәнінің мұғалімі Құлжанова Гүлнар Нүсіпбайқызы, Қарасай ауданы Алтын ауыл орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Елікбаева Айгүл Мамырбекқызы, Текелі қаласы №1 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Молбаев Бахытжан Қайратұлы жүлдегер атанды.

Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі-2015» байқауында І орынды Талдықорған қаласындағы №10 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның биология пәнінің мұғалімі Түсіпжанова Зарина Мұхтарқызы иеленді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан ұйымдастырылған облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын (17 млн. 091 мың теңге) Ескелді ауданы Жетісу орта мектебінің ұжымы иеленді.

«Қазіргі әдістемелік қызмет және оның даму болашағы» атты республикалық семинар аясында «Қазіргі әдістемелік қызмет» тақырыбында үлгі қорғағаны үшін облыстық әдістемелік кабинет жүлделі ІІ орынды иеленді.

Көксу ауылшаруашылық колледжінің мұғалім Джунисова Бейбитгул «Үздік педагог» байқауының республикалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

2014-2015 оқу жылы облыс бойынша мектеп бітірген түлектердің саны -14342, оның тестілеуге қатысқаны- 9259(64,5%), ҰБТ-ның орташа балы - 77 құрады. «Алтын белгі» белгісіне үміткер 349 түлектің 191-і өз білімдерін растады, «үздік аттестатты» 62 түлек иеленді.

2015 жылы мектеп бітірген түлектердің 7247-і (50,5%) жоғарғы оқу орындарына, 3825-і колледжге түсті. 2647-і жұмысқа орналасса, әскерге кеткендері – 77, республикадан тыс кеткендері – 155, жұмысқа тұрмағандары – 238,оқуға жарамайтындары – 153. «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» (СЕРПІН-2050) бағдарламасы бойынша солтүстік аймақтағы жоғарғы оқу орындарына 434 бала, кәсіптік-техникалық колледждерде 8 түлек білім алуда.

«Е-learning» электрондық оқыту жүйесіне 140 (134- жалпы білім беретін орта мектептер, 6- колледж) білім беру мекемесі қосылған, жалпы білім беретін орта мектептердің 18,4% және техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің 8,6% құрайды. 2012 жылы -67 білім беру ұйымы (63- жалпы білім беретін орта мектептер, 4- колледж),2013 жылы -73 білім мекемесі( жалпы білім беретін орта мектептер-71, колледж -2).

2015-2016 оқу жылында кеңжолақты интернетке 595 (80,7%) білім мекемесі қосылған (2011-2012 оқу жылы – 388 білім мекемесі немесе 52,6%, 2012-2013 оқу жылы – 470 білім мекемесі немесе 63,4%; 2014-2015 оқу жылы 573 білім мекемесі немесе 78,1%). Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектептер жаңа модификациялы 302 – химия (45,2%), 271 – биология (40,5%), 332 – физика (49,7%), 360 – лингафонды-мультимедиялық (53,9%) кабинеттері орнатылған.

Облыстың 604 мектебінде 2459 интерактивті тақта орнатылған (2011 жылы – 413 мектепте 1108 тақта, 2012 жылы – 529 мектепте 1262 тақта, 2013 жылы – 532 мектепте 1883 тақта,2014-2015 жылы-582 мектепте 2201 тақта).

Облыс бойынша жалпы білім беретін мектептердің спорт залдары спорттық керек-жарақтармен 81% жабдықталған және 715 мектепте медициналық кабинеттер жұмыс атқарады. 2013-2015 жылдар аралығында 634 білім беру мекемесіне 8509 дана бейнебақылау қондырғылары орнатылған.

Облыста 239 шағын жинақталған мектепте 19818 бала оқиды, оның ішінде 238 мектеп ауылды жерлерде орналасқан.Ауылдық жерлердегі оқушылардың сапалы білім алуға қолжетімділігін арттыру мақсатында облыста 9 тірек мектебі құрылған.

2011 жылы 2 тірек мектебі ( Ақсу ауданында Сиқымов атындағы ОМ, Жамбыл ауданында Ынтымақ ОМ).

2012 жылы 2 тірек мектебі ( Балқаш ауданында Ақкөл ОМ, Кербұлақ ауданында Малайсары ОМ).

2013 жылы 3 тірек мектебі (Талдықорған қаласы Өтенай ауылы №21 ОМ, Райымбек ауданында Тасашы ОМі, Қапшағай қаласы Кербұлақ ауылында №7 ОМ).

2014 - 2015 оқу жылында 2 тірек мектебі (Қаратал ауданында Р.Қошқарбаев атындағы ОМ және Саркан ауданында Новопокровка ОМ.

Орта білім беру жүйесін модернизациялауда бірнеше жыл бойы оқыту инновациялары саласына озық халықаралық тәжірибені ендіріп, елеулі әлеует жинақтаған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату мақсатында облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен меморандум жасалынып, 37 инновациялық мектеп бекітілді.

12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу аясында әзірлену мақсатында енгізілген білім стандарты 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Талдықорған қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы және Панфилов ауданындағы Хамраев атындағы орта мектептерде апробациядан өткізілуде.

Орта білімді жанбасына шаққандағы қаржыландыру Талғар ауданындағы №5, №14, №16, №49 орта мектептерде апробация жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Қазақ тілі» пәнінің қазақ тілінен басқа тілде оқытатын жалпы білім беру ұйымдарының 1-11 сыныптарына арналған деңгейлік оқулықтары Еңбекшіқазақ ауданындағы В.Терешкова атындағы және Панфилов ауданындағы Жамбыл атындағы орта мектептерде өткізілуде.

2014-2015 оқу жылында 737 мектептің 531-де (73,0%) ыстық тамақтандыру ұйымдастырылып, онда 271240 оқушы (87,0%) қамтылды. Оның ішінде әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасынан шыққан 26033 оқушы 100% тегін ыстық тамақпен қамтылды. Асханасы жоқ 93 мектепте буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған.

Облыс бойынша мектебі жоқ 70 елді мекенен 18053(99,0%) 193 автобуспен тасымалданады, 85 бала интернатқа орналастырылған, 113 оқушы туыстарының үйінде тұрады.

Облыста 2015 жылдың қорытындысы бойынша 382 балабақша, оның ішінде 208-і жекеменшік және 434 шағын орталық (3-і жекеменшік) жұмыс жасайды. Барлығы 58,8 мың бала қамтылған, оның ішінде 15,8 мың бала немесе 26,8% жекеменшік балабақшаларға барады. 2015 жылдың басында 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 64% құраса, бүгінгі күнге 77,3%.

Облыс бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы саны – 3 528 құрайды, оның 81% отбасылық тәрбиеге орналастырылған: қорғаншылық және қамқоршылық, патронаттық тәрбиеге, отбасы үлгісіндегі балалар үйі.

2015 оқу жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарының 143 тәрбиеленушісі отбасылық тәрбиеге орналастырылды (асырап алынды, қорғаншылық және қамқоршылық, патронаттық тәрбиеге). Облыс аумағында 2004 жылдан бері патронаттық тәрбие түрі жүзеге асырылуда, бүгінгі күнде патронаттық тәрбиедегі балалардың саны 2004 жылмен салыстырғанда 25 балаға көбейген (2004 жылы -50 бала, 2015 жылы – 75 бала).

2015 жылы облыс аумағында отбасы үлгісіндегі 7 балалар үйінде 42 бала тәрбиеленуде. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Панфилов және Қаратал аудандарында 2 отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылып, оған Үштөбе және Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері орналастырылды.

Облыс көлемінде 2015 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі бала саны 2012 жылмен салыстырғанда 182 балаға азайған.

Облыс бойынша 2015 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 226 бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Облыста білікті жұмысшы мамандарын даярлау 70 колледжде жүзеге асырылады. Колледждерде ауылшаруашылық, қызмет көрсету саласы, құрылыс, машина технологиясы және жабдықтау, сонымен қатар, педагогикалық, медициналық, заңгерлік, экономикалық және әлеуметтік сала бойынша мамандар даярланады.

2014-2015 оқу жылында 115 біліктілік бойынша колледждерде 33239, 2015-2016 оқу жылында 32261 оқушы білім алуда.

 

2014-2015 оқу жылында колледждерді бітірген оқушылар саны -11134, оның 5107(45,8%) мемлекеттік тапсырыс негізінде.Күндізгі бөлімде білім алған 8954 түлектің 6262 –і (69,9%) еңбекпен қамтылды, ЖОО мен колледждерге 829 (10%) оқуға түсті, әскер қатарына -349 (3,9%) шақырылды,Қазақстаннан тыс жерлерге -23, жұмыспен қамтылмағаны -934(10,4%).


Алматы облысы білім басқармасының 2015 жылдың І тоқсаны бойынша атқарылған шаралар туралы ақпарат

2014-2015 оқу жылында облыста 283 балабақша және 425 шағын орталық; 729 жалпы білім беретін орта мектеп, 5 мектеп-интернаты, 12 мектеп жанындағы интернат, 3 балалар үйі және отбасылық үлгідегі 4 балалар үйі, 1 жасөспірімдер үйі, 1 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы; 36 (32 - мемлекеттік, 4 - жекеменшік) қосымша білім беру мекемелері; 7 көмекші мектеп-интернат, 7 облыстық педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация, 15 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинет; 67 колледж жұмыс жасайды.

2015 жылы облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 11,5%-ға өскен, яғни, бөлінген қаржы көлемі 118,3 миллиард теңгені құрады. Бұл өз кезегінде, білім саласындағы негізгі басым бағыттар - апатты, үшауысымды, шағын жинақталған мектептердің мәселелерін шешу, балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Облыстың қадамдық жоспарына сәйкес апатты алты мектептің орнына 2015 жылы 5 мектеп, ал 2016 жылы 1 мектеп салынады.

Үшауысымды 59 мектептің мәселесін жою мақсатында 2018 жылға дейін 51 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр, оның ішінде 25-і «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында, 5-і республикалық және 21-і жергілікті бюджеттен қарастырылады.

2015 жылы 39 білім беру мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды.

2014-2015 оқу жылында облыста 34495 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді - 30 798, жоғары санатты - 6437 мұғалім, бірінші санатты - 11249.

2014-2015 оқу жылында мектептерге жұмысқа орналасқан жас мамандардың саны - 906, оның ішінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерге орналасқандар саны - 697.

Қоғамда педагогтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында жыл сайын 7 номинация бойынша байқаулар өткізілуде. Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі-2014» байқауында І орынды Қапшағай қаласындағы орта мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі Құлжанова Гүлнар Нүсіпбайқызы иеленді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан ұйымдастырылған облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын (15 млн. 973 мың теңге) Қарасай ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің ұжымы иеленді.

Республикалық «Үздік педагог» байқауына жолданған 7 мұғалімнің ішінен облыстық №15 мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сарсенбаева Аян Қадырқожақызы жүлдегер атанып, грантқа ие болды.

2014 жылғы облыстық «Ең үздік арнайы пән оқытушысы» байқауының жеңімпазы Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің арнайы пән оқытушысы Азимбаев Думан республикалық байқауға қатысып, «Үздік педагог» атанды.

2013-2014 оқу жылы жалпы білім беретін мектептерді 14454 түлек аяқтады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі - ҰБТ) 10181 түлек қатысты, бұл бітіруші түлектердің 70,4% құрайды. 2014 жылы ҰБТ-ның орташа балы - 73-ті құрады, ол 2013 жылмен салыстырғанда 1,5 балға артық. «Алтын белгіге» үміткер 300 түлектің 162-сі өз білімін дәлелдеп шықты, үздік аттестатқа 79 түлек ие болды.

«Е-learning» электрондық оқыту жүйесіне 140 білім беру мекемесі қосылған.

2012 жылы барлығы 67 білім беру мекемесі қосылған болатын (63 жалпы орта білім беретін мектеп және 4 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі), ал 2013 жылы 73 білім беру мекемесі (71 жалпы білім беретін орта мектеп және 2 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі). Бұл жалпы білім беретін орта мектептердің 18,4% және техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің 8,6%.

2014 жылы электрондық оқыту жүйесін енгізу жобасы аясында 81 білім беру мекемесін (71 - жалпы білім беретін орта мектеп, 10 - колледж) кеңжолақты интернет желісіне қосу жоспарланып, жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күнге кеңжолақты интернетке 573 білім мекемесінің қол жеткізуге мүмкіндігі бар, 355 мектеп лингафонды-мультимедиялық кабинеттермен қамтылған, 582 мектепте 2201 интерактивті тақта орнатылған, 273 - химия, 252 - биология, 305 - физика кабинеттері орнатылды.

Облыста 245 шағын жинақталған мектепте 20176 бала немесе барлық оқушылардың 6,4% оқиды. Оның ішінде 244 мектеп ауылды жерлерде орналасқан.

Ауылдық жерлердегі оқушылардың сапалы білім алуға қолжетімділігін арттыру мақсатында облыста 7 тірек мектебі құрылған.

- 2011 жылы 2 тірек мектебі (Ақсу ауданы Сиқымов атындағы ОМ және Жамбыл ауданы Ынтымақ ОМ);

- 2012 жылы 2 тірек мектебі (Кербұлақ ауданы Малайсары ОМ және Балқаш ауданы Ақкөл ОМ);

- 2013 жылы 3 тірек мектебі ашылды (Райымбек ауданы Тасашы орта мектебі, Талдықорған қаласы №21 орта мектеп және Қапшағай қаласының №7 орта мектебі).

Облыста 12-жылдық білім беруге көшу аясында 2003 жылы 8 орта мектеп негізінде эксперименттік алаң құрылды: Талдықорған қаласындағы №16 ОМГ, М.Жұмабаев атындағы №19 ОМГ, №5 ОМЛ; Жамбыл ауданындағы Абай атындағы ОМ; Райымбек ауданындағы О.Жаңабаев атындағы ОМ; Еңбекшіқазақ ауданындағы Абай атындағы ОМ; Кербұлақ ауданындағы Тобаяқов атындағы ОМ; Талғар ауданындағы №17 ОМ.

Биылғы 2014-2015 оқу жылында экспериментке 170 оқушы қатыстырылады, оның 124-і 10-сынып, 46-і 12-сынып оқушылары.

Сонымен қатар, 15 сынып-комплектісінде, 109 оқушы қазақ тілінде, 61 оқушы орыс тілінде оқытылады.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын Бастауыш (12 жылдық) білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын енгізуге дайындық мақсатында Алматы облысы бойынша бастауыш білім беру стандарты және оқу бағдарламасының апробациясы Талдықорған қаласындағы №10 және Панфилов ауданы Х.Хамраев атындағы орта мектептерде 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1 сыныптарда өткізіледі.

Облыс бойынша 159 саяжайлар мен мектебі жоқ елді мекендерден 105 автобуспен 5287 оқушы тасымалданады.

Мектептегі ыстық тамақ ұйымдастыру басты мәселелердің бірі болып қала береді. Қазіргі кезде 270364 оқушыға ыстық тамақ ұйымдастырылған, ол жалпы оқушы санының 87% құрайды. Асханасы жоқ 107 мектепте буфет жұмыс жасайды.

2014 жылы 5176 орындық 66 балабақша мен шағын орталық пайдалануға берілді.

2015 жылдың аяғына дейін 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейін 77%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Қазіргі ең басты мәселенің бірі - жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мәселесі. 2015 - 2017 жылдар аралығында облыс аумағында отбасы үлгісіндегі 5 балалар үйін ашу арқылы балалар үйлерінде тәрбиеленуші балалардың санын қысқарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, аудандық, қалалық жергілікті атқарушы ұйымдармен бірлесіп, балаларды отбасыларына патронаттық тәрбиеге орналастыру мүмкіндіктері қарастырылуда.

2015 жылдың басында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3593 баланың 250-і бекітілген тұрғын үймен қамтылған немесе бекітілген тұрғын үй бөлігін еншілеген. Қалған 3343 бала тұрғын үймен қамтамасыз етуді қажет етеді, бұл жалпы осы санаттағы баланың 93% құрап отыр.

Облыста ауыл шаруашылық, қызмет көрсету, құрылыс, машина және құрылғылар технологиялары, педагогикалық, заңгерлік, экономикалық, дәрігерлік және әлеуметтік сала мамандарын дайындайтын 67 колледж жұмыс жасайды.

Ағымдағы оқу жылында колледждерде 115 мамандық бойынша 33239 білім алушы оқиды.

2013-2014 оқу жылы 11394 түлек колледждерді аяқтаса, оның ішінде күндізгі бөлімді бітірген 9028 түлектің 6317-сі (70%) жұмысқа орналасып, 896-сы (10%) жоғары оқу орны мен колледждерге түсті, 1241-і (13,7%) жұмысқа орналасқан жоқ.

2014 жылы оңтүстік аймақтың балаларын солтүстік аймақтың (Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан) колледждері мен жоғарғы оқу орындарында оқытудың «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» («Серпін-2050») бағдарламасы аясында Алматы облысынан 76 оқушы оқуға түсті. Бұл бағдарлама биылғы жылы да жалғасын таппақ.

Өскемен қаласында өткен республикалық форумның ұсынымдарын орындау және дуальді білім беру жүйесінің жол картасын әзірлеу мақсатында 14 колледжде дуальді оқыту жүйесі эксперимент режимінде енгізілді.


Алматы облысы білім басқармасының 2014 жылы бойынша атқарылған шаралар туралы ақпарат

Облыс мектептерінде барлығы 35 мың мұғалім жұмыс жасайды, оның ішінде 17,7 мың адам немесе 51,3%-ы жоғары және бірінші санатты мамандар. Барлығы 906 жас мамандар келді, оның ішінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша - 697.

Колледжерге 11181 адам оқуға қабылданған, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен - 5175 адам (46%). 11314 түлек шығарылды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 5208. Күндізгі бөлімнің 9028 бітірушілерінің 6104-і немесе 67,6%-і жұмысқа орналасты, ЖОО-на - 896 адам түсті (9,9%), жұмысқа 1454 адам (16,1%) орналаспады және әртүрлі себептермен 574 адам (6,4%) жұмысқа орналаспады.

Қазіргі уқаытта бітірушілердің жұмысқа орналастыру жұмыстары жалғастырылуда.

Еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер кентінде 600 орынды кәсіби-техникалық лицей ғимараты салынды, лицей шеберанасы мен жатақханасының құрылысы 2015 жылы басталады.

Бірыңғай ұлттық тестілеуде 10181 бітіруші қатысты немесе барлық бітірушілер санынан - 70,4%. Орташа балл былтырғы 71,5-ке қарағанда 73,0-ді құрады.

Оқулықтармен қамтмасыз етілу деңгейі 100,0%-ке жетті (2013 ж. - 99,5%), оқулықтар сатып алуға жергілікті бюджеттен 1072,7 млн. теңге бөлінді. Барлық мектептерде тұрмысы нашар отбасыларынан шыққан балалар оқулықтармен тегін қамтамасыз етілген.

507 мектепте 259,8 мың балаға ыстық тамақтандыру ұйымдастырылды, тегін ыстық тамақтанумен тұрмысы нашар отбасыларынан шыққан 25,1 мың оқушы қамтылды (100%).

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру басталғаннан бері 33,1 мың орынды 230 балабақша және 189 шағын орталықтар ашылды. Оның ішінде 18 балабақша салынып, қайта жаңғыртылды, 84 коммуналдық меншікке қайтарылып, босатылды және күрделі жөнделді, тұрғын үйлердің 1-қабаттарында 2 балабақша, мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы 126 жеке меншік балабақшалар ашылды.

2014 жылы 3921 орынды 55 балабақша, жалпы білім беретін мектептерде 405 орынды 11 шағын-орталық ашылды және алты балалақшада 850 орынды қосымша топтар құрылды. Барлығы 5176 орын.

Қазіргі уақытта облыста 283 балабақша және 425 шағын орталықтар бар, 50,4 мың бала қамтылды. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 64,0%-ті құрады.

Алматы облысы білім басқармасының 2014 жылы бойынша атқарылған шаралар туралы ақпарат

Облыстың білім беру саласына 2014 жылы бөлінген қаржы көлемі 102,6 млрд. теңге, бұл 2013 жылы бөлінген қаржыдан 13,1 млрд. теңгеге көп.

Білім беру мекемелерінде 34961 мұғалім жұмыс істейді (2012 жылы – 34380 мұғалім). Оның ішінде жоғары санаты бар – 5610, бірінші санаттағы – 11573.

2013 жылы мемлекеттік білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1 млрд. 282 млн. 872 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 60 химия кабинетін сатып алуға – 245 млн. 820 мың теңге, үйде оқитын мүгедек балаларға құралдар алуға – 192 млн.678 мың теңге және техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға республикалық бюджеттен 100,0 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 118,2 млн.теңге бөлінді.

2013-2014 оқу жылына оқулықтар сатып алуға 896,3 млн.теңге бөлінген. Оқулықтармен қамтылу көрсеткіші 99,5%-ды құрайды.

Кеңжолақты интернетке 573 (77,1%) білім мекемелерінің қол жеткізуге мүмкіндігі бар, 336 мектеп лингафонды-мультимедиалық кабинеттермен қамтылған.Компьютермен қамтылу 1 компьютерге 9,8 оқушыны құрайды (2011 жылы – 12,6 оқушыны, 2012 жылы - 12 оқушыны құрады). Жергілікті бюджеттен компьютерлер 261,0 млн.теңгеге сатып алынды. «Е-learning» электрондық оқыту жүйесіне қосылған білім беру мекемелерінің саны – 145 (жалпы білім беретін мектептер – 139, колледждар – 6).

2013 жылы 18 мектеп салынып іске қосылды, оның ішінде республикалық бюджет есебінен жалпы сомасы 2 млрд. 336 млн. 538 мың теңгені құраған 2 мектеп салынды (2012 жылы – 2 мектеп). Жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 5 млрд. 925 млн. 600 мың теңгеге 16 мектеп салынды (2012 жылы – 9 мектеп). Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен жаңа 5 мектептің құрылысы жүргізілуде: Іле ауданы Байсерке ауылында, Қарасай ауданы Үшқоңыр, Қошмамбет ауылдарында және Шамалған бекетінде, Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында барлығы - 3300 орындық мектептер. Оларды 2014-2015 оқу жылына аяқтау жоспарланып отыр. 2013 жылы барлығы 53 білім мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған бюджеттен барлығы 5 млрд. 212 млн. 218 мың теңге бөлінді.

743 мектептің 10 мектебі апатты жағдайда және 51 мектеп үш ауысымда оқиды (2012 жылы – 19 мектеп апатты жағдайда және 50 үш ауысымды мектеп).

2014 жылы 2 апатты жағдайдағы бастауыш мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, 7 апатты жағдайдағы мектептің орнына 7 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған (ЖБ - 9).

2015 жылы 1 апатты жағдайдағы мектептің орнына 1 жаңа мектептің құрылысы көзделген (РБ - 1).

Үш ауысымда оқитын мектептердің санын азайту мақсатында 2014-2017 жылдарға арналған инвестициялық жобаларға сәйкес 48 мектеп салу жоспарланған:

2014 жылы 9 мектеп құрылысы жоспарланған (РБ – 5, ЖБ - 4).

2015 жылы 13 мектеп құрылысы жоспарланған (РБ – 13).

2016 жылы 26 мектеп құрылысы жоспарланған (РБ – 15, ЖБ – 11).

2010 жылы 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 37,5% құраса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 60,3%-ға дейін өсті (2012 жылы – 57,7%). Ескі ғимараттарға, бос тұрған балабақшаларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және жеке меншік балабақшаларды ашу арқылы мектепке дейінгі білім беру объектілерін іске қосу қадамдық жоспары әзірленген. Мектепке дейінгі мекемелерге орналасу кезегі 33,5 мың баланы құрайды.

2013 жылы облыс бойынша 15926 бітіруші түлектердің ҰБТ-ге қатысуға өтініш– 11455 берді. Қатысқаны – 11220 түлек.

ҰБТ-ге қатысу пайызы 70,5%-ды құраған (2012 жылы – 76,3%). Облыс бойынша орташа балл - 71,5 балл (2012 жылы – 67,0).

«Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер 299 түлектің 100-і (33,4%) өз білімдерін дәлелдеді (2012 жылы – 113 түлек дәлелдеген, бұл 19,7% құраған). 49 түлек «Үздік аттестат» иегерлері атанды (2012 жылы - 20 түлек «Үздік аттестат» иегерлері атанды).

Облыстағы 735 жалпы білім беретін мектептердің (интернаттық мекмелерді қоспағанда) 503-інде ыстық тамақтандыру ұйымдастырылған (68,4%). Ыстық тамақтандырумен 261671 оқушы қамтылған, бұл 85,5%-ды құрайды (2012 жылы – 240878 оқушы немесе 81,3%).

Әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасы балаларының саны - 33648, оның 33400-і (99,3%) тегін ыстық тамақпен қамтылған (2012 жылы - 31780 бала немесе 99,2%).

Мектебі жоқ 172 елді мекенде және саяжайларда тасымалдауды қажет ететін бала саны -15532. Оның ішінде – 15310 бала тасымалданса (98,6%), 46 бала интернаттарға орналастырылған, 176 бала туыстарының үйінде тұрады. Облыс бойынша оқушыларды тасымалдайтын автокөлік саны -167, оның 56-ы мектептерге қарасты. Оқушыларды тасымалдау үшін 122 автобусқа қажеттілік бар.

70 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында 2013-2014 оқу жылында 35687 білім алушы оқиды. 2013 жылы колледждерге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 6179 білім алушы қабылданды (2012-2013 оқу жылы - 5589) жергілікті бюджет есебінен 5329 білім алушы (2012-2013 оқу жылы - 4979), «Жұмыспен қамту

жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен 300 білім алушы қабылданды (2012-2013 оқу жылы - 600), республикалық бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 550 білім алушы (2012-2013 оқу жылы - 10) қабылданды.

2012-2013 оқу жылында 56 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнында түлектердің біліктілігін растау үшін 41 мамандық бойынша тәуелсіз бағалау жүргізілді. Тәуелсіз бағалау сапасына барлығы 6063 бітіруші түлектер қатысты. Біліктілікті иеленген емтихан тапсырушылардың жалпы саны – 5699 (94%).

 
 
Алматы облысы білім басқармасының 2012 жылы бойынша атқарылған шаралар туралы ақпарат
 
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында облыс келесі нәтижелерге қол жеткізген.
Бюджет
Білім саласының бюджеті 2013 жылы – 85,1 млрд.тенге (2012 жылы 86,9 млрд.теңге, 2011 жылы – 73,4 млрд.теңге).
 
Кадрлармен қамтылу
2012-2013 оқу жылында облыста 34380 муғалім жұмыс істейді (2011 жылы – 33955 муғалім). Жұмысқа қабылданған жас мамандар саны 699.
 
Білім жүйесін ақпарттандыру
70 білім беру мекемелері «Е-learning» жаңа электрондық оқыту жүйесіне қосылған.
2012 жылы кең жолақты интернетке қосылған білім мекмелерінің саны 470 құраған (63,4%). Бүгінгі күні облысымыздың 321 мектебі лингафонды-мультымедиялық кабинеттармен жабдықталған. Компьютермен қамтылу 1 компьютерге 12,0 оқушыны құраған.
2012 жылы 1500 компьютер сатып алуға жергілікті бюджеттен 224,9 млн.теңге бөлінген.
 
Оқулықтармен қамту
2012-2013 оқулықтар сатып алуға 587 578 000 и 182 531 000 теңге бөлінген, бұл 2011-2012 оқу жылымен салыстырғанда 46 418 000 және 11 941 000 теңге көп.
Оқулықтармен қамтылу 99,2% құрайды.
 
Мектепке дейінгі білім
«Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында облыс келесі көрсеткіштерге қол жеткізді:
143 балабақша ашылды (2010 – 73, 2011 – 38, 2012 - 32);
жалпы білім беретін мектептер жанынан 173 шағын орталық ашылды (2010 – 159, 2011 – 1, 2012 - 13);
24268 орын берілді (2010 - 14462, 2011 – 6161, 2012 - 3645);
2012 жылы республикалық бюджет есебінен 5 балабақшаның құрылысы басталды. Оның ішінде Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы 280 орындық балабақша 2012 жылы іске қосылды (455 млн. 730 мың теңге). Қалған 4 балабақшаның құрылысы 2013 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі (2 млрд. 501 млн. 887 мың теңге):
1. Талғар ауданы Талғар қаласында 320 орындық;
2. Қарасай ауданы Қаскелең қаласында 320 орындық;
3. Қапшағай қаласында 320 орындық;
4. Райымбек ауданы Кеген ауылында 280 орындық балабақша.
Жергілікті бюджет есебінен (1 млрд. 470 млн. 258 мың теңге) 16 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 13 балабақша 2012 жылы іске қосылды, 3 балабақша 2013 жылы пайдалануға беріледі.
2012 жылдың соңына қарай мектепке дейінгі ұйымдар саны 650-ді құрады. Оның ішінде: 217 балабақша (143 – мемлекеттік, 74 - жекеменшік) және 433 орта мектеп жанындағы шағын орталықтар. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен барлығы 45157 бүлдіршін қамтылды, бұл 57,7 пайызды құрайды.
Облыс бойынша мектепке дейінгі дайындықпен қамтылған 5-6 жастағы балалардың саны – 38060 бала, бұл 99% құрайды(2012 жылғы жоспар – 95%).
Құрылыс және күрделі жөндеу
2012-2013 оқу жылында апаттық жағдайдағы мектептер саны – 17 (2,3%).
2012 жыл республикалық бюджет есебінен Қарасай ауданы Қаскелен қаласында 1200 орындық және Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылында 600 орындық 2 жалпы білім беретін мектеп салынды.
Жергілікті бюджет есебінен 9 жалпы білім беретін мектептер салынды. Алайда оқушы орындарының тапшылығы сондада 3487 орынды құрап отыр.
Облыстағы 45 мектептің оқушылары 3 ауысымда оқиды (2011 жылы – 31 мектеп).
 
Тірек мектептер
Облыста 4 тірек мектебі жұмыс жасауда.
- 2011 жылы 2 тірек мектебі ашылған (Ақсу ауданы Сиқымов атындағы ОМ және Жамбыл ауданы Ынтымақ ОМ);
- 2012 жылы 2 тірек мектебі ашылған (Кербұлақ ауданы Малайсары ОМ және Балқаш ауданы Ақкөл ОМ);
 
Тамақтандыру
Аз қамтылған отбасылардан шыққан 32029 баланың 31788-і (99,2%) тегін ыстық тамақпен қамтылған (2011 жылы – 22027 бала (67%).
 
Техникалық және кәсіптік білім
Техникалық және кәсіптік білім беретін 71 мекемеде 37643 білім алушы оқиды, оның ішінде техникалық кәсіптер бойынша 2696 оқушы, ал ауылшаруашылық кәсіптері бойынша 2205 оқушы білім алуда.
Техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджеттен 225,0 млн.теңге және республикалық бюджет есебінен 253,5 млн.теңге бөлінген.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жұмыстар жүйелі турде жалғасын табады.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.