A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

17.07.2019
09.04.2019
22.11.2018

Смотреть все видео →

Дарынды балалармен жұмыс

Облыста талантты балалар мен жастарды анықтау және қолдау мақсатында бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта облыста дарынды балалармен жұмыста ғылыми-ізденіс және ғылыми-әдістемелік жұмыстар табысты жүргізіліп, озық тәжірибелерді зерттеу және тарату іске асырылып отыр.

Дарынды және қабілетті балалармен жұмыста облыс педагогтарының назары мемлекеттік жалпы орта білім беру стандартына сәйкес интербелсенді білім беру технологияларымен оқытуға, оқушылардың жобалық және ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру мен қолдауға аударылған. Жыл сайын дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтардың үздік іс-тәжірибесін анықтау мақсатында облыстық кәсіби шеберлік байқаулары, көрмелер, форумдар, шеберлік сыныптары өткізіледі.

Дарынды оқушылармен, оның ішінде ерте жастағы балалармен жұмыс істеуде нәтижелі әдістерді, инновациялық технологияларды,оқу бағдарламалары мен түрлерін қолдану олимпиадалық қозғалыс сүйемелдеуімен жүргізіледі. Әрбір оқу орнында, әр ауданда (қалада) олимпиадалық резерв мектептері жұмыс істейді. Сондай-ақ, мектептерде ғылыми қоғамдар жұмысы жандандырылған.

Еліміздегі жоғары оқу орындарымен орнатылған жүйелі жұмыс нәтижесінде облыс оқушылары республикалық және халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарында жүлделі орындарды иеленуде.

Республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарына қатысушы дарынды оқушыларды дамыту мен қолдау көрсету мақсатында облыстық «Дарын» бейінді ауысым мектебі табысты жұмыс істеуде. Облыстық «Дарын» бейінді ауысым мектебі жұмысында түрлі олимпиадалар мен жарыстар жеңімпаздары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика, физика-техника, биология-биотехнология, сондай-ақ, химия-аналитикалық химия, геодезия және картография факультеттері базасында дайындықтан өтеді.

2018-2019 оқу жылында Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауына 21 жоба бойынша 26 оқушы қатысып, оның 11-і жүлделі орындарды иеленді.

Ақмола облысы Щучинск қаласында өткен 1-7 сынып оқушылары арасындағы ХІІІ республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жоба байқауына облыстан қатысқан 23 оқушының 22-сі жүлдегер атанды.

Ағымдағы жылы Ақтөбе және Қызылорда қалаларында өткен республикалық оқушылар олимпиадасына облыстың құрама командасы 64 оқушымен қатысып, 36 жүлделі орынды жеңіп алды.

2018-2019 оқу жылында халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларына 48 оқушы қатысты, оның 30-ы жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, оқу жылы ішінде оқушылар мен жастар түрлі деңгейдегі 47 жарысқа қатысты (зияткерлік ойындар, ғылыми байқаулар, олимпиадалар, стартап байқаулар).

Облыста қосымша білім беруді 40 мектептен тыс ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердегі 17 мыңнан астам үйірмелер мен спорттық секциялар қамтамасыз етеді . Онда балалар сондай-ақ, түрлі деңгейдегі шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстарға қатысады.

Жыл сайын облыс әкімімен дарынды және талантты жастарға құрмет көрсету шарасы ұйымдастырылып, таланттардың өсуін ынталандыруда.

Қазіргі кезде Білім басқармасы тарапынан дарынды балаларды республикалық және халықаралық олимпиадаларға дайындауға күшейтілген жұмыстар жүргізілуде. Бұл еліміздің ғылыми-ізденіс және өндірістік саласына жас ұрпақтың табысты кіріктірілуіне өз ықпалын тизізеді.          

                                                 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.