A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Антикоррупционная политика

Антикоррупционная политика

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметті көрсету бойынша есебі

Білім саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

2017 жылғы 1 жартыжылдығы бойынша ақпарат

 

Қазақстан Республикасының азаматтарына әртүрлі сала бойынша, оның ішінде, отбасында тәрбиелену, білім алу, демалу және бос уақытын пайдалану құқықтарын уақытылы, сапалы, қолжетімді түрде жүзеге асыруға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үлкен мүмкіндік беретіндігін атап айту қажет.

Білім басқармасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметті көрсету саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады, мониторинг жүргізеді және жеке тұлғаларға осы мәселе бойынша ақпараттық-консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді.

ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Мемлекеттік қөрсетілетін қызмет реестрін бекіту туралы» №983 қаулысына сәйкес отбасы және балалар, мектепке дейінгі және орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру саласында 32 мемлекеттік қызмет белгіленген болатын. Оның ішінде, 22 қызмет жергілікті атқарушы органдар мен 9 қызмет білім басқармасына қарасты мекемелері, 1-уі білім басқармасы тарапынан көрсетіледі. Яғни, білім саласына қатысты 32 қызметтің 9-ы «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.

2017 жылдың 1 жартыжылдығында білім саласы бойынша облыс көлемінде жалпы – 8358 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу барысында жеке және заңды тұлғалардан арыз – шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуі және азаматтарға мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы анықтамалық-ақпараттық, құқықтық кеңес беру мақсатында басқармада 32-96-91 нөмірлі «Сенім телефоны» өз жұмысын атқаруда. Сонымен қатар, білім басқармасында қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің қолжетімділігі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызмет тақырыбында стенд орнатылған.

2016 жылдың 6 шілдесінде Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында қала мен басқа ауылды мекендер тұрғындарына 22 облыстық мемлекеттік органдары тарапынан дәстүрлі «Ашық үкімет» жәрмеңкесі (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты) ұйымдастырылды.

Қорытындысында 25 қала тұрғындарына мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету», мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау және т.б. мәселелер бойынша толық түсінік берілді.

Бұл бағытта білім басқармасы және облыстық мекемелер тарапынан жұмыстар жалғасуда.

 


Білім саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

2017 жылғы 1 тоқсаны бойынша ақпарат

 

Қазақстан Республикасының азаматтарына әртүрлі сала бойынша, оның ішінде, отбасында тәрбиелену, білім алу, демалу және бос уақытын пайдалану құқықтарын уақытылы, сапалы, қолжетімді түрде жүзеге асыруға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үлкен мүмкіндік беретіндігін атап айту қажет.

Білім басқармасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметті көрсету саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады, мониторинг жүргізеді және жеке тұлғаларға осы мәселе бойынша ақпараттық-консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді.

ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Мемлекеттік қөрсетілетін қызмет реестрін бекіту туралы» №983 қаулысына сәйкес отбасы және балалар, мектепке дейінгі және орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру саласында 32 мемлекеттік қызмет белгіленген болатын. Оның ішінде, 22 қызмет жергілікті атқарушы органдар мен 9 қызмет білім басқармасына қарасты мекемелері, 1-уі білім басқармасы тарапынан көрсетіледі. Яғни, білім саласына қатысты 32 қызметтің 9-ы «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.

2017 жылдың 1 тоқсанында білім саласы бойынша облыс көлемінде жалпы – 4 626 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуі, азаматтарға мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы анықтамалық-ақпараттық, құқықтық кеңес беру мақсатында басқармада 32-96-91 нөмірлі «Сенім телефоны» өз жұмысын атқаруда.

Сонымен қатар, білім басқармасында қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің қолжетімділігі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызмет тақырыбында стенд орнатылған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығына сәйкес білім басқармасы және басқарма қарамағындағы білім беру мекемелері тарапынан мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша 2017 жылғы арналған жұмыс жоспары құрылды.

Бұл бағытта білім басқармасы және облыстық мекемелер тарапынан жұмыстар жалғасуда.


Білім саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

2016 жылы бойынша ақпарат

 

         Қазақстан Республикасының азаматтарына әртүрлі сала бойынша, оның ішінде, отбасында тәрбиелену, білім алу, демалу және бос уақытын пайдалану құқықтарын уақытылы, сапалы, қолжетімді түрде жүзеге асыруға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үлкен мүмкіндік беретіндігін атап айту қажет.  

Білім басқармасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметті көрсету саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады, мониторинг жүргізеді және жеке тұлғаларға осы мәселе бойынша ақпараттық-консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді.

                ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Мемлекеттік қөрсетілетін қызмет реестрін бекіту туралы» №983 қаулысына сәйкес отбасы және балалар, мектепке дейінгі және орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру саласында 32 мемлекеттік қызмет белгіленген болатын. Оның ішінде, 22 қызмет жергілікті атқарушы органдар мен 9 қызмет білім басқармасына қарасты мекемелері, 1-уі білім басқармасы тарапынан көрсетіледі.

 

Толығырақ

 


 

Білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы

2016 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша ақпарат

 

         Қазақстан Республикасының азаматтарына әртүрлі сала бойынша, оның ішінде, отбасында тәрбиелену (қорғаншылық және қамқоршылық, асырап алу, патронаттық тәрбие), білім алу, демалу және бос уақытын пайдалану құқықтарын уақытылы, сапалы, қолжетімді түрде жүзеге асыруға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үлкен мүмкіндік беретіндігін атап айту қажет.  

Білім басқармасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметті көрсету саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады, мониторинг жүргізеді және жеке тұлғаларға осы мәселе бойынша ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді.

                Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың  18 қыркүйегіндегі «Мемлекеттік қөрсетілетін қызмет реестрін бекіту туралы» №983 қаулысына сәйкес 2014 жылы отбасы және балалар, мектепке дейінгі және орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру саласында 32 мемлекеттік қызмет белгіленген болатын. Оның ішінде, 22 қызмет аудандық және қалалық жергілікті атқарушы органдар мен 9-ы білім басқармасына қарасты мекемелері, 1-уі білім басқармасы тарапынан көрсетіледі.

         Жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

  • «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»;
  • «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»;

 

Толығырақ

 


Облыс бойынша 2015 жылы білім саласына қатысты  көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Мемлекеттік қөрсетілетін қызмет реестрін бекіту туралы» №983 қаулысына сәйкес отбасы және балалар, мектепке дейінгі және орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру саласында 29 мемлекеттік қызмет белгіленген. Оның ішінде, 22 қызмет аудандық және қалалық жергілікті атқарушы органдар тарапынан, 7 қызмет білім басқармасына қарасты мекемелермен көрсетіледі.

Олар:

  • «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету»;
  • «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»;
  • «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету»;
  • «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»;
  • «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»;
  • «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру»;
  • «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау».

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2015 жылдың                       13 сәуіріндегі №198 бұйрығына сәйкес:

  1. Алматы облысы әкімінің  2015 жылдың 17 шілдесінде                             №321 қаулысымен бекітілген 26 регламент, облыстық әділет департаментінде 2015 жылдың 14 тамызында №3344 тіркеуден өтті;

2. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылдың 26 тамызындағы                   №381 қаулысымен бекітілген 3 регламент, әділет департаментінде                         2015 жылдың 2 қазанында №3364 тіркелінді;

3. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылдың 17 шілдесіндегі                  №321 қаулысымен бекітілген 26 регламент шілде пен 2015 жылдың                        26 тамызында №381 қаулысымен бекітілген 3 регламент облыстық білім басқармасының (www.almobledu.gov.kz) және Adlet.kz сайттарында орналастырылған. 2015 жылдың тамыз және қазан айларында аталған регламенттер жұмыста қолдану үшін аудандық және қалалық білім бөлімдері, облыстық мекемелерге жолданды.

4. Осы регламенттер  облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы                  2 қарашадағы №619 бұйрығымен «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына өзгерістер енгізілгендігіне сәйкес Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы                       17 шілдедегі «Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 321 қаулысымен бекітілген «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» және «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» регламенттеріне жаңа өзгерістер енгізу мен бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау бойынша» және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын облыстық білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» №632, 2015 жылғы 6 қарашадағы «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» №627 бұйрықтарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері әзірленіп, бекітілуде.

2016 жылдан бастап білім саласы бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан  29 мемлекеттік қызмет көрсетіле бастайды. Яғни,  қосымша                      4 мемлекеттік қызмет қосылады.

2015 жылдың 16 және 23 қаңтар аралығында «Жетім балалар мен                         ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғайтын заңнамаларды қолдану», «Жалпы бірдей міндетті білім беру айлығын ұйымдастыру» тақырыптарында өткізілген облыстық оқыту семинарлары барысында білім саласында мемлекеттік қызмет көрсететін аудандық, қалалық білім бөлімдері, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялары өкілдеріне мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауға алу және тиімді көрсету туралы толық мағлұмат берілді.

Сонымен қатар, білім басқармасы тарапынан білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы 2015 жылдың шілде, қазан айларында «Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ», «Білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы», «Мемлекеттік қызметтер» тақырыбында мақалалар республикалық  ақпараттық-медициналық, облыстық «Жетісу», қалалық «Талдықорған» қоғамдық – саяси газеттерінде жарияланды.

2015 жылы білім саласы бойынша облыс көлемінде жалпы – 67 679 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

2015 жылы  көрсетілген қызмет саны

1

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету» саласында                              (7 ОПМПК)

7 203

2

«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» саласында

22 101

3

«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»

177

4

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету саласында

21 606

5

Облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жатақхана беру саласында (68 колледж/42 жатақхана)

4 204

6

Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың төлнұсқауларын беру саласында

253 (17 қызмет электронды түрде көрсетілді)

7

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау саласында

12 118

 

БАРЛЫҒЫ:

67 679

 

2015 жылдың 2 тоқсанында Халыққа қызмет көрсету орталығы тарапынан көрсетілген мемлекеттік қызметтер ішінде 1 бұзушылық орын алды. Яғни, 2001 жылы Талғар ауданы, Талғар қаласындағы Д.Қонаев атындағы колледжін тәмамдаған Г.Максутов дипломның түп нұсқасын қайта қалпына келтіру үшін Талғар аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығына жазбаша жүгінген болатын. Бұл мемлекеттік қызмет уақытылы көрсетілмегендігіне байланысты, «Д.Қонаев атындағы Университетінің Талғар қаласындағы колледжі» директорының міндетін атқарушы Ж.Бутабаеваға-сөгіс, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Н.Жансултановаға мен оқу бөлімінің әдіскері А.Сейткуловаға қатаң сөгіс жарияланды.      

 


Білім басқармасының жылдық есебі

Қазақстан Республикасының азаматтарына әр түрлі сала бойынша, оның ішінде, кәмелетке толмаған балалардың білім алуына, демалуына және бос уақытын пайдалануына, мүліктік және мемлекеттік көмекке құқықтарын уақытылы, сапалы, қолжетімді түрде жүзеге асыруда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік қөрсетілетін қызмет реестрін бекіту туралы» № 983 қаулысына сәйкес отбасы және балалар, мектепке дейінгі және орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру саласында 22  мемлекеттік қызмет белгіленген. Оның  7 – уі  білім басқармасына қарасты облыстық мекемелері тарапынан көрсетілуде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16 бабын уақытылы орындалмағанына сәйкес Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 28 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес жауапты маманға 2014 жылдың 25 мамырында №44-ж/қ бұйрығымен (Г.Елубаева) ескерту берілді.

Білім басқармасының (www.almaobledu-gov.kz)  сайтында білім беру саласына қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қаулылары орналастырылып, аудандық, қалалық білім бөлімдері мен облыстық мекемелерге өз жұмыстарында қолдануға жолданды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша жұртшылықты ақпараттандыру және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында білім басқармасы тарапынан медиа-жоспар құрылып, ағымдағы жылы:

облыстық қоғамдық-саяси «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінде «Отбасы және балалар саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», облыстық «Жетісу» телеарнасының «Жаңалықтар» бағдарламасында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері туралы сұхбат берілді.

Жұртшылықтың назарына мемлекеттік қызмет көрсету барысында орын алған құқықбұзушылық туралы білім басқармасына тікелей хабарлау қажеттілігі туралы қазан айында облыстық қоғамдық-саяси «Огни Алатау» және «Жетісу»  газетінде жарнамалар жарияланды.

Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен мамандары, мектеп директорлары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, облыстық техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының директорлары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінің, ата-аналар жұртшылығының қатысуымен «Отбасы және балалар саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы», «Жалпы білім беру мекемелерінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну, шалғай елді мекендерде тұратын балаларды үйлерінен мектепке және мектептен үйлеріне дейін тасымалдауды ұсыну мемлекеттік көрсетілген қызмет», «Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты туралы», «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары туралы» оқыту семинарлары, кездесулер және тағы басқа шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде.

Білім басқармасында қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің қолжетімділігі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызмет тақырыбында стенд  орнатылған.

Азаматтарға жоғарыда аталған қызметтер регламенттері туралы анықтамалық – ақпараттық, құқықтық кеңес беру мақсатында білім басқармасында 27-27-31 нөмірлі «Сенім телефоны» өз жұмысын атқаруда.

Ағымдағы жылы білім басқармасы тарапынан 32 мың 810 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.