A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Антикоррупционная политика

Антикоррупционная политика

Президент жолдауы

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Құрметті қазақстандықтар! Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын. Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды. 2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз. Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр. Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысуда. Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей...
Толығырақ... Оқылды: 392 Санат: Елбасы жолдауы Уақыты: 31.01.2017

Елбасынының Жолдауы бойынша Алакөл ауданында атқарылған шаралар туралы ақпараты

Елбасынының Жолдауы бойынша Алакөл ауданында атқарылған шаралар туралы ақпараты Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді тұрғындар арасында насихаттау және оның орындалуын қадағалау мақсатында аудан активінің кеңейтілген отырысында қаралып, партиялық тыңдау, акциялар, кездесулер өткізілді. Жолдаудың мәртебесінің маңызы мен мәнін насихаттау үшін «Жолдауға бүкілхалықтық қолдау» тақырыбында Ақпарат насихат топтарының жұмысы ұйымдастырылып, аудандық 25, облыстық 1 ақпарат насихат топтары ауылдық округтерді аралады. 28 наурыз күні З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын талқылауға арналған аудан жастарымен кездесуі өткізілді. Кездесудің мақсаты: 2015 жылдың 30 қараша күні...
Толығырақ... Оқылды: 227 Санат: Жүзеге асыру барысы иуралы ақпарат Уақыты: 02.09.2016

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» АҚПАРАТ

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы атқарушы органдардың міндеттері туралы» аудандық актив жиынының хаттамасындағы тапсырмалардың жүзеге асырыуы бойынша АҚПАРАТ «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы атқарушы органдардың міндеттері туралы» аудандық актив жиынының хаттамасындағы тапсырмаларды жүзеге асыруда Алакөл ауданында бірқатар жұмыстар атқарылды. Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары алдағы жұмысымыздың бағыт-бағдарын айқындап берді. Биылғы жылдың міндеттерін жүзеге асыруға аудан жұртшылығын жұмылдыра түскен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «...
Толығырақ... Оқылды: 190 Санат: Жүзеге асыру барысы иуралы ақпарат Уақыты: 28.03.2016

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс- шаралар Ж О С П А Р Ы

«БЕКІТЕМІН» Аудан әкімі ___________ Ә.Жақанбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс- шаралар Ж О С П А Р Ы № Іс- шаралар атауы Орындау мерзімі Жауапты орындаушылар 1 Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған актив, кездесулер өткізу Қаңтар С.Меңлібаева М.Сүлейменов 2 Аудан көлемінде қоғамдық пікірді зерттеуге арналған сауалнамалар ұйымдастыру Қаңтар С.Меңлібаева М.Сүлейменов 3 «Нұр Отан» аудандық филиалының Жолдауды жүзеге асыру мақсатында іс- шаралар ұйымдастыру Жеке жоспар бойынша Қ.Көкебаев М.Сүлейменов 4 Қоғам қайраткерл...
Толығырақ... Оқылды: 153 Санат: Жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспар Уақыты: 28.01.2016

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар! Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді. Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық...
Толығырақ... Оқылды: 260 Санат: Елбасы жолдауы Уақыты: 30.11.2015

«Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс- шаралар ЖОСПАРЫ

«БЕКІТЕМІН» Аудан әкімі ___________ Ә.Жақанбаев «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс- шаралар ЖОСПАРЫ № Іс- шаралар атауы Орындау мерзімі Жауапты орындаушылар 1 Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған актив, кездесулер өткізу Қаңтар С.Меңлібаева М.Сүлейменов 2 Аудан көлемінде қоғамдық пікірді зерттеуге арналған сауалнамалар ұйымдастыру Қаңтар С.Меңлібаева М.Сүлейменов 3 «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының Жолдауды жүзеге асыру мақсатында іс- шаралар ұйымдастыру Жеке жоспар бойынша Қ.Көкебаев М.Сүлейменов 4 Қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ мен саяси пар...
Толығырақ... Оқылды: 206 Санат: Жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспар Уақыты: 14.02.2015

Нұрлы жол – болашаққа бастар жол

Нұрлы жол – болашаққа бастар жол Құрметті қазақстандықтар! Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда. Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді. Нәтижесінде не болып жатқанын біз көріп отырмыз: әлемдік нарықтарда баға құлд...
Толығырақ... Оқылды: 229 Санат: Елбасы жолдауы Уақыты: 11.11.2014

Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар! Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады. Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамт...
Толығырақ... Оқылды: 197 Санат: Елбасы жолдауы Уақыты: 17.01.2014

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Мазмұны І. Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы 1. Қуатты да табысты мемлекет 2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі 3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы 4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз 5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат 6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел 7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз 8.Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері 1. Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі 2. Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік 3. Үшінші сын-қатер – жаһандық аз...
Толығырақ... Оқылды: 247 Санат: Елбасы жолдауы Уақыты: 14.12.2012

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 27.01.2012ж.

Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты 2012 жылғы 27 қаңтар Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар! Қазақстан тәуелсіздіктің үшін­ші онжылдығына батыл қадам басты. Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұ­мысына кірісті. Өткен 2011 жылы ел эко­номикасы 7,5 пайызға өсті. Ішкі жалпы өнім жан басына шақ­қанда 11 мың доллардан асты. Бұрын сатылып кеткен ак­тивтердің бірқатар маңызды бө­лігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді «Богатырь», Қарашы­ғанақ, Қашаған кен орындары мен ЕNRC, «Қазақмыс» ком­па­ния­ларының басым активтері мемлекет иелігінде болады. Кезінде мен мынадай жағ­дайларға байланысты сатып жа­тыр­мыз, қазір жекешелендіру керек, уақыты келгенде қайтарамыз деп айтып едім. Міне, енді...
Толығырақ... Оқылды: 189 Санат: Елбасы жолдауы Уақыты: 27.01.2012
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.