A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Байқаулар

«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі келесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

Санат: Байқаулар
Уақыты: 24.01.2017
Оқылды: 356 Печать страницы

«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі келесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде.

Қажетті құжаттардың тізбесі: 1) өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Конкурс өтетін мекен-жайы: Талдықорған қ, Қабанбай батыр көшесі 26, 501 кабинет, тел: 8/7282/329691 almobldo@mail.ru

 

1) Күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (06-1-2). D-O-4

1. Жалақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.

2. Лауазымдық міндеттері:

Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін білім мекемелерінің ғимараттарына қажетті қаржы есебін жасайды. Білім мекемелерінің тоқсандық мемлекеттік сатып алу туралы есебін және негізгі құрал-жабдықтардың ағымдағы қозғалысы туралы есепті жүргізеді. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін білім мекемелерінің ғимараттарына техникалық сараптама жүргізу, жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарын қадағалайды, инвестициялық жобалар жасап, жаңадан салынатын нысандардың тізімін бекітуге ұсынады. Білім мекемелері ғимараттарын күрделі жөндеуге, оларды техникалық бақылауға, мемлекетік экспертизаға, білім мекемелеріне тауар-материалдық құндылықтар сатып алуға арналған келісім-шарттардың нұсқасын жасайды. Күрделі жөндеуге және тауар-материалдық құндылықтар сатып алуға бөлінген қаржының жұмсалуын бақылап, саралайды. Білім мекемелеріне қажетті сұйық отын мөлшерін анықтайды. Инвестициялық жобалар жасауға қатысады. Жаңадан салынатын мектеп ғимараттары мен күрделі жөндеу өткізілетін мектептер туралы мәліметтерді жоғары тұрған ұйымдарға жолдайды. Статистикалық есептерді жүргізеді.

3. Білімі, мамандығы, жұмыс тәжірибесі, кәсіби біліктілігі:

- Жоғары білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс), экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы.

- Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.

- «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

- Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

- мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

- жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;*

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

 

Байқаушы мен сарапшылардың конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатысады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.