A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

09.04.2019
22.11.2018
22.11.2018

Смотреть все видео →

Байқаулар

«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі келесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жалпы конкурс жариялайды

Санат: Байқаулар
Уақыты: 23.01.2018
Оқылды: 388 Печать страницы

«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі келесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жалпы конкурс жариялайды.

Пошталық мекен-жайы: индексі: 040000. Талдықорған қ, Қабанбай батыр көшесі 26, тел/факс: 8/7282/329259, БИН: 020140001936, эл.адрес: almobldo@mail.ru.

1. Күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (06-1-2) D-O-4.

Білімі:

Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс).

Функционалдық міндеттері:

Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін білім мекемелерінің ғимараттарына қажетті қаржы есебін жасайды. Білім мекемелерінің тоқсандық мемлекеттік сатып алу туралы есебін және негізгі құрал-жабдықтардың ағымдағы қозғалысы туралы есепті жүргізеді. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін білім мекемелерінің ғимараттарына техникалық сараптама жүргізу, жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарын қадағалайды, инвестициялық жобалар жасап, жаңадан салынатын нысандардың тізімін бекітуге ұсынады. Білім мекемелері ғимараттарын күрделі жөндеуге, оларды техникалық бақылауға, мемлекетік экспертизаға, білім мекемелеріне тауар-материалдық құндылықтар сатып алуға арналған келісім-шарттардың нұсқасын жасайды. Күрделі жөндеуге және тауар-материалдық құндылықтар сатып алуға бөлінген қаржының жұмсалуын бақылап, саралайды. Білім мекемелеріне қажетті сұйық отын мөлшерін анықтайды. Инвестициялық жобалар жасауға қатысады. Жаңадан салынатын мектеп ғимараттары мен күрделі жөндеу өткізілетін мектептер туралы мәліметтерді жоғары тұрған ұйымдарға жолдайды. Статистикалық есептерді жүргізеді.

2. Орта білім, оқытудың жаңа технологиясы мен инновация бөлімінің бас маманы (02-1-2) D-O-4.

Білімі:

Жоғары: білім.

Функционалдық міндеттері:

Білім беру мекемелерінің оқулықтармен және оқу құралдарымен уақтылы қамтамасыз етілуін бақылайды. Білім беру мекемелеріндегі кітапхана жұмыстарын бақылайды және барлық кітап қорына тексеру жүргізеді.

Жүйелі түрде семинарлар, кеңестер ұйымдастырып отырады. Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мамандарына жетекшілік ететін мәселесі бойынша басшылық жасайды және нормативтік құжаттармен таныстырады. Статистикалық есептерді жүргізеді.

3. Орта білім, оқытудың жаңа технологиясы мен инновация бөлімінің бас маманы (02-1-7) D-O-4.

Білімі:

Жоғары: білім.

Функционалдық міндеттері:

Пән олимпиадасын ұйымдастырады және өткізеді. Дарынды балалармен жұмыс жасайды. Облыстық олимпиадалық резерв дайындау үшін «Дарын» бейінді ауысымды мектебіне жетекшілік жасайды. Облыстық олимпиаданы, ғылыми жобалар жарысын және басқа да шараларды ұйымдастырады, жалпы білім беретін мектептерді аттестациялауға қатысады. «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы мәселесін үйлестіреді. Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мамандарына жетекшілік ететін мәселесі бойынша басшылық жасайды және нормативтік құжаттармен таныстырады. Статистикалық есептерді жүргізеді.

4. Білім басқармасының жетекші маманы (01-1-6) D-O-5 (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек демалысы кезеңіне).

Білімі:

Жоғары: білім.

Функционалдық міндеттері:

Іс жүргізу, құжаттар айналымын қадағалау. Іс жүргізуді және мамандар бойынша материалдарды мұрағатқа өткізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша № 1-ОЛ статистикалық есебін жүргізу.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жалақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы

Санаты:

мin (теңге)

мax (теңге)

1

D-O-4

83282

112431

2

D-O-5

74954

101604

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей біліктілік талаптары белгіленеді:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;*

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Кәсіби біліктілігі:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.