A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

17.07.2019
09.04.2019
22.11.2018

Смотреть все видео →

Байқаулар

Хабарландыру (конкурс)

Санат: Байқаулар
Уақыты: 13.07.2018
Оқылды: 395 Печать страницы

Хабарландыру

КОНКУРС

«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын мектеп-интернат директорларының бос лауазымына конкурс жариялайды:

1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қаскелең қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қ., Д. Қонаев көшесі №17 үй.

2. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданының «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Мекен-жайы: Алматы облысы; Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі №9 үй.

Орта білім беру ұйымының басшыларының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптар Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңесірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалрына сәйкес айқындалады.

Білім беру ұйымының басшысының лауазымдық міндеттері білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бекітіледі.

Лауазымдық жалақы мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 Қаулысына сәйкес белгіленеді.

Хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өтінім беруге болады.

Пошталық мекен-жайы: индексі: 040000 Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі №26, 5 қабат, №511 кабинетке өткізуге болады.

Бос лауазымға орналасу үшін конкурсқа қатысушылар төмендегі құжаттарды ұсынады:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім туралы құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынға жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086/У нысанындағы медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);

9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есебі бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

10) Мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариалды немесе жұмыс орнының кадр қызметімен куәландырылады.

Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін.

Конкурсқа қатысушы кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Мемлекеттік орта білім беру мектеп басшыларының лауазымына кандидаттардың конкурсқа қатысуы үшін талап етіледі:

1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі;

2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда);

4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.

 

Қосымша ақпараттар бойынша байланыс құралдары: (872-82) 40-02-14, немесе almobl.do@ maiI.ru электронды поштасы.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.